Нұр-сұлтан қаласы білім басқармсы №75 мектеп-гимназиясы қызықты қазақ тілі


-жаттығу. Түйін сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастыр



бет11/37
Дата01.02.2023
өлшемі2.71 Mb.
#469010
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Кенжебекова Ж. Авторлық дұрысы2020.13.05

5-жаттығу. Түйін сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастыр.
Саяхат, туризм, көрікті жерлер, тарихи орындар.


6-жаттығу. Есте сақта!
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.
Өз елің – алтын бесік.
Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.
Туған жер – тұғырың!


10.Қазақстанның киелі жерлері
1-жаттығу.Мәтінді түсініп оқыңдар. Әр абзацтың негізгі идеясын табыңыз.
Арыстан баб кесенесі
Бұл кесене XXI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде ені 30, биіктігі 13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды.
Сөздік.
Көріпкел-ясновидящий
Құрылыс-строительство
Мазар-мавзолей
Киелі-священный
2-жаттығу.
Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексер. 





ақпарат

дұрыс

Дұрыс емес

1

XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды







2

Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған жоқ







3

Тарихи деректер бойынша XIIІ-XV ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды.









4

XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды.









5

Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады







6

XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1919 жылы қайта салынды.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет