Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет118/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   223
Китап касипкерлик

2-тапсырма
Жазыңыз, 1) сіздің жобаңыз үшін қандай мамандар қажет, 2) олар қандай талаптарға сәйкес келу керек, 3) сіз қанша төлеуге дайынсыз, 4) кеңседе немесе алыстан жұмыс істеу керек пе, 5) оларға жұмыс істеу үшін не қажет, мысалы, компьютер, принтер, машина, телефон, күрек, 5) ұйымдық құрылымды сипаттаңыз – олардың қайсысы кімге бағынады.

Мамандар

Оларға қойылатын талаптар

Жалақы

Кеңсе немесе қашықтан істейтін жұмыс

оларға жұмыс істеу үшін не қажет


















Ұйымдастыру құрылымы:





Адам ресурстарын басқару
Адам ресурстарын басқару (Human Resources HR) – қызметкерлерді басқару тәсілі, онда қызметкерлер ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін ынталандыру және дамыту қажет адами әлеует сияқты бәсекелестік күресте компанияның игілігі ретінде қарастырылады.
Персоналды басқару бірнеше кезеңнен тұрады:
1) Жоспарлау.
- Персоналға қажеттілікті, қажетті кәсіптердің құрамын, персоналдың біліктілік деңгейін жоспарлау және болжау.
- Кандидаттарды іріктеу талаптары мен өлшемшарттарын қалыптастыру.
- Қызметкерлерді оқыту жоспарын әзірлеу.
- Персоналды басқарудың нормативтік құжаттарын қалыптастыру (штаттық кесте, Ұйымның бөлімдері туралы ережелер, Лауазымдық нұсқаулықтар, жұмыс орындарының сипаттамасы).
- Қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорларын жоспарлау.
2) Мақсат қою.
Ұйым қызметінің мақсаттарына қарай тұтастай алғанда персоналды басқару мақсаттары қалыптастырылады:
- ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- нарықтағы фирманың үлесін арттыру;
- ішкі және сыртқы шығындарды төмендету;
- ұйымның әлсіз жақтары мен тар жерлерін жою немесе қысқарту;
- еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық климат құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет