Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет212/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   223
Китап касипкерлик

Толық серіктестік – қатысушылар толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік.
Төлем жасайтын бір клиентті тарту құны (Customer Acquition Cost (CAC)) сіздің жарнаманы көріп, өніміңізге ақы төлеуді бастайтын клиентке өз тауарыңызды жарнамалауға қанша ақша жұмсайсыз.
Төлемдер (Revenue) – сіздің өніміңізді пайдалану кезіндегі бизнестің табатын табысы, яғни сіздің жарнамаңызды көрген клиенттердің төлейтін қаражаты.
Төлемдердің орташа саны (Average Payment Count) бір клиенттің жарнаманы көріп, оны пайдаланған барлық уақытта сіздің өніміңіз үшін ақша төлей бастауды жүзеге асыратын орташа сатып алу саны.
Тұлға – жеке тұлға және заңды тұлға.
Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, атап айтқанда, орындау мерзімі өткен жағдайда борышкер кредиторға төлеуге міндетті заңнамамен немесе шартпен айқындалған қаражат сомасы. Тұрақсыздық айыбын төлеу туралы талап бойынша кредитор өзіне келтірілген залалды дәлелдеуге міндетті емес.
Тұрақты шығындар (FixedCosts, FC) – өнім шығару көлеміне байланысты емес және тіпті өнім қандай да бір кезеңде шығарылмаса да, бар шығындардың бір бөлігі.
Тұтынушы – тауарларды сатып алатын және жұмыстар мен қызметтерді жеке тұтыну немесе үй шаруашылығында пайдалану үшін пайдаланатын тұлға.
Ұтыстар – салық төлеушілердің байқаулардан, жарыстардан (олимпиадалардан), фестивальдардан, ұтыс ойындарынан, соның ішінде салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ұтыстардан, сондай-ақ құмар ойыны және (немесе) бәстесу ойынынан алынған мүліктік табыс түріндегі кірістерден алатын ақшалай түріндегі кез келген кірістүрі.
Филиал − 1. Басты кәсіпорынның орналасқан жерінен тыс жерде орналасқан және оның атқарымдарын толық немесе ішінара, соның ішіндеөкілдік атқарымдарын орындайтын заңды тұлғаның жеке бөлімшесі. 2. Еншілес қоғам, бөлімше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет