Қолданыстағы кәсіпкерлік
|
Жаңа кәсіпкерлік
|
1. Өз мамандығыңыз бойынша B2Bкәсіпкерлік мысалдарын көрсетіңіз
|
|
|
2. Өз мамандығыңыз бойынша B2Скәсіпкерлік мысалдарын көрсетіңіз
|
|
|
3. Өз мамандығыңыз бойынша IT кәсіпкерлік мысалдарын көрсетіңіз
|
|
|
4. Өз мамандығыңыз бойынша сервистік кәсіпкерліктің мысалдарын көрсетіңіз
|
|
|
5. Өз мамандығыңыз бойынша сауда-саттыққанегізделген кәсіпкерлік мысалдарын көрсетіңіз
|
|
|
6. Өз мамандығыңыз бойынша өндірістік кәсіпкерлік мысалдарын көрсетіңіз
|
|
|
7. Өз мамандығыңыз бойынша кәсіпкерліктің артықшылықтарын көрсетіңіз
|
|
|
8. Өз мамандығыңыз бойынша кәсіпкерлік кемшіліктерін көрсетіңіз
|
|
|
Smell test
Енді «Жаңа кәсіпкерлік» бағанында сізде көптеген идеялар бар. Екінші сабақта өзіңіз жинаған команданың әр мүшесінің де өз идеялары бар. Іске асыру үшін олардың қайсысын таңдау керек? Жүзеге асыруға тұрарлық бизнес-идеяларды жіктеудің және іріктеудің көптеген жолдары бар. Олардың ең қарапайымымен танысайық. Ол сөзбе-сөз «иісін байқау» деп аударылатын Smell Test деп аталады. Өз идеяңызды «иіскеп көріңіз», егер иісі ұнамаса – оны өкінбей алып тастаңыз.
Smell Test-тің басты ережесі – ешқандай қосымша зерттеудің қажеті жоқ. Бұл екеудің – сіз бен сіздің идеяңыздың кездесуі.
№ 1 Өлшемшарты. Қалау және төлеуге ықылас.
Әрбір кәсіпкерлік қандай да бір мәселені шешеді. Сіз тұсқағаз сатасыз – сіздің клиенттердің мұқтажы – үйін жөндеуге қажетті, өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын әдемі тұсқағаз табу. Сіздің жеке асханаңыз бар – сіздің клиентердің мұқтажы – белгілі бір қаражатқа жайлы жерде отырып жүрек жалғап алу.Сіз обырға қарсы дәрі-дәрмек әзірлейсіз –клиенттеріңіздің мұқтажы – ауруды емдеу тәсілін табу. Бизнесіңіз қаншалықты маңызды мәселені шешеді және клиенттер сіздің шешіміңізге қанша қаражат төлеуге дайын – бар мәселе сонда.
Әлемде көптеген тамаша бизнес-идеялар бар: негізін қалаушысына қомақты капитал әкелуі мүмкін болып көрінетін инновациялық, тартымды бизнес-идеялар бар. Олардың негізін қалаушылар көбінесе өнім немесе сервис тұрғысынан қарайды және олардың өнімі өте жақсы, сапалы және т.б. деген тұжырым жасайды. Бірақ шын мәнінде, мәселе сіздің өніміңіздің қаншалықты жақсы екенінде емес, оны сатып алу-алмауында.Нәтижесінде, кез келген кәсіпкерлік сұранысқакеліп тіреледі, онсыз әлемдегі кез келген ең жақсы өнім өз өндірушісінің қоймасында шаң басып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |