Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет119/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   223
Китап касипкерлик

3) Бағдарламалау.
Бұл қызметкерлерді іріктеу, оқыту және дамыту үшін жұмыста қолданылатын әдістемелік материалдар. Осы атқарымдарға жеке персоналды есепке алу жөніндегі бағдарламалар жатады, олардың көмегімен әрбір қызметкер туралы мәліметтер (досье) және әрбір жұмыс орны туралы деректер қалыптастырылады.
4) Бақылау.
Бақылау жүйесі қызметкерлердің орындаушылық тәртібін, олардың бастамашылдығын, жұмыс сапасына әсер ететін белгілі бір іскерлік қасиеттерді анықтайтын көрсеткіштерге ғана негізделуге тиіс. Қызметкерлерді басқару тиімді болу үшін басшыларда қызметкерлермен кері байланыс болуға тиіс. Мәні басшылыққа өндірістегі барлық жағдай туралы, әсіресе, жұмыс мәселелері туындаған жағдайда, шынайы және объективті ақпарат алу қажет екендігінде болып тұр.
Міндеттің қиындығы, егер тиісті мәселелердің пайда болу себептері қызметкердің қызмет саласы мен өкілеттіктеріне ешқандай қатысы болмаса да, басшылықтың сынынан аулақ болу үшін, кейде қарамағындағылардың өздері теріс ақпаратты жасырғысы келетіндігінде.Мұндай ұстанымнан аулақ болу керек, өйткені ақпараттың маңызды бөлігінен өзін өзі айыру ең соңында барабар емес шешімдерге, яғни жаңа, неғұрлым маңызды мәселелерге әкеп соғады.
Сондай-ақ басшының әрбір қоластындағы адамға қатысты басты қағидасы барлық қоластындағыларғабірдей қарау және қызметкерлерді объективті бағалау қағидасы болуға тиіс. Әсіресе, құнды мамандар болып табылатын талантты және бірақ әрдайым ұйымның қолданыстағы ережелеріне бағынғысы келмейтін жоғары кәсіби қызметкерлермен сақ болу керек. Мұндай қызметкерлерді басқа қызметкерлерден мүлдем өзгеше, бірақ басқа қарамағындағылардың басшылықта «сүйікті қызметкерлері немесе әріптестерінің бірінде тым «артықшылық» мәртебесі бар деген әсер тудырмайтындай етіп уәждеу керек.
Қызметкерлерді ынталандыру
Шын мәнінде, бизнестегі маңызды нәтижелер күшті ұйымшыл команданың негізінде ғана мүмкін болады. Бір-бірінің құзыретін толықтыратын адамдарсыз компания табысты бола алмайды. Илон Маск өзінің алғашқы зымыранын алғашқы сәтті іске қосқанға дейін 6 жыл бойы жұмыс істеген 500 адамның күшіменсалды.Компанияның даму жылдамдығы мен динамикасы басшының командаларды,тіпті 3 адамнан тұратын команданы қаншалықты дұрыс құруына дабайланысты. Сұрақ туындайды: «Өзара толықтыратын, күшті және топтасқан команданы қалай дұрыс құру керек?»
Қызметкердің үздік жұмыс істеуінің басты факторы – адамдарды оларға лайықты лауазымдармен «түйістіру» қабілеті. Әр адамның белгілі және белгісіз аймағы бар. Белгілі аймақ - бұл адам үшін түсінікті және күтілетін міндеттер аймағы. Оның шешім шығару бойынша тәжірибесі болды. Бұл ол бұрын кездескен нәрсе. Әңгіме міндеттердің қиындығы туралы емес, адамға қалай шешілетіндігінің белгілі болуы туралыМысалы, бухгалтер үшін белгілі аймақ – өндіріс шығындарын есепке алу, өнім өндірушілермен және Тапсырыс берушілермен есеп айырысу. Курьер үшін– А нүктесінен Б нүктесіне жеткізу. Белгісіз аймақ – белгісіздік басталатын аймақ. Бұл барлық жаңа, адам бұрын тап болған нәрсе: міндеттер, жауапкершілік, жобалар, рөлдер. Адамның белгісіз аймақта тәжірибесі жоқ, ол осы саладағы міндеттерді қалай шешуге болатынын білмейді. Мысалы, дизайнер үшін салық есептілігін тапсыру – белгісіз аймақ. Программист үшін – жаңа офиске орын іздеу. Орташа чегі 50 мың теңге өнімді сатқан сатушы үшін – миллионға келісімшарт жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет