Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет214/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   223
Китап касипкерлик

Шығынсыздық нүктесі – компанияға табысты табу үшін қажетті сатылым көлемі.
Шығыстар – экономикалық табыстың есепті кезеңдегі активтердің кетуі немесе азаюы түріндегі төмендеуі немесе капиталдың төмендеуіне әкелетін міндеттемелердің пайда болуы, бұл капиталға қатысатын тұлғаларға бөлумен байланысты капиталдың азаюына әкеледі.
Экономика – материалдық өндіріс және өндірістік емес саланы қамтитын халық шаруашылығы; өнеркәсіп секторларын, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және елдің немесе оның жекелеген өңірлерінің шаруашылық салаларын, сондай-ақ өндіріс элементтері мен сауда жағдайларын зерттеумен айналысатын ғылыми пән.
Экспорт − 1. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан осы аумақтан тыс тұрақты тұру немесе тұтыну мақсатында өнімді әкету, шетелдіктерге қару-жарақ пен әскери техникамен, қосарлы мақсаттағы өніммен байланысты зияткерлік қызмет нәтижелеріне қызметтер мен құқықтарды ұсыну. 2. Тауарларды, технологиялар мен қызметтерді сыртқы нарықта сату үшін шетелге шығару және сату.
Электрондық салық төлеуші–Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсіл арқылы өзара байланыс жасайтын салық төлеуші.
Юнит-экономика – бір пайдаланушыға келетін кірістер мен шығыстарды есептеу.
2ГИС – қаланың электрондық карта қызметі.
ATL (Abovethe Line «жолдан жоғары») – бұл жарнаманы таратудың негізгі құралдарын қамтитын тікелей жарнамаларды орналастыратын іс-шаралар.
B2B «Бизнеске арналған бизнес» (Business to Business) – бұл өнімді немесе қызметтерді өндіруші мен сатушы оларды негізгі тұтынушыға емес, басқа бизнеске сататын бизнес түрі.
B2C «Тұтынушыға арналған бизнес» (Business to Consumer) – өндіруші немесе сатушы өз өнімдерін сату үшін тұтынушымен тікелей байланысқа түсетін кәсіпкерлік түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет