«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің 2014 жылғы 11 қарашадағы


I. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙҒА ТАЛДАУ



бет3/24
Дата02.01.2022
өлшемі0.97 Mb.
#452634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
эльмира (1)

I. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙҒА ТАЛДАУ

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері сыбайлас жемқорлықпен күрес республикамыздың мемлекеттік саясатының басты басымдығының бірі болып келеді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғаш «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 жыл) және «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 жыл) заңдарды қабылдап, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган құрды. Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді, бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде. 

«Нұр Отан» партиясы өзінің құрылған кезінен бастап қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген жиреніш сезімін табанды түрде қалыптастыра отырып, онымен мақсатты күрес жүргізіп келеді. Партияның Сайлауалды тұғырнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимылға арнаулы бөлім бар. 

«Нұр Отан» 2008 жылы қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі партиялық бағдарламаны белсенді жүзеге асыруда. Бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық инфрақұрылымын құрудың, тұлғаларды лауазымына қарамастан жауапқа тартудың, жемқорлыққа қатысты түйткілді мәселелерді ашық талқылаудың негізгі міндеттері өз шешімін тапты. 

Жемқорлыққа қарсы іс–қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес аясында оның өңірлердегі филиалдарының арқасында барлық деңгейдегі депутаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың қатысуымен жемқорлық дерті дендеген салалардың қоғамдық бақылаумен қамтылу өрісі айтарлықтай кеңейе түсті. 

Азаматтардың сеніміне ие болған Қоғамдық қабылдаулар кері байланыстың тиімді жолына және тұрғындардың құқықтарын қорғаудың пәрменді құралына айналды. 

Партия тапсырысымен жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар бойынша жағымды өзгеріс байқалады. Мысалы, соңғы 4 жылда сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігіне оң баға беретін қазақстандықтардың саны екі есеге жуық өсті (2011 жылы – 24%, 2014 – 45%).

Алайда қабылданған шараларға қарамастан елдегі жемқорлық деңгейінің жоғарылығы күрделі мәселе күйінде қалып отыр. 2014-2015 жылдарға арналған Бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық Индексінің мәліметіне сәйкес Қазақстанда бизнес жүргізудегі бірінші кезектегі проблема сыбайлас жемқорлық болып табылады (16,7 балл), бейресми төлемдер мен парақорлықтың жайылғандығы жағынан да ахуал нашарлады (2014 жылы – 144 елдің ішінде 80-орында, 2013 жылы – 65-орында). Transparensy International көрсеткіші бойынша сыбайлас жемқорлықты түйсіну жағынан Қазақстан 2013 жылы 177 елдің арасынан 140-орын алды (2012 жылы – 133).

Әлеуметтік сауалнамалардың дерегіне сүйенсек, сұралғандардың   42%-ы сыбайлас жемқорлық кеңінен тараған деп есептейді, ал 33%-ы онымен тікелей ұшырасқан. Сауал салынғандардың үштен бірі үшін лауазымды тұлғаның сондай жағдай туғызуы пара берудегі негізгі себеп болған. 

«Қазақстан–2050» Стратегиясындағы ауқымды міндеттерді және Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу мақсатын жүзеге асыру жағдайында елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігінің сапасын арттыру қажет. 

Осыған орай, мемлекеттің ғана емес, қоғамның тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимылға байланысты жүйелі және ұзақ мерзімге арналған шаралар қажет. Бұл мақсатты іске асыру үшін партияның 2015-2025 жылдарға арналған Бағдарламасы әзірленді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет