1-тапсырма. Берілген түйін сөздердің мағынасын аш: отбасы, отау, отағасы, отау иесі, қара шаңырақ, отбасы берекесі.
Мысалы: Отау – жаңадан тұрмыс құрып, енші алып бөлінген ұлдың үйі, отау үй;
2-тапсырма. Досыңмен сұхбаттас.
- «Қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің мағынасы қандай ?
- Қазақ халқының дастарханға отыру мәдениеті қалай?
-«Қара шаңырақ иесі» деген ұғым нені білдіреді?
3- тапсырма.
Шеберлігіңді шыңда! Туыстық атауларды сәйкестендір.
Ана
|
әкесінің әкесі
|
әже
|
өзінен жасы кіші ер адам
|
әке
|
бір атадан өрбіген туыстас адамдар
|
аға
|
аталас ағайын жұрт
|
іні
|
жасы өзінен үлкен ер адам
|
бауыр
|
отағасы
|
жамағайын
|
әкесінің шешесі
|
ата
|
перзент сүйген әйел (шеше)
|
ұзатылған қыздан туған бала
|
әйелінің әпке-сіңілілерінің күйеуі.
|
Қарындас
|
қайын інінің әйелі
|
бажа
|
ер адамдардан жасы кіші әйел
|
ажын
|
жиен
|
абысын
|
туысқан адамдардың қыздарынан туған бала
|
бөле
|
қайын ағаның әйелі
|
төркін
|
тұрмысқа шыққан қыздардың ата-ана, ел-жұрты
|
жиеншар
|
жиеннен туған бала
|
3-жаттығу. Мына сөздерді тәуелде: қамқоршы, отбасы
4-жаттығу. 1. «Көмек» сөзіне бес жолды өлең құрастыр.
5-жаттығу. Өздеріңнің отбасыларың туралы шағын әңгіме жазыңдар.
4. Ата-ананың қадірі
1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, абзацқа бөліңдер. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.
Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасында өсіп – өніп тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата – ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата – әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім- бұтақтары ата аналарын қартайғанда,қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітілген.Ата-аналар балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса,балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |