Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет76/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   223
Китап касипкерлик

Әлеуметтік желіні таңдау
Бизнеске қандай платформаларды таңдау қажеттігін анықтау үшін, ең алдымен, сіздің мақсатты аудиторияыңыз – сіздің өнімдеріңіздің немесе қызметтердің соңғы тұтынушысы кім екенін түсіну қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстанда жас санаттары бойынша ең танымал үш әлеуметтік желіні бөліп көрсетуге болады:
1) VK (13 жастан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер). VК жасөспірімдерге арналған қызметтерді немесе өнімдерді жарнамалау үшін жарамды;
2) Instagram (әйелдер аудиториясы басым, бірақ желі жасөспірімдер арасында да танымал, бірақ жыл сайын ерлер аудиториясы да артып келеді). Instagram әйелдерге арналған қызметтер мен өнімдерді жарнамалауға (киім, сұлулық салоны, балалар киімдері және т.б.) қолайлы. Instagram –құны 50 000 теңгеге дейін тауарлар мен қызметтерді жарнамалау үшін тамаша алаң. Сондай-ақ Instagram шағын Интернет-дүкенінің «міндетін» атқара алады, өйткені фотосуреттер форматы ассортиментті жақсы көрсетеді. Желі сондай-ақ визуалды көрсетілуі маңызды саяхат, дизайн, ивент және т.б. маңызды кез келген тауарлар мен қызметтерді жарнамалау үшін тамаша жұмыс істейді;
3) Facebook (25 жастағыжәне одан жоғары жастағы адамдар, негізінен тұрақты табысы бар жұмыстарды атқарады).
FB 25 жастағыжәне одан жоғары жастағы адамдарға арналған кез келген тауарлар мен қызметтерді жарнамалау үшін қолайлы. FB, сондай-ақ, егер контент визуалды емес, ақпараттық сипатта болса қолайлы. Іс-шаралар жасау және оларға пайдаланушыларды шақыру мүмкіндігі әр түрлі оқиғаларды жарнамалау үшін пайдалы болады.
SMM көмегімен өз бизнесін ілгерілетуді шешкен OQICO қыздар оларға қандай әлеуметтік желі қолайлы болатыны туралы ойланды.Нәтижесінде оларInstagram, Facebook және YouTube-қа тоқталды. Instagram жасөспірімдер аудиториясын тартуға, белгілі бір көрнекі мазмұнды ұсынуға көмектеседі. Facebook –25 жастағыжәне одан жоғары жастағы клиенттер үшін тамаша алаң, әдетте FB аудиториясы өнімді таңдауда нақтылықты ұстанады. YouTube-тағы оқытатын видеосабақтары оқытушыларды жеке тұлға ретінде жетілдіруге көмектеседі. Барлық үш желілердегі жұмыс мектептің басты клиенттерімен – жоғары оқу орындарына түсуге дайындалып жатқан жасөспірімдермен және өздерінің ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын жақсартқысы келетін ересек адамдармен өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет