Сондықтан да партия мыналарды қамтамасыз ету қажет деп санайды:
– Парламент және мәслихаттар депутаттарының – партия мүшелерінің мүмкіндіктерін пайдаланып, сонымен қатар бұл жұмысқа азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшыларды тарта отырып, бюджеттің және квазимемлекеттік сектордың әр теңгесінің жұмсалуының айқын болуы;
– мемлекеттік органдардың жыл сайынғы стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде жоспарланған көрсеткішіне қол жеткізуі жөніндегі есебінің жариялануы;
– жемқорлық құқық бұзушылықтарға қоғам назарын аударту, сыбайлас жемқорлықтың нақты деректерін әшкерелеу бойынша, ең алдымен, партияның өз медиа-ресурстарын пайдалана отырып, белсенді түрде журналистік зерттеулер жүргізу;
– мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне тұрақты түрде мониторингті жүзеге асыру;
– Парламент Мәжілісіндегі Фракция арқылы келесі бағыттағы заңдарды қабылдау:
қоғамдық бақылау үдерістерін реттеу, азаматтардың оны жүзеге асыруына кепілдік беру. Заң мемлекеттік органдарға тәуелсіз бақылау жасаудың осы заманғы және тиімді құралдарын енгізеді, сондай-ақ азаматтарды аталған субъектілердің шешім қабылдау және жүзеге асыру үдерісіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді;
азаматтардың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ақпаратына, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің және реттеуші нарықтағы басымдықтарға, оның ішінде тарифті қалыптастыру мен инвестициялық бағдарламаларды орындау қызметтеріне қолжетімділігі;
мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің міндетті декларация тапсыруын және кірісі мен шығысы туралы ақпараттың еркін қолжетімді орналастырылуын енгізу. Мұндай ашықтықтыққа бірінші кезекте партия мүшелері үлгі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |