Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет122/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   223
Китап касипкерлик

3. Мүдделері туралы
Ізденушіден ол немен айналысқысы келетінін сұраңыз және жауапты мұқият тыңдаңыз. Егер ол өзінің қолынан келетін және әрі қарай дамытқысы келетін істі істегісі келсе, онда ол белгіліге бейім.Ал егер, керісінше, адам жаңа жобаларда, жаңа қызметте өзін сынап көргісі келсе немесе мамандықты ауыстырғысы келсе, бұл оның белгісізбен бетпе-бет кездесуге дайындығын білдіреді.
4. Диалогты талдау
Диалог барысында адам жаңа нәрсеге қаншалықты ашық болғанына көңіл аударыңыз: Сұрақты бірден тұжырымдады ма, ойлап таба білді ме, жаңа ойлар айтты ма, әлде «бәрі оның жоспары бойынша өтті ме»?Егер әңгіме барысында адамнан жаңа еш нәрсе шықпаса, ең алдымен, бұл оның белгіліге бейімділігін білдіреді. Егер бірінші минуттан бастап әңгіме күтпеген, жаңа арнаға шығып, бір тақырыптан екіншісіне көшкен болса, онда адамға белгісіз аймақ жайлы болуы мүмкін.Кәсіпкерлер компания ішінде адамдарды бақытты немесе бақытсыз ететін мәдениет жасайды. Компанияда әрбір адам өзінің релеванттық орнында болуы және өзінің бірегей міндетін шешуге тиіс. Дәл осы жоба командасын уәжді және табысты етеді.


7-БӨЛІМ. СТАРТАПТЫҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


7.1 Басым істерді анықтау


Басым істер тізімін анықтау
Осы кезеңге дейін сіз бизнес-модельдермен, маркетингпен, кәсіпкерліктің сату стратегиясымен және негізгі ресурстарымен таныстыңыз. Алайда бұрынғыша: «Иә, бизнес – бұл қызықты, болашағы бар, мен идеяны қалай ойластыратынын, қаражатты қалай табатынын, менде қандай ресурстар бар екенін түсінемін»... деген сұрақтар көкейімізде әлі тұр. Десе де: өзіңізге «маған кәсіпкер болу үшін нақты не істеу қажет?» деген сұрақ қойыңыз.
Бұған сіз істеуге тиісті істердің қарапайым тізімі көмектеседі. Қарапайым тізімді құру күнделікті операциялық қызметті бақылаудың қарапайым ғана тәсілі болып табылады. Адамдар өзінің жадына аса тым сенбеген кезде, көбінесе, әр түрлі тізімдер жасайды, мысалы, сатып алушылар тізімі немесе қажетті істер тізімі. Өзінің ойлау мүмкіндіктерін барынша күшейту үшін олардың көмегімен сіз өз ойыңызды ұйымдастыра аласыз.
Мұндай істер тізімінің шаблоны төмендегідей болады:

Іс-әрекет

Жауапты тұлға

Маңыздылық
(немесе маңызды емес)

Мерзімі
(немесе мерзімсіз)

Жай-күйі
(«Істеукерек», «үдерісте» немесе «істелді»)

Басталуы

Аяқталуы

Ескерту

1-мақсат












1-іс-әрекет

Есімі



















2-іс-әрекет

Есімі



















3-іс-әрекет

Есімі



















2-мақсат






















4-іс-әрекет

Есімі



















5-іс-әрекет

Есімі



















6-іс-әрекет

Есімі



















Кез келген стартаптағы істің тізімін үлгі ретінде қарайық.
1-мақсат: нарықты талдау:
1. Нарықты зерттеу (сіз жұмыс істейтін нарықты).
2. Қазақстан бойынша ұсыныстарды зерттеу.
3. Қала (сіз тұратын) бойынша ұсыныстарды зерттеу.
4. Әлеуетті бәекелестердің бағасын зерттеу.
5. Нарық сұранысын зерттеу.
6. Шетел тәжірибесін зерттеу.
7. Табысты үлгілерді зерттеу.
8. Бизнес үшін қажетті іс-әрекеттерді атау.
2-мақсат: шығындар мен капитал:
9. Кәсіпті бастауға кететін шығындарды зерттеу.
10. Қажетті шығын материалдарын зерттеу.
11. Инвестиция тарту үшін бизнес-идеялар әлеуетін зерттеу.
12. Әлеуетті инвесторларды табу.
13. Капиталды арттыру үшін басқа да арналарды зерттеу.
14. Шығын құрылымын зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет