CAC көрсеткіші– сіздің болашақтағы бизнесіңіздің тікелей және күн ілгері кесіп-пішілмеген көрінісі. Көптеген компаниялар бастапқы кезеңде клиенттерді тартуға көп уақыты мен қаржысын жұмсайды, бірақ сәті түскен жағдайда өз инвестицияларын тек бірнеше айдан кейін ғана қайтарып алады. Сіздің стартап үшін бұл метриканың маңыздылығы күн сайын арта түседі: сіз өзіңіздің көптен күткен табысыңызды қашан алатыныңызды білгіңіз келсе – алдыңғы айдағы САС бір-біріне қосыңыз да, болжамды табыс деңгейін алып тастаңыз:
әр тоқсан сайын сізге клиенттерді тарту бойынша жұмсалатын күштің бағасына оңтайландыру жүргізу керек. Сізге өз жарнамаңызды нарыққа дейін жеткізетін арналардың тиімділігі мен пайдалылығын қайта қарап, пайдаланылатын маркетингтік тактикалар мен стратегиялардың нәтижелілігін талдау қажет;
клиент табылған кезде сіз бірден қаражат жоғалтасыз. Бірінші кезекте сізге жұмсалған қаражатты жылдам қайтарып алуға қам жасау керек. CAC көрсеткіші сізге осы кезең қаншалықты ұзаққа созылуы мүмкін екенін көрсетеді;
бұл коэффициенттің маңыздылығы да сонда, кәсіпкерліктің негізгі мақсаты – тек табыс табу ғана емес, маржа өндіру. Осылайша, CAC коэффициенті – жалпы табыстың клиенттерді тартуға жұмсалатын шығындардың жалпы сомасына қатынасы.
Сіз, сондай-ақ, сату сүзгісін (айналым) құру үшін онлайн-сервистерді де пайдалана аласыз:
Terrasoft – пайдаланушы сүзгілері бойынша бірнеше сүзгілерді құру үшін қолданылады;
RegionSoft CRM бірнеше өлшемшарты бойынша (сала, сату, клиенттер тобы) классикалық сүзгі құрады және әрбір клиент бойынша есеп жасайды.
1-тапсырма
Өз стартап командаңызда жұмыс істей отырып, сіздің клиенттеріңіздің ақпараттандырудан бастап тауарды сатып алғанға дейін қандай кезеңдерден өтетінін талдаңыз. Бұл кезеңдерге атау беріңіз (олар оқулықта ұсынылған нұсқалардан өзгеше болуы мүмкін): ақпарат беру, қызығушылық, сатып алу туралы шешім, сатып алу.
2-тапсырма
Сіз клиентті тарту үшін Сату сүзгісінің (айналым) әрбір кезеңінде қандай іс-әрекеттер жасар едіңіз, осы туралы ойланып көріңіз.
3-тапсырма
Барлық осы іс-қимылдардың қанша тұратынын есептеңіз және әр кезеңдегі айырбастауды анықтаңыз.
Сіз алғашқы үш тапсырманың деректерін кестеге біріктіре аласыз:
Достарыңызбен бөлісу: |