Нұр-сұлтан қаласы білім басқармсы №75 мектеп-гимназиясы қызықты қазақ тілі



бет18/37
Дата01.02.2023
өлшемі2.71 Mb.
#469010
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Кенжебекова Ж. Авторлық дұрысы2020.13.05

6- тапсырма. «Менің сүйікті әншім» тақырыбына диалог құрастырыңдар.


16. Ата өнері балаға мұра.


1-Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда, ат қой, ашық, жабық сұрақтар құрастыр.
Қазақ халқы- өнерсүйгіш халық. Оның музыкалық мәдениеті өте бай. «Ата өнері балаға мұра» деп бекер айтылмаған.
Тыңдаңызшы...... Бұл ғасырлар бойы дала қазағының қуанышы мен мұңын шерткен қобыз бен домбыраның үні! Төгілген үнде қызғалдақ гүлі жайқалып, дала төсін желпіген қоңыр салқын жібек желдің сыбдыры бар. Елін, жерін қорғап батыр атанған ұлдарының ерлігін жырлайтын үн естіледі. Оларда өткен ұрпақтың күлкісі, қуанышы, дауысы, ерекше үні әрқашанда құлағымыздыан кетпейді.
Музыкалық аспаптың әрқайсысының өзіне тән үні бар, оның техникалық мүмкіндіктері де әртүрлі. Бірі қамыстан, бірі саз балшықтан, енді бірі мал терісімен сүйегінен және темірден жасалып, ойып-өрнектелген мәуыкалыз аспаптардың өзіндік ерекшелігі бар.
(« Қазақтың музыкалық аспаптары кітабынан»)



  1. Тапсырма. Қазақ халқы ән(..) бай.Біздің әнші-композиторларымыз ұрпақ(...) ұрпақ(...) жалғасатын,құлақ(...) кіріп бойды алатын әсем әндер сыйлайды.Қазақ(...) ән мен жыры(...) ғажайып сыры,ғасырлық тарихы бар.Сәби(...) бойына ән мен жыр ана сүті(...) дариды. Жыр тыңдап өскен бала(...) қабылдау қабілеті,сана-сезімі,ақылы айрықша дамыған.Ән-адам(...) өмірінің,сезімі мен қөңіл күйнің айнасы.Ән-адам(...) ой-сезімі(...) білдіреді, тәрбиелейді.

  2. Тапсырма. Берілген жаттығудағы көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, көшір.

Қазақ халқы – өнерсүйгіш халық.Оның музыка (қандай? ) мәдениеті өте бай.Музыка – классикалық және қазіргі жеңіл музыка болып бөлінеді.Классикалық музыка үлкен зал (көптік жалғау+септік ж.) симфоникалық оркестр (с.ж.) орындалады.Жастар (с.ж.) көбі жеңіл музыка (с.ж.) ұнатады: поп, рок, диско, рэп, техно.
Орта жастағы өнерсүйгіштер көбіне джаз, рок, поп, деген бағыт (к.ж., с.ж.) ұнатады.
4 - тапсырма.
Данышпан Абайдың “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең” деген сөздерінің мағынасын аш.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет