Күнтізбелік-тақырыптық жоспары (7-сынып)
№
|
Тақырыбы
|
Сабақ түрі
|
Сағат саны
|
Өткізілетін
күні
|
І
|
|
Отан-отбасынан басталады
|
1.
|
Отбасымның туған жері
|
әңгімелесу
|
1
|
|
2.
|
Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз
|
диалог
|
1
|
|
ІІ.
|
|
Қазақ отбасы және отбасылық құндылықтар
|
3.
|
Отбасындағы сүйіспеншілік
|
|
1
|
|
4.
|
Ата-ананың қадірі
|
|
1
|
|
ІІІ.
|
|
Уақыт-өмір
|
5.
|
Уақытыңды бағалай біл
|
Ой салу мен пікір алмасу
|
1
|
|
6.
|
Бос уақытта немен айналысасың?
|
диалог
|
1
|
|
ІҮ.
|
|
Бізді қоршаған әлем
|
7.
|
Қоршаған ортаны қорғау
|
зерттеу
|
1
|
|
8.
|
Қазақстан ауа-райы
|
талқылау
|
1
|
|
Ү.
|
|
Саяхат және көрікті жерлер
|
9.
|
Қазақстанның көрікті жерлері
|
талқылау
|
1
|
|
10.
|
Қазақстанның киелі жерлері
|
Ой бөлісу
|
1
|
|
ҮІ.
|
|
Салауатты өмір салты
|
11.
|
Спорт және тағам
|
талқылау
|
1
|
|
12.
|
Менің әуес ісім-спорт
|
пікірталас
|
1
|
|
ҮІІ.
|
|
Мәдениет. Салт-дәстүр
|
13.
|
Тәрбиенің арқауы-әдептілік
|
Пікір айту
|
1
|
|
14.
|
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
|
Ой бөлісу
|
1
|
|
ҮІІІ.
|
|
Музыка әлемінде
|
15.
|
Қазақтың әншілік өнері .Қазақ сазгерлері
|
талқылау
|
1
|
|
16.
|
Ата өнері балаға мұра.
|
Ой бөлісу
|
1
|
|
ІХ.
|
|
Ғаламтор және әлеуметтік желілер
|
17.
|
Жастар және ғаламтор
|
Шығармашылық сабақ
|
1
|
|
18.
|
Ғаламтор арқылы байыған жастар
|
Сұхбат құру
|
1
|
|
Х.
|
|
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр. Наурыз
|
19.
|
Дүниеге көрік берген, шырайлы жыл басы-Наурыз
|
талқылау
|
1
|
|
20.
|
Наурыз мерекесіндегі салт-дәстүрлер
|
іздену
|
1
|
|
ХІ.
|
|
Жастар және мәтениет
|
21.
|
Жастар мәдениеті туралы
|
Ой толғау
|
1
|
|
22.
|
Жастар және ұлттық мәдениет
|
Пікір алмасу
|
1
|
|
ХІІ.
|
|
Технология жаңалықтары
|
23.
|
Еліміздегі жаңалықтар
|
Ізденіс сабақ
|
1
|
|
24.
|
Ең озық технологиялар
|
іздену
|
1
|
|
ХІІІ.
|
|
Туған жер
|
25.
|
Туған жер. Демалыс
|
Ой толғау
|
1
|
|
26.
|
Отбасымның жазғы демалысы
|
Пікір алмасу
|
1
|
|
ХІҮ.
|
|
Гендік модификацияланған тағамдар (ГМӨ)
|
27.
|
ГМӨ-нің зияны
|
іздену
|
1
|
|
28.
|
Жасанды тағамдар және адам ағзасы
|
талқылау
|
1
|
|
ХҮ.
|
|
Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау
|
29.
|
Адамдардың қарым-қатынасы
|
пікірталас
|
1
|
|
30.
|
Қоғамдық орындардағы этикет
|
Ой толғау
|
1
|
|
ХҮІ.
|
|
Полиглот болғым келеді
|
31.
|
Үш тілді білу-заман талабы
|
Ой қозғау
|
1
|
|
32.
|
Тіл тағдыры-ел тағдыры
|
Пікір алмасу
|
1
|
|
ХҮІІ.
|
|
Әлемді өзгерту кілті-білімде
|
33.
|
Әлемді өзгерткен адамдар
|
Пікір алмасу
|
1
|
|
34.
|
Егер мен әлемді өзгерте алсам
|
Ой толғау
|
1
|
|
Оқу курсына арналған қосымша (тапсырмалар жинағы)
І. Отан-отбасынан басталады.
1. Отбасымның туған жері
1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.
Қымыздық теремін,
Көп қызық көремін.
Апама сәукеле
Гүлдерден өремін.
(Ғ.Жұмабаев)
Сөздік
сәукеле – женский головной убор
өремін – сплету
2-жаттығу. Мәтінді оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
Менің туған елім – қазақ жері. Елімнің жері ұлан-байтақ. Сол кең даламның орталық өңірінде біздің жанұямыз тұрады. Туған жердің табиғатын сүю, оның әр тасына, әр құсына, әр жусанына сүйіспеншілікпен қарау отбасынан басталады.
Біз ауылда тұрамыз. Ауыл жанында өзен бар. Өзен беті қашан көрсең де мөлдіреп жатады. Түбі малта тас, лай болмайды. Біз сол өзен жағасына жиі барамыз. Осы бір өзенде бұдан басқа шомыла қоятын жер жоқ. Сондықтан бұл өзенді бойлай отырған ауыл- еліміздің көркі.
ІІІ деңгей
1.Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Сенің туған елің қай жер?
2) Табиғаты қандай?
3) Өзен еліміздің несі?
ІІ деңгей
1.Тәуелдік және жіктік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жазыңдар.
2. Мәтіннен «ел» сөзінің синонимін табыңдар.
І деңгей
Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңдер.
3-жаттығу. Берілген сөйлемдерді мағынасына қарай аяқтаңдар.
11
|
Атам мен әжем ...
|
сабағына көмектесемін.
|
22
|
Сәуле ...
|
жеміс ағаштары өседі.
|
33
|
Үйде інім мен сіңлімнің ...
|
мақтан етемін.
|
44
|
Бау-бақшада ...
|
зейнеткерлер.
|
55
|
Мен отбасымның татулығын
|
оқу озаты.
|
4- жаттығу. Берілген мәтінді қолдана отырып, отбасы мүшелеріне сипаттама беріңдер.
Әкем – 45 жаста, мектеп директоры, кенші, жұмысшы, бағдарламашы, инженер, кәсіпкер. Шашы-қара, сары, ұзын, қысқа. Бойы – ұзын бойлы, аласа, орта бойлы. Анам – 40 жаста, мұғалім, аспаз, сатушы, шаштараз, тігінші, менеджер-кеңесші. Ағам, әпкем – оқушы, студент. Інім, сіңлім – оқушы, інім кішкентай, бала бақшаға барады. Атам, әжем – кәрі, жас, құрметті демалыста, жұмыс істейді.
5 – жаттығу. Көп нүктенің орнына ма/ме, ба/бе, па/пе шылауларының тиістісін қойып жазыңдар.
А) Ауылдың жанында өзен бар ...?
В) Аңдары мен құстары көп ...?
С) Анау тау ..., ағаш ...?
Д) Өзенде жүзіп жүрген қаз ..., әлде үйрек ...?
Е) Баланың қолындағы гүл ..., тас ...?
6- жаттығу. Мақалды жаттап алыңдар.
1.Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
2.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
3.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
2. Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз
1-жаттығу. Мәтінді оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілген.
Ана тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі — кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл.
22 қыркүйек – Қазахстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Ен алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру – баршамыздың міндетіміз.
Сөздік: мәртебе-статус өркендесе-если будет процветать
Құрмет-честь міндет-обязанность
Құндылық-ценность
ІІІ деңгей
1.Мәтіннен негізгі мазмұнды ашатын сөйлемдерді табыңдар.
2.3 сұрақ құрастыр.
ІІ деңгей
1.Мына етістіктерді тұйық етістікке айналдырып жазыңдар: жұмсады, көрді, ойлады, кетті, ұйғарды, қуанды.
2. Өз ана тілің туралы әңгімелеп беріңдер.
І деңгей
1)Қазақстан Республикасы мемлекеттік мәртебені нешінші жылы алды?
2) Ана тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды сөйлемін қалай түсінесің?
3) Неліктен мемлекеттік тілді асыл мұра дейміз?
2-жаттығу. Берілген мәтінді пайдалана отырып, өз отбасындағы жағдайды сипаттап жазыңдар.
Біз отбасымызбен ана тілінің қасиетін қастерлей білеміз. Кезінде атамыз тіліміздің құдыреті туралы үнемі айтып, балаларының құлағына құйып отырушы еді. Сол тәрбие әлі де жалғасып жатыр. Атамыз теледидар, күнделікті мерзімді ақпарат құралдарын өзі оқып, сосын бізге оқуға кеңес беретін. Сөз зергері болған атамыз балаларының да өз тілінде білім алғанын қалаушы еді.
3–жаттығу. Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрастырыңдар.
Дамиды, өркендейді, қадірлеймін, мақтаныш, қазына
4- жаттығу. Мақалдарды жаттап алыңдар.
1. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.
2. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі.
3. Тіл – достықтың алтын көпірі.
4. Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі.
5-жаттығу. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар: ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай.
ІІ. Қазақ отбасы және отбасылық құндылықтар
3. Отбасындағы сүйіспеншілік
Мәтінді тыңдаңыз, мәтінге ат қойып ,тапсырмаларын орындаңыз.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Сөздік
Әлеуметтік орта- социальная среда
Мәдени құндылықтар- культурные ценности
Тәрбие-воспитание
Қамқорлық-забота
Достарыңызбен бөлісу: |