Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет211/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   223
Китап касипкерлик

Суық сатылым – ұсынылған өнімге қызығушылық танытпаған және сатушымен байланыс жасауды күтпейтін клиенттерге сату.
Сұхбат – сауалнама нысаны сұхбат алушымен жеке қарым-қатынасты көздейді, онда зерттеуші (сұхбат алушы) сұрақтар қойып, жауаптарды сұхбат бланкісіне жазып алады.
Табыс − тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан немесе кіріс ретінде алынған қаражат.
Табыс салығы – жеке және заңды тұлғалардың табыстарына салынатын тікелей салықтардың негізгі түрі. ТС-ның әлеуметтік-экономикалық мәні қоғамның экономикалық жүйесімен, мемлекеттің саяси рөлімен анықталады.
Тапсырыс беруші − бағалаушы қызметтерін тұтынушы жеке немесе заңды тұлға.
Тараптардың жауапкершіліктері – тараптардың бірі шартты бұзған жағдайда тараптардың не істейтіндігін білдіреді.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері – бұл жерде Орындаушының (тиісті сапамен, толық көлемде және көрсетілген мерзімде қызметтер көрсетуге, тапсырыс берушінің талабы бойынша барлық анықталған кемшіліктерді және т.б. тегін түзетуге) және Тапсырыс берушінің (жұмысты көрсетілген баға және т.б. бойынша төлеуге) не істеуге тиісті екендігі, сондай-ақ олардың қандай құқықтары бар (жұмыстың барысы мен сапасын тексеру, орындаудан бас тарту және т.б.) екендігі жеке жазылады.
Тауарлар қолмен ұстауға, өлшеуге, сақтауға, буып-түюге болатын материалдық заттар немесе бұйымдар.
Тікелей маркетинг (direct marketing) – маркетинг коммуникациясының түрі, оның негізінде өзара қарым-қатынасты құру және табысты алу мақсатында хабарлама алушымен (тұтынушымен (тұтынушымен (Business to consumer (B2C) немесе «бизнеске арналған бизнес» (Business to business, B2B) ортасының клиентімен тікелей жеке байланыс жасалады. ТМ клиентке жеке тұлға ретінде қатысты негізделген, кері байланысты болжайды және коммуникация үшін ақпараттық делдалдарды пайдаланбайды.
Тікелей сату –клиентке делдалсыз тікелей сату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет