1.02
|
2.02
|
5.02
|
15.02
|
17.02
|
21.02
|
25.02
|
Бастапқы сома
|
750000
|
|
|
|
|
|
|
1 операция
|
|
165000
|
|
|
|
|
|
2 операция
|
|
|
-175000
|
|
|
|
|
3 операция
|
|
|
|
-400000
|
|
|
|
4 операция
|
|
|
|
|
-400000
|
|
|
5 операция
|
|
|
|
|
|
385000
|
|
6 операция
|
|
|
|
|
|
|
450000
|
әрбір операциялық күнге ақшалай қаражаттың қалдығы
|
750000
|
915000
|
740000
|
340000
|
-60000
|
325000
|
775000
|
8.2ҚАРЖЫЛЫҚ МОДЕЛЬ-1
Қаржылық модель
Кез келген компания үшін бизнестегі ағымдағы жағдайды анықтауға көмектесетін құралдар қажет. Компания өз қызметінің кез келген сәтінде келесіні түсінуі тиіс:
ол қандай активтерге ие;
қандайтабысы бар;
қандай қаражат ағынын түрдендіреді.
Қаржылық модель–бұл компания қызметінің ағымдағы және болашақтағы нәтижелерін қаражат түрінде ұсыну. Қаржылық модель келесіге көмектеседі: қаржылық көрсеткіштерді қадағалау (қаражат ағыны, табыс, түсім); кәсіпкерліктің дамуы туралы болжам жасау; бизнестегі кез келген өзгерістерге тез іс-әрекет ету; кәсіпкерлікті дамытудың жаңа сценарийлерін есептеу; жалпы кәсіпкерлікті жүргізуді құрылымдау.
Компания қызметінің нәтижелерін анықтау үшін екі әдісті қолданады: есептеу әдісі және кассалық әдіс. Бірақ табысқаражат ағынымен сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан бірінші әдіс ірі компаниялар үшін, ал екіншісі шағын компаниялар үшін қолайлы. Біз соны қарастырамыз.
Қаржылық модель құру үшін күрделі бағдарламалар қажет емес. Microsoft Excel кестелік редакторын қолдана білу жеткілікті.Алдымен Сіз айлар бойынша барлық түсімдер мен қаражат шығындарын анықтау қажет болады. Бағдарлануды жеңілдету үшін сіз шығындар мен кірістерді мақалалар бойынша, яғни шығындар мен кірістердің мағыналарына ұқсас топтарға бөле алсыз.Мысалы, егер сіз бір апта ішінде пицца, шоколад және сусын сатып алсаңыз, үш бөлек тармақты көрсетудің мағынасы жоқ – сіз оларды бір «Тамақ»шығын бабына біріктіре аласыз.
Мұндай баптарға «Жарнама», «Жылжыту», «Үй-жайды жалға алу», «Хостинг (егер сізде сайт болса), «Интернет», «Қызметкерлерге жалақы беру», «Тауарды сату» және т.б. жатуы мүмкін.Жеке блок ретінде сатудан келмейтін қаржыландыруды көрсете аласыз – «Инвестициялар», «Несиелер», «Құрылтайшылардың қаражаты».
Мысалы, сізде сурет салу стартап курстары бар. Бастапқы кезеңде оның қаржылық моделі қалай көрінеді, соны қарастырайық:
1) Сізге ата-аналар бастау үшін 10 000 теңге берді делік. Алдымен сіз үйде сабақ өткізе бастадыңыз. Қаңтар айында аптасына 2 рет сабақ үшін 2000 теңгеден төлейтін 1 білім алушыңыз болды. Қаңтар айында сізсурет салуға арналған бояулар мен қағазды сатып алып, мольбертті жалға алдыңыз;
2) ақпан айында 2 білім алушы болды. Сізге материалдарды сатып алудың қажеті жоқ еді, бірақ екі мольбертті жалға алуға тура келді;
3) наурыз айында Сіз өз сабақтарыңызды жарнамалау үшін Instagram-да парақша ашуды шештіңіз және жарнама үшін 10 000 теңге төледіңіз. Нәтижесінде наурыз айында сізде 5 білім алушы болды. Сізге қосымша материалдарды сатып алып, жаңа мольберттерді жалға алуға тура келді;
4) сәуір айында сіз сабақтарыңыз бен суреттеріңіз туралы пост жариялайтын SMM-маманды айына 10 000 теңгеге жалдауға шешім қабылдадыңыз. Сізде қазірдің өзінде 8 студент бар, оларды оқытуға уақытыңыз жетпейді, оларға әр сабаққа 2000 теңгеден емес, 1500 теңгеден топтық сабақтарды өткізуді ұсындыңыз. Сізге тағы да материалдарды сатып алып, жаңа мольберттерді жалға алуға тура келді;
5) тапсырыстар тым көп болғандықтан, мамыр айында тағы бір сурет мұғалімін жалға алып, онымен аптасына бір рет пленерге шыға бастадыңыз. Әр білім алушы үшін сіз оған 1000 теңге төлей бастадыңыз. Сіздің тұрақты 8 білім алушыңыздан басқа, пленердегі сабаққа 10 адамнан тұратын топ қосылды. Мұндай сабақтардың құны 2000 теңгені құрады;
6) маусым айында сіз балалар даму орталығындағы бөлмені 30 000 теңгеге жалға алып, екінші мұғалімді айына 60 000 теңгеге тұрақты жалақыға ауысыруды шештіңіз. Сонымен қатар, сіз Instagram-да бір ай тегін оқуға ұтыс ұйымдастырдыңыз, ол бойынша Сізге 4 жаңа білім алушы келді (оларды маркетинг шығынына жазамыз). Енді сізде топтық сабақтарға 1500 теңгеден 15 білім алушы қатысады, жеке сабақтарға 2000 теңгеден 5 білім алушы, пленерде 12 білім алушы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |