28. Жасанды тағамдар және адам ағзасы.
1- тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, негізгі ойын анықта.
Қазіргі таңда қалада кез – келген аяқ басқан жерден тамақтануға болады. Көптеген жерлерде арнайы орындар тұрғызылған, онда ыстық самсалар, қамырдағы бәліштер, құймақтар және тағы басқа жеңіл тағамдар сатылады. Жалпы аш қалмайсың. Дәрігерлер мен диетологтар айтқандай фаст – фуд адам ағзасына, денсаулығына, әсіресе балаларға шынымен зиян. Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар өте көп. Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст – фуд тез әзірленетін тағам қатарына жатады. Фаст – фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп – жеп жүрсе, кейбіреулер анда – санда ғана пайдаланады. Тамақты асықпай үйде дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, ол бізге қолайлы ірң бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауііпті. Соған қарамастан кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Дәрігерлер фаст – фудтың қаншалықты зиян екендігін айтқанымен көптеген адамдар жиі сатып алады.
2- тапсырма: Мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып, берілген сұрақтарға жауап бер.
Бізді қызықтыратыны, осы фаст- фуд қайдан шықты?
Неліктен, ол ересектер мен балалар арасында танымал?
Олардың сапасы мен құрамында не бар екен?
Осындай тағамдармен тамақтану шын мәнінде адам ағзасына зиян ба?
3-тапсырма: Адам ағзасына қауіпті 8 тағамды жаз.
4-тапсырма: Ғаламторды пайдалана отырып, фаст-фуд жайлы қызықты фактілерді жаз.______________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________
ХҮ. Қоғамдағы орындарда өзін-өзі ұстау.
29. Адамдардың қарым-қатынасы.
1 тапсырма. І- деңгей. Мәтінді мұқият тыңда. Негізгі идеясын аш.
Кино - қазіргі кезде елдің беделін халықаралық деңгейде көтере білетін, халық өнері мен мәдениетін басқа мемлекеттің тұрғындарына насихаттай алатын басты құралға айналған. Әрине бұл жерде режиссерлер мен актерлердің шеберлік, іскерлік қабілеттеріне көп байланысты. Әрине, басты көрермен өзіміз бола отырып, осындай жетістіктер мен кемшіліктерді бір-бірімізбен бөлісіп, кең талқыға салсақ - бұл отандық кино өнерінің дамуына қосылған бір үлес болар еді
Достарыңызбен бөлісу: |