Нұра ауылдық округі бойынша 2015 жылғы 12 ай ішінде атқарылған жұмыстар бойынша округ әкімі Ж. Төлебайдың есепті баяндамасының тезистері



жүктеу 67.1 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі67.1 Kb.
Нұра ауылдық округі бойынша 2015 жылғы 12 ай ішінде атқарылған жұмыстар бойынша округ әкімі Ж.Төлебайдың есепті баяндамасының тезистері
Нұра ауылдық округі ауданның солтүстік-шығысында орналасқан. Округтің елді мекендері: Нұра, Мамыр, Дүкен, Белшер. Жер көлемі 641500 га. Селолық округ солтүстігінде Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданымен, оңтүстігінде Тәуіп селолық округімен, шығысында Қостанай облысымен, батысында Ырғыз селолық округімен шектеседі. Аудан орталығынан 90 км, Шалқар теміржол станцасынан 246 шақырым, Ақтөбе қаласынан 540 шақырым қашықтықта орналасқан. Халқы1370 адам. Оның ішінде: Нұра селосында - 710, Мамыр аулында – 210, Дүкен аулында – 181, Белшер аулында 269 адам тұрады. Тұрғындар негізінен қазақтар. 2015 жылғы 12 ай ішінде 19 бала туылып, 8 адам қайтыс болып, 8 отбасы құрылды.

Жыл басынан бері 11 арыз-шағым қаралып,жазбаша хабарлама беріліп түсіндірілді.

Қажетті мәселелер бойынша 48 өкім,5 шешім қабылданды.

Округте Т.Жүргенов атындағы орта, Дүкен, Мамыр, Белшер негізгі мектептері, мектеп жанындағы интернат, «Бөбек» балабақшасы, 3 клуб, 3 кітапхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 3 ФАП, пошта, байланыс жүйесі, 2 телехабарлар тарату орталығы, метеостанция, электр жарығын беру станцасы халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен бірге 9 жеке сауда дүкені, 2 жеке монша бар. Ауылда Отан соғысына қатысып майдан даласынан елге оралмағандарға арналған ескерткіш белгі аллея орнатылған.2014 жылы мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған осы ауылдың және сыртта жүрген азаматтар Нұра ауылына шаштараз ашуға демеушілік көрсетсе,биылғы жылы мектеп бітіргендеріне 40 жыл болған мектеп түлектері қомақты қаржымен демеушілік білдіріп фото,видео салонын ашып берді.Жас кәсіпкер Қанатбек Жүнісов осы істі жандандырып,алдағы уақытта тир,теннис ойынын өткізетін орын дайындауда.



Ауылшаруашылығы саласы бойынша жер пайдаланушы ауылшаруашылығы құрылымы 21, пайдаланып отырған жер көлемі 28216 га. Округ бойынша мал басы: Түйе – 52 бас, Жылқы – 428 бас, ірі қара – 3492бас, аналығы-1778 бас, қой-ешкі -9414, құстар - 1318 басты құрайды .2015 жылғы төлдері:құлын- 158 бас,бота- 14 бас,бұзау- 1005 бас, қозы-лақ-3320 бас.

Ветеринария саласының мамандары жеке малдардың жыл сайынғы төлдерін уақытында сырғалауда.

Бүгінгі күні ауылға 320 тонна көмір,3 тонна жем,27983 тонна мал азығы дайындалды

2015 жылы ауданда өткен жәрмеңкелерге 400 кг ет,сары май 150 кг,50 кг сүзбе,500 кг балық апарылып сатылды.Ақтөбе қаласында өткен облыстық жәрмеңкеде де 200 кг ет,800 кг балық,30 кг сүзбе,30 кг құрт т.б. өнім түрлері апарылып,арзан бағаға сатылды

2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен «Есенкелді» шаруа қожалығы Н.Әбдікәрімов 4.950млн.теңге кредит алып, 31 бас ірі қара малын, «Бауыржан» шаруа қожалығы А.Өмірзақов 5.870 млн. теңге кредит алып 47 бас ірі қара малын алып шаруашылықтарын кеңейтуде.

Округте «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» болмағаннан кейін дайындалған өнімдерді өткізу жұмысы жүрмей тұр.

Шаруа қожалықтарына субсидия мен несиелер беріліп, мал басын көбейтуге жағдайлар жасалуда.Бірақ шаруа қожалықтарынан мемлекетке әзірге қайтарым болмай тұр.Етке мемлекет тапсырмасымен бұқашықтар тапсыруға құлықсыз.Экспортқа мал тапсыруға да малдарын бергісі келмейді.Қызылорда облысынан келген алыпсатарларға малдарын арзан бағаға беріп жіберуде.Алдағы уақытта осылай мемлекет тапсырмасын орындай алмаса,алған жерлерін пайдаланбайтын болса, мемлекеттен бөлінетін жеңілдіктер тимейді.

Бірсыпыра шаруа қожалықтары алған жерлерін пайдаланбай,елді мекендердің жерлерін тоздыруда.Салынған үйлері мен мал баздары бос тұр.Бұл шаруа қожалықтардан келешекте сұраныс болады.

Алдағы уақытта шаруа қожалықтарын біріктіріп,ірілендіру жұмыстары жүргізіледі.Соған бейімделу керек.

Шағын кәсіпкерлік бойынша тіркеуде тұрған кәсіпкерлік субьектілер саны – 37, шаруа қожалықтары – 21, жеке кәсіпкерлер саны – 16. Кәсіпкерлікке қамтылған жұмысшы саны – 25,Тұрғындарға қызмет көрсетуге – 13 сауда жасаушы, 4 мал дәрігерлік қызметінде, 2 телехабарлар таратуда кәсіпкерлер жұмыс жасайды. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін Белшер тұрғыны Е.Қалабаев жер алып,халыққа шөп шауып беру жұмысымен айналысуда.

Нұра ауылының тұрғыны М.Сүлейменов «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен кредит алып,мал өсірумен және көбейтумен шұғылдануда.

Нұра ауылының тұрғыны Ақерке Қабидолла қызы сауда қызметін көрсету үшін,азық-түлік дүкенін салып,өз жұмысын бастады.

Белшер ауылының тұрғыны жас кәсіпкер Әнуарбек Қарашұлы және «Бершат» шаруа қожалығы екінші жыл бие сауумен айналысып,халықтың ризашылығына бөленді.

Нұра ауылының тұрғыны Саламат Дәуренбекұлы биыл жеке кәсіпкер болып тіркеліп,халыққа мал азығын дайындап қамтамасыз етумен қатар,бақша егіп,мол өнім алып,Ырғыз,Нұра халқын қауын-қарбыз,көкөністермен қамтамасыз етті.

Кәсіпкерлік субьектілері арқылы бақша дақылдарын егуде 9.8 га жерге бақша егіліп, 124.6 тн өнім алынып тұрғындарға сатылды.

Әлеуметтік төлемдер бойынша табысы төмен 28 отбасының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды.

Қаржы көрсеткіштері бойынша мүлік-жер салығы 52500 теңге, көлік салығы 1.665млн. теңге 30233 теңге мөр алымы жиналынды.

Қазан айында мамандар әрбір үйді аралап,үйлердің жер актісі мен техникалық паспорт тары бар-жоғын,бар болса кімнің атында екендігін анықтады.Нұра елді мекені бойынша 118 үй болса,20 үйдің құжаты көшіп кеткен немесе қайтыс болған адамдардың атында екендігін анықтады.4 үйдің жер актісі жоқ.

Белшер елді мекенінде 42 үй болса оның 7 үйінің құжаты басқа адамдардың атында.3 үйдің жер актісі жоқ.тағы 3 үйдің жер актісі басқа адамдардың атында.

Мамыр елді мекенінде 36 үйдің 7 үйінің тех.паспорты басқа адамдардың атында болса,6 үйдің жер актісі жоқ.1 үйдің жер актісін қайта дайындау керек.

Дүкен елді мекенінде 25 тұрғын үйдің 6 үйінің теникалық паспорттарын қайта дайындау керек.1 үйдің жер актісін қайта дайындау керек.Осы тұрғындар да өз үйлерінің құжаттарын дайындауға құлықсыз.Бұл мәселелер алдағы уақытта ауыз су келсе,суды үйге кіргізуге кедергі болады.Қазіргі рақымшылыққа байланысты жеңілдік алдағы уақытта бола бермейді.Осы жеңілдікті пайдаланып,үйлердің жер актісі мен техпаспортын өз аттарыңызға аударып алуға жұмыс жасау қажет.

Тазалық жұмыстары:

Нұра ауылдық округі бойынша абаттандыру жұмысына бөлінген қаражат игерілді. Баннерлер орнатылды, округтегі мекемелердің жанына және жеке тұрғындарға Ақтөбе қаласындағы ауыл азаматтарының демеушілігімен 150 түп тал әкелініп таратылып берілді. Мекемелер алдына гүлдер егілді. \Округ бойынша көшелер күл- қоқыстан тазартылды..Бөлінген қаражат игерілді.Дегенмен өзен-көл жағасына бейберекет күл-қоқыс төгетін тұрғындар баршылық.Екі жерге «күл-қоқыс төгуге болмайды» деген белгі қойылды.

Аудандық ветеринария мекемесі арқылы бұралқы ит-мысықтардың көзін жойды.

Білім саласы бойынша округтегі жалпы білім беретін 1 орта мектеп, 3 негізгі мектеп жұмыс жасайды, 2015/2016 оқу жылына тартылған оқушы саны 272 бала.

Т.Жүргенов атындағы орта мектеп жанында интернат жұмыс жасайды, онда 9 бала тәрбиеленуде. «Бөбек» балабақшасында 30 бала тәрбиеленуде.

Мектептер қысқы кезеңге дайын.Сұйық отынмен және қатты отынмен қамтамасыз етілген.Жылу жүйелері,жылу пештері жұмыс жасап тұр.Т.Жүргенов орта мектебінің жылу жүйесінің қазандығының электр генераторы жаңартылды.

«Мектепке жол» акциясы кезінде мекеме қызметкерлері,шаруа қожалықтар,кәсіпкерлер жиналып,көп балалы ,аз қамтылған отбасылардың балаларына, ақшалай,заттай көмек көрсетті.

Т.Жүргенов атындағы орта мектеп жыл сайын ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен нәтиже көрсетуде,мектеп ұжымының білім сапасын көтеруге жауапкершілікпен жұмыс жасау керек.

Электр энергиясымен елді мекендер толық қамтылған. Электр жарығы толық уақытылы беріліп тұрады. Нұра ауылының көшелеріне биылғы жылы «Өңірлік даму» бағдарламасымен 30 нүктеге электр жарығы қондырылып,барлығы 65 нүктеде көшеге жарық берілді.

Телехабарлар таратылуы Округ орталығына 1 канал арқылы телехабар таратылады, Дүкен елді мекенінде 2 канал дербес телетаратқыш жұмыс жасап тұр.Барлық үйде «Отау»ТВ телетаратқыш бар.

Мәдениет саласы бойынша округте 3 кітапхана, 3 клуб үйі жұмыс жасайды. Мереке күндері және жылдық жоспарларында белгіленген шаралар уақытылы аталып өтілуде.

«Елдің атын ер шығарады» дегендей,елге елеулі болған,кезінде жемісті еңбек етіп,Нұра еліне еңбегі сіңген Сәрсеналы ағамыздың 80 жасын атап өтіп,жастарға үлгі ретінде көрсетілді.

Нұра топырағынан шыққан тарихшы,өлкетанушы,шежіреші,тек ауылымыздың емес ғалымдар мен бүкіл елге танымал болған Бекарыстан Боранқұлұлының 60 жасын атап өтіп,ауыл халқымен кездесу өткізілді.

Ырғыздың 170 жылдығын жоғары дәрежеде өткізуге ауылдағы мекеме қызметкерлері мен шаруа қожалықтары,жеке кәсіпкерлер белсене ат салысты.Оның ішінде өз ағаш үйлерін апарып тіккен Қараш Жұбаназаров, Шыңғыс Оспанов,қаржылай көмек көрсеткен Ерхосай Балаев,Болат Қоқымбаев,Үсен Ұзақов,Нақыш Ермағанбетова,Мереке Жеңсікбаев,Саламат Дәуренбековтерге алғыс айтамыз.



Пошта байланысы бойынша халыққа еңбекақы және т.б. төлемдер уақытылы таратылып тұрады, баспасөзге жазылуға тұрғындар округ бойынша ұйымшылдықпен жазылуда.Дегенмен газет-журналдардың уақтылы келмей қалуы,түгел келмеу фактілері жиі кездеседі.Телефонды ретсіз қиып тастау фактілері де бар.

Денсаулық саласы бойынша 1 ОДА, 3 ФАП бар оларда 1 дәрігер, 7 медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды,компьютерлендірілген.Өкпе ауруымен жаңадан тіркелгендер жоқ.

Қылмыс жағдайы бойынша 1 қылмыс тіркелді. Ауылдық округте осы кезге дейін тұрақты полиция қызметкері жоқ. Уақытша болған полиция қызметкерлері де тұрақтап жұмыс жасамайды.

Ауыз сумен қамту. Нұра селосы, Мамыр, Дүкен елді мекендері аудан орталығынан тасылатын тасымал сумен қамтамасыз етілуде, Белшер елді мекені құдық суын пайдаланады.

Бүгінгі күнгі округ бойынша басты проблемалар: ауыз су мәселесі және қыс мезгілі кезіндегі елді мекендер мен аудан орталығы аралығындағы жол қатынасы.Ырғыз-Нұра көтерме жолдың қазіргі жағдайы сын көтермейді.Ырғыздан 5 км Нұра бағытына қарай жолда судан қорғауға көтерілген дамба қыста жолды қармен бітеп тастауы мүмкін.Сондықтан оны тегістеуге көмек керек.Аудан орталығынан 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін Нұра,Мамыр,Белшер елді мекендерге ауыз су құбырын жүргізуге сметалық құжат жасақталды. Осыған байланысты 2015-2016 жылдарға Нұра,Мамыр,Белшер елді мекендеріне ауыз су құбырын тарту үшін қаражат бөлуге жұмыстар жүргізілуде.

Округтегі саяси - әлеуметтік ахуалы тұрақты, алдағы уақытта осы аталған жұмыстар жалғасын табады деп сенім білдіремін.




Нұра ауылдық округі әкімі Ж.Төлебай


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет