Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет210/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   223
Китап касипкерлик

Сату сүзгісі (айналымы) – клиенттермен алғашқы байланыстан бастап тауарды сатуға дейінгі өзара байланыс кезеңдеріне сәйкес бөлінетін қағида.
Сатушы − сату-сатып алу шарты бойынша тауар сататын кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат.
Сауда белгілері – тауарлардың ауызша немесе графикалық белгілері. Бұл – өнім брендтері, логотиптер, ұрандар.
Сауда құпиялары – өндіріс құпиялары, құнды ұсыныстар, ерекше технологиялар, байланыстар, ингредиенттер; формулалар және т.б.
Сауда қызметі − жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сату-сатып алуға бағытталған кәсіпкерлік қызметі.
Сенімхат – бір тұлғаның (сенім білдірушінің) атынан басқа тұлғаға (сенім білдіретін) өкілеттік беру үшін жазылатын жазбаша рұқсат.
Серіктестік – ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірнеше компанияның, компаниялар мен мамандардың немесе компаниялар мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы. С. кәсіпорынды ұйымдастырудың маңызды заңды нысандарының бірі. С. пайшылардың (серіктестің) құқықтары мен міндеттері, жалпы шығындарды өтеу және табысты бөлу тәртібі. С. қызметінің мерзімдері, оны тарату талаптары реттелетін шарт негізінде жасалады.
Сілтемелік масса – бөгде ресурстарда орналастырылған және сіздің сайтыңызға апаратын барлық белсенді сыртқы сілтемелердің жиынтығы.
СПИН-сату SPIN (Situation, Problem, Implication, Need-Pay off Questions) – клиенттердің қажеттіліктерін анықтауға және күшейтуге, олардың таңдау өлшемдеріне әсер етуге, мәміленің соңғы кезеңдерінде клиенттердің күмәндары мен қарсылықтарын жеңуге мүмкіндік беретін сатудың әмбебап техникасы. СПИН әдісі жағдаяттық, мәселелік, алушы және бағыттаушы мәселелерді сатып алу және пайдалану үдерісінде адамдардың өзін қалай ұстайтынын түсінуге негізделген.
Стипендия − 1. Студентке тамақтану, пәтерде немесе жатақханада тұру және оқу әдебиеттерін сатып алу шығындарын ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы. 2. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға төлеуге тағайындалған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне және басқа да жеке тұлғаларға төлеуге тағайындалған ақша сомасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет