Х. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр. Наурыз.
19. Дүниеге көрік берген, шырайлы жыл басы-Наурыз.
1-тапсырма. Мәтінмен танысып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз!
Наурыз - Жаңа жылдың басы. Бұл күн, яғни наурыз айының 21-нен 22-не қараған түні - аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі.Сондықтан халық санасында ол - Әз Наурыз деп аталады. Бұл күн - сонымен қатаржуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы. Осы күннен бастап Жаңа жыл басталады.Адамның аузы аққа, малдың аузы көкке тие бастайды.Наурыз күні наурыз көже пісіріледі. Әр үйдің дастарханына ақтан (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән тағамдары мен жеміс-жидектер) және қызылдан (еттен жасалатын тағамдар) жеті түрлі дәм қойылады.Ұлыс - жақсы тiлектер күнi. Араздасқандар төс қағысып, татуласады. Бұл күнгi қайын ата мен келiн, күйеу бала мен қайын ата арасындағы әзiл де жарасымды. Жастар алтыбақан құрып, тойдың сәнiн кiргiзедi. Бойжеткендер соғымның соңғы етiн уызға салып пiсiрiп, ұнатқан жiгiттерiне тартады. Бұл салт қазақта «ұйқыашар» деп аталады.
Ұйқы ашардың қарымтасына жiгiттер «селтеткiзер» рәсiмiн жасайды. Яғни қалауынша бойжеткенге айна, тарақ, әтiр суын сыйлайды. Айна - пәктiктiң, жастықтың, тарақ - әдемiлiк пен сұлулықтың, ал иiссу - жаңа бүршiгiн жарған жауқазындай құлпыр деген белгi.
тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
Бозбалалардың бойжеткендерге осы мерекеде беретін сыйлығы?
Үлкен кісілерге дәл осы күні ұсынылатын жылы-жұмсақ тағам?
Бойжеткендердің бозбалаларға ұсынатын тағамы?
Мерекенің халық арасындағы атаулары? Мерекеде әр үйге келетін қасиетті символдық бейне ?
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.
Бұл ......................... қазақта «ұйқыашар» деп аталады. Ұйқыашардың қарымтасына жiгiттер «..............................» рәсiмiн жасайды. Яғни қалауынша ..............., .............., ...............суын сыйлайды. Айна - ...................., жастықтың, ....................... - әдемiлiк пен ................., ал..............- жаңа бүршiгiн жарған ...................... құлпыр деген белгi.
4-тапсырма. Шашылған сөздерден нақыл сөздерді дұрыс құрастырыңыз.
басы, дүниеге, шырайлы, берген, жыл, көрік, Наурыз.
__________________________________________________________________
Наурыз, әз, армысың
__________________________________________________________________
күні, ұлы, ұлыстың
_________________________________________________________________
5-тапсырма. Шеберлігіңді шыңда!
«Наурыз – ең сүйікті мереке», «Наурызды сүйікті мерекеге айналдыру үшін не қажет?» тақырыбынды блогта, e-mail-де хат, хабарландыру жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |