16
Дамытушылық мақсаттары: оқушылардың дүниетанымын, логикалық
және эвристикалық ойлауын, алгоритмдік ойлауын дамыту, кеңістіктік ойлауды
қалыптастыру.
Оқытудың мақсаттары олардың бағдарына байланысты әртүрлі
қалыптасуы мүмкін. Мысалы мұғалімнің іс-әрекеті, оқушылардың оқу іс-
әрекеті арқылы оқытудың мақсатын анықтауға болады.
Оқытудың ақпараттық-дамыту әдістері екі санатқа бөлінеді:
а) ақпаратты дайын түрінде беру (лекция, түсіндіру,
тағылымдық
кинофильмдер мен бейнефильмдерді көрсету, магнитжазбаларды тыңдау, т.б.);
б) білімді өз бетінде жинап үйрену (кітаппен, тағылымдық
бағдарламалармен өз бетінше жұмыс жасау, ақпараттық дерек қорларымен өз
бетінше жұмыс жасау – ақпараттық технологияларды пайдалану).
Мәселелік - іздестіру әдістеріне жатады:
- оқу материалын мәселелік мазмұндау (эвристикалық әңгіме-дүкен),
тағылымдық пікірталас;
- зертханалық ізденістік жұмыс (материалды зерттемес бұрын);
-шағын топтармен жұмыс барысында
ұжымдық ойлау әрекетін
ұйымдастыру (ҰОӘ);
- ұйымдық-әрекеттік ойын,
- зерттеу жұмысы.
Репродуктивті әдістер: оқу материалының мазмұнын айту, жаттығуларды
үлгі бойынша орындау, нұсқаулық бойынша зертханалық жұмыс,
тренажерларда жұмыс.
Шығармашылық - репродуктивті әдістер: шығарма, вариативті
жаттығулар, өндірістік ахуалдарды талдау, іскерлік
ойындар және кәсіби іс-
әрекет имитациясының өзге де түрлері.
Оқытудың әдістері ең алдымен, дайын білімдерді емес, жаңа білімдерді өз
бетінше меңгеруге, яғни танымдық іс-әрекетке оқытуға бағытталған оқытудың
заманауи әдістерімен ұдайы толықтырылып отырады.
Оқыту процесінде оқытудың ұйымдастырудың формалары немесе
оқытудың түрлері маңызды рөл атқарады. Олардың қатарына педагогикалық
процесті ұйымдастырудың табанды тәсілдері жатады.
Оқытудың
формалары
-
оқушылардың,
мұғалімдердің
білім
алушылардың білімдерді, икемдер
мен дағдыларды меңгеруіне, оқыту
процесінде оларды тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған оқу сабақтарының
түрлері, оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері.
Мектепте оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі
формасы сабақ болып табылады
Сабақ – оқу-тәрбиелеу процесінің логикалық тұрғыда аяқталған, тұтастай,
уақыттың белгілі-бір
аясымен шектелген бөлігі, бұл жерде осы процестің
барлық негізгі элменттері көрсетілген (ұйымдастырудың мақсаттары мен
мұзмұны, құралдары, әдістері мен формалары).
Сабақ – оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекетін белгілібір уақыт бөлігінде
ұйымдастырудың формасы.
17
Сабақ – оқушылардың сыныбымен ұзақтығы 40-45 минут сабақ
өтуМұндай сабақтардың санын мектептің оқу жоспары анықтайды, ал олардың
мазмұнын – мемлекеттік стандарт пен мектеп бағдарламалары анықтайды.
Сабақтың негізгі төрт түрін бөліп қарастырады:
- жаңа материалдармен танысу жөніндегі сабақ;
- оқыған материалды бекіту бойынша сабақ;
- білімдерді, икемдерді және дағдаларды тексеру сабағы;
- зерделенген материалды жүйелеу және жылпылау жөніндегі сабақ.
Оқытудың практикасында лекция – сабақтардың дербес түрлері,
оқушылардың өзіндік жұмысының сабағыы білімдерді қоғамдық қарау сабағы
туралы жиі айтады [10].
Осы сабақтарды олардың негізгі дидакикалық
мақсаты тұрғысынан
қараған кезде, олардың барлығы жоғарыда айтылған төрт негізгі түрлердің бір
түрі ғана болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: