Нұр-сұлтан қаласы білім басқармсы №75 мектеп-гимназиясы қызықты қазақ тілі



бет31/37
Дата01.02.2023
өлшемі2.71 Mb.
#469010
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Кенжебекова Ж. Авторлық дұрысы2020.13.05

30. Қоғамдық орындардағы этикет.
1- тапсырма: Мәтінді оқы, негізгі идеясын анықта.
Ол үнемі өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды. Өзін өзгелерге кедергі келтірмейтіндей ұстайды. Біреумен сөйлесіп тұрып сағыз шайнамайды. Шайнаған сағызын жерге түкіріп тастамайды немесе үстелге, орындыққа, қабырғаға жапсырмайды. Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жібереді. Өтіп бара жатып тайып кеткен кісіге сүйеу болады. Қоғамдық көлікте үлкендер мен балалы әйелдерді өткізіп жібереді, оларға орын береді. Автобустан шығарда алдындағы кісілерді итермелемей, сыпайы ғана өткізіп жіберуді сұрайды. Көліктен түсерде қарттар мен балалы әйелдерге көмектеседі. Біреудің аяғын басып кетсе сыпайы кешірім сұрайды, ал егер өзінің аяғын басып кетсе, ашуланбайды үндемей шыдайды. Еш уақытта өзінің назарын аударған нәрсені қолын шошайтып көрсетпейді, көзімен не ыммен көрсетеді. Кәмпиттің немесе сағыздың қағазын т. б. заттарды жерге немесе қоқыс салғыштың сыртына лақтыра салмайды. Көшені тек рұқсат етілген жерден не бағдаршамның жасыл түсіне кесіп өтеді. 
2- тапсырма. Кітапханада өзін-өзі қалай ұстау керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? Ойды жалғастыр.
Кітапханада:
 
Алған кітабын уақытылы тапсырады. Бұл кітапты өзінен кейін басқалардың оқитынын үнемі есінде сақтайды. Сондықтан оның бетін бүктемейді, жыртпайды, жазбайды. Оқу залында 1 мин. болса да қасындағылармен сыбырлап та болса сөйлеспейді. Кітап оқып отырып ұйықтап қалмайды...................................................................................................................

Мұражай мен көрмеде оқушылар өзін қалай ұстау керек?. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? 
Мұражай мен көрмеде: 
Жәдігерлерді қолымен ұстамайды. Еш уақытта айқайлап қатты күлмейді, қолын сілтемейді. ........................................................................

Театрда оқушылар өздерін қалай ұстай керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? 
Театрға спектакльдің басталуына 15 - 20 мин. қалғанда келу керек.. Сондықтан да асықпай шешініп, өзін қалыпқа келтіріп, бағдарлама сатып алып, орнына ертерек барып отыруға уақыты болады. Өз орнына отырған кісіге қарсы қарап, бетін беріп өтеді. Кісілерді орынан тұрып өткізіп жібереді. Билетте көрсетілген орнына отырады, ал егер ол орын бос болмай, әрі босатудан бас тартса, ұрыспай билет тексерушіге барып жолығады. 
Қойылым жүріп жатқанда сөйлемейді, тамақ жемейді, еденді аяғымен ұрмайды. Сахна жабылмай тұрып, орнынан тұрып шығып кетпейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет