Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы



бет172/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   223
Китап касипкерлик

ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Бағдарлама шеңберінде мемлекет несие төлеу бойынша кәсіпкерліктің кепілгері болып табылады, ауыл шаруашылығы және арнайы техника мен жабдықтарды, көлік құралдары мен құрылыс-монтаж жұмыстарын лизингке (жалға алуға) алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бағдарлама аясында айналым қаражатын толықтыруғаірі қара және ұсақ мал, жылқы және т.б. мал басын сатып алу; сүт қабылдау пунктері үшін техника сатып алу; ірі қара малдың аналық мал басын сатып алу; ауыл шаруашылық емес және ауыл шаруашылық бизнес түрлерін ұйымдастыру және кеңейтуге несие алуға болады;.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Осы бағдарламаның үш бағыты бар:
1-бағыт. Кәсіби біліктілікпен қамтамасыз ету:
- Қажетті мамандықтар бойынша оқыту;
- Өндірісте мамандарды даярлау.
2-бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту:
- Ауылда және қалада 6% шағын несие беру;
- Бастау-Бизнес кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
3-бағыт. Еңбек нарығын дамыту
- Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
- Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қолдау көрсету.
Бағдарлама аясында бизнесмендер ауылда және қалада жылына 6% шағын несие ала алады,сондай-ақ «Бастау-Бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан, сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытудан және өндірісте мамандарды даярлаудан өтеді. «Бастау-Бизнес» бағдарламасының ұзақтығы 1 айды құрайды. Осы уақыт ішінде оның қатысушылары үздік бизнес-жаттықтырушылардан тренингтер өтеді; бизнес-жоспар құру бойынша дағдыларды меңгереді; қаржы институттары мен жергілікті атқарушы органдардан (ЖАО) грантты / жеңілдікті кепілдіктерді алу рәсімдерімен танысады.Бағдарлама шеңберінде қатысушылар 8 мыңға дейін несие ала алады. Айлық есептік көрсеткіш 60 айға дейінгі мерзімге 6% мөлшерлеме бойынша. Бағдарламаға қатысу үшін «Атамекен» КҚКО филиалына немесеКҚО, жұмыспен қамту орталығына немесе ЖАО-ға жүгіну қажет. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға стипендия төленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет