TC = VC + FC
Біз жалпы шығындар (TC) өндірілген өнімнің санына байланысты екенін айттық. Түсім (Total Revenue) сатуға байланысты – өнім көп болған сайын, табыс соғұрлым жоғары.
Шығындар нөлге тең бола алмайды, себебі өндірістің нөлдік көлемі кезінде де компанияда тұрақты шығындар бар. Сату болмаған жағдайда табыс нөлдік болуы мүмкін. Сондықтан өндіріс көлемі аз болған жағдайда, компанияда шығынға бату тәуекелі де өте үлкен. Төмендегі кестеге қарайық:
Түсім = Total Revenue, Шығындар = Total Costs, Өндіріс = Total Product, Сату = Quantity
Табысқа компания өндірістің белгілі бір көлемінен бастап қана шығады. Және бұл сәт «залалсыздық нүктесі» деп аталады. Біздің кестемізде бұл тікелей TR және TC қиылысуы.
Осылайша, залалсыздық нүктесі – бұл компанияға плюске шығу үшін қажетті сату көлемі.
1-тапсырма
Тізімді жасап, өз стартапыңыздың тұрақты және ауыспалы шығындарын есептеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |