Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет62/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   223
Китап касипкерлик

Дайындау және өткізу:

  1. Біріншіден, сізге сұрақтар тізімін жасау керек. Сұрақтардың тізімін тек құрастырып қана қоймай, олар жақсы зерделенуі және түсінікті болуы тиіс. Әңгімелесуді танысудан бастау керек. Сұрақ тізімі 20 сұрақтан бастап 50 сұраққа дейін болады.

  2. Сұхбатты диктофонға жазып алған маңызды. Барлық қажетті материалдар алдын ала дайындалуға тиіс. Респондентке жазба туралы хабарлау қажет пе, жоқ па , ол жағы сіздің жеке таңдауыңызда.

  3. Қарым-қатынас барысында блоктар бірнеше болуы мүмкін, олар бірнеше кезеңде өтуі керек. Біріншісі – таныстық, адам өзі туралы айта келе, әңгімеге іштей дайындала бастайды. Екінші блок –15-20 минуттан кейін сіз маңызды сұрақтарға келгенде басталады. Бұл жерде әңгімені жеңілдетуге көмектесетін сұрақтарды ойластыру керек – өз өміріңіздегі оқиғалардан айтып беруге болады. Үшінші блок – соңғы сұрақтар қойылғаннан кейін сұхбатты аяқтау кезеңі. Сондықтан сұхбаттың қорытындысын шығаруға көмектесетін сұрақтарды ойластырыңыз. Дәл осы сұхбаттың аяғында қызықты әңгімелер айтылуы мүмкін.

  4. Сіз үлкен жұмыс атқардыңыз, адам көп эмоциясы мен күшін жұмсады – әңгімелесудің аяқталуына баса назар аударыңыз. Тақырыпқа жақын басқа саладан әңгіме айтып беріңіз. Респондентке жылы шырай танытып, алғыс айтыңыз.

Терең сұхбаттың динамикасы:

  • Танысу/Стартреспондентпен танысыңыз, оның қал-жағдайын сұраңыз, сізбен кездесетін жерге қалай жеткенін сұраймыз;

  • Қыздыру–респонденттің мамандығын (егер білмейтіндер) және жұмысында оған не ұнайтынын сұраймыз;

  • Фокустандыру– сұрақтар тізіміндегі бірінші базалық сұрақтарға көшеміз;

  • Жақындау– бұл кезеңде респонденттен сұхбат үшін дайындалған карточкалардың бірін толтыруды сұрай аласыз;

  • Тарих/шарықтау шегі– алғашқы өмірлік оқиғалар туралы сұрастырамыз, әңгімелесуде өзіңіз үшін аса маңызды сұрақтарды пайдаланамыз;

  • Мәселелер жиынтығы–«эмпатикалық тыңдау» деңгейіне шығамыз: адамның өміріндегі оқиғалар туралы мұқият тыңдаймыз және сұрақтарды тізім бойынша емес, респонденттен алынған ақпаратқа сүйене отырып қоямыз. Міндет – адамның тап болған қиындықтарының неге байланысты екенін анықтау;

  • Респонденттің сізбен бөліскен эмоциялық оқиғаларыең маңыздысы, осыған баса назар аудару керек: олар қандай физикалық іс-әрекеттермен бірге жүретінін бақылаңыз;

  • Проекция / идеялар–оқиғалардың болжалдыдаму жолдарын айтып, түсіндіріңіз;

  • Еркін ұстау– респондентпен бірге қалған карточкаларды толтыруға, жазуға, өз оқиғаларыңызбен бөлісуге болады;

  • Шығу–адамға шыдамдылығы және бізбен сөйлесуге дайын болғандығы үшін алғыс айтамыз; әңгімені қоршаған жағдайға ауыстырамыз, қандай да бір өзгерістерді атап көрсетеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет