4-тапсырма
Қане, бәріміз бірге ағынды күйге кіріп көрейік. Ол үшін бәріңіз орындарыңыздан тұрыңыздар.Ары-бері қозғалыңыз, қолдарыңызды сермеңіз, отырып-тұрыңыз, бірнеше рет кеудені қолмен жерден көтеріп көріңіз, керіліп-созылыңыз. Сіз партаға отырған кезде пайда болған денеге түскен күшті босаңсыту керек. Енді қайтадан өз орындарыңызға отырыңыз. Өзіңізге қолайлы қалыпта ыңғайланып отырыңыз.Арқаңызды түзу ұстаңыз, иық, қол және беттің бұлшық еттерін босаңсытыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Бір минут бойы еш нәрсе ойламауға тырысыңыз. Өзіңізге ойдан демалуға мүмкіндік беріңіз. Бүгін болатын сабақтар, алдағы түскі ас, оқудан кейінгі істеріңіз, достарыңыз, үй шаруасын, бәрін ойыңыздан шығарып тастаңыз. Терең дем алып, бірнеше рет дем шығарыңыз. Еш нәрсе ойламаған кезде ішіңізде пайда болатын жеңілдік пен тыныштықты сезініңіз.Егер ойлар пайда болса, оларды ойламаңыз –олар өтіп кетеді.Енді бір нақты міндетке назар аударыңыз – сізге әр түрлікәсіпкерлік-міндеттерді шешетін стартап командасын жинау қажет. Сізге курс бойы бірге жұмыс істеу қажет –бірегей шешімдер табу, қауырт жұмыстарды орындау, жаңа идеяларды ұжымдық талқылау және т.б.Сіздің курстастарыңыздың қайсысы сізбен бірге табысты болатын команда құра алады? Сіз бұрын таңдаған кәсіпкерлер өз командаларына бір продюсер, әкімші және интегратордан таңдап алсын.
2-БӨЛІМ. БИЗНЕС-ИДЕЯ МЕН СТАРТАПТЫ ТАҢДАУ
2.1 Нарық және аймақ трендтері
«Икигай» түсінігі
Сіздер кәсіпкерлердің басқа адамдардан айырмашылығы қандай екенін және кәсіпкерліктің не екенін білесіздер. Өткен сабақта сіздер командаға бөліндіңіздер, енді сіз өз өміріңіздегі бірінші бизнес-жобаға кірісуге дайынсыз. Кез келген кәсіпкерлік бизнес-идеядан басталады. Бүгін біз дәл осы бизнес-идея туралы әңгімелесетін боламыз. Бірақ алдымен біз «икигай» деген ұғымды талқылаймыз.
Икигай – өзіңнің күнделікті істеріңе қанағаттану және риза болу.Бұл өнерді кез келген адам үйрене алады деп санайды «Шағын икигай кітабының» авторы, нейробиолог және жазушы Кен Моги. Жапонның «икигай» деген сөзі сөзі «өмірдің мәні» деп аударылады.Ол екі сөзден тұрады –«ики» (тірі) және «гай» (себеп) – бұл әр адамның күнде ояна сала ұмтылатын ісі. Сізде бар көңіліңіз бен күш-қуатыңызды талап ететін өз бизнесіңіз бар деп елестетіп көріңіз. Бұл сізге көп уақытыңызды жұмсауға тура келетін іс. Егер сіз одан ләззат алмасаңыз, сіздің бизнес-жобаңыз сіз үшін бейнет пен әурешілік көзі болады.Сол себепті өз ісіңізге құмартуыңыз – өте маңызды, сіз өзіңізбен айналысудан күнде ләззат алуыңыз, онымен айналысқан сайын дамып, өсіп-өркендеп, өз ісіңіздің шебері болуыңыз үшін стимул болуы қажет.
Икигай өміріңізге мақсат береді және оған қол жеткізуге күш береді.Солтүстік Жапонияның Сендай қаласындағы Тохоку университетінің медицина факультетінің зерттеу нәтижелері бойынша икигай алған адамдар ұзақ өмір сүреді, олардың денсаулығы мықты және олар кәсіби және жеке өмірінде үлкен жетістіктерге жетті. Оған қарапайым түсініктеме беруге болады: өмірінің мәнін тапқан және өзінің сүйікті ісімен айналысып жүрген адамдар өз денсаулығына ұқыпты қарайды, зиянды әдеттерден арылады, көтеріңкі көңіл-күйде жүреді әрі сирек қамығады.Сондықтан ұзақ және мағыналы өмір сүргісі келетін әрбір адам үшін өзіне ұнайтын істі таба білумаңызды.
Сіздің өміріңізде икигай пайда болуы үшін, бес қарапайым ережені орындау керек:
Достарыңызбен бөлісу: |