НҰрбекова аида мұратбекқызы бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың дидактикалық ерекшелігі


Кесте – 1 Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту моделі



бет2/3
Дата11.07.2016
өлшемі0.49 Mb.
#190233
түріАвтореферат
1   2   3

Кесте – 1 Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту моделі




Құрамдаушылар



Критерийлер


Көрсеткіштер

1

Мотивациялық




Оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы

  • Тапсырмаларды орындау барысында логикалық ойлау тәсілдері арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктері.

  • Тапсырмалар мен жаттығулардың алуан түрлеріне нәтижелі кірісе білу.

2

Мазмұндық




Ой операция-лары, ойлау нысандары, түрлері және тәсілдері

  • Ұғымдарға анықтама немесе түсініктеме бере білу;

  • Анықтаманың жәрдемімен ұғымдарды тани алу;

  • Логикалық байланыс жасайтын сөздердің мәнін ажырата білу;

  • Пайымдаулар кезінде жіберілетін қателіктерді таба білу;

  • Сипаттау; пікір айту;

3

Оқытудың амалдық



Танымдық

іс-әрекет




  • Ой қабілеті жұмысының қажетті шарты ретінде білімнің белгілі қорының болуы.

  • Ақыл-ой қасиеттерінің болуы (сыни көзқарас, төзімділік, логикалық ойлау).

  • Оқушылардың шығармашылығын ынталан-дыру (проблемалық тапсырмалар)

Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың құрылымын мотивациялық, мазмұндық, амалдық компоненттерімен тұтастықта ашуға мүмкіндік берді.



Мотивациялық оларға ойлаудың амал-тәсілдері мен әрекеттік құрамды бөліктерін жатқызады да, оқушылар не мақсатпен, не үшін оқиды, білім мен дағдылар не үшін қажет деген мәселелерді түсіндіру аспектісін құрайды.

Мазмұндық құрамдас бөліктеріне оқушылардың білуіне тиіс ұғымдар жүйесі, ережелер, заңдылықтар жатады. Бұл мәліметтер оқытудың бөлігі – оқу бағдарламалары мен оқулықта баяндалады.

Оқытудың амалдық құрамдас бөліктеріне ақыл-ой қызметінің тәсілдерін меңгеру жатқызылады.

Модель компоненттері бір-бірімен өзара байланысты. Осы компоненттерге сүйене отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің деңгейі негізінде көрсеткіштері айқындалды.

Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың моделін эксперименттік жұмыс арқылы тексердік. Педагогикалық эксперимент 2005 жылдан 2008 жыл аралығында үш кезеңде жүргізілді. Зерттеудің негізгі жағдайларын іс-тәжірибе жүзінде тексеру үшін Шымкент қаласының Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы, Қорқыт-ата атындағы №22 орта мектеп, №79 жалпы орта мектеп, Арыс ауданы Саналы елді мекені «Қаражантақ» орта мектебі, Бәйдібек ауданы «Бөген» жалпы орта мектептерінде жүрізілді.

Алғашқы айқындау эксперименті 2005-2006 жылдары өткізілді. Бұл кезеңнің мақсаты, орта мектептің бастауыш мектеп оқулықтарына талдау жасау, бақылау жұмыстарын өткізу, мұғалімдерге анкета жүргізу. Алдымен мектеп оқулықтарына талдау жасадық. Мақсатымыз оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыруға немесе дамытуға арналған жаттығулар мен тапсырмаларға талдау.

Айқындау эксперименттің келесі кезеңінде бастауыш сыныптарында сабақ барысы бақыланып, бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау болатын. Оқушылардың білім деңгейін анықтауға арналған бақылау жұмыстарына логикалық тәсілдерді орындай алу деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар қосылды. Бақылау жұмыстары бақылау сыныптар мен эксперименттік сыныптардан бірдей алынды.

Алынған бақылау жұмыстарына қосылған оқушылардың логикалық ойлауының даму деңгейін анықтауға арналған тапсырмаларды орындауларына қарай және модельдер компоненттерінде айтылғандарды басшылыққа ала отырып, оқушыларының логикалық ойлау қабілеті дамуының 5 деңгейін белгіледік:

5–деңгей (жоғары) оқушы барлық ойлау операциясы және ойлау формасы бойынша тапсырманы дұрыс орындап, түсіндіре біледі.

4–деңгей (орта) оқушы барлық ойлау операциясы бойынша тапсырманы орындап, бірақ аздаған қателер жібереді. Пайымдау жасауда қателеседі және өзінің қатесін түзете алады.

3–деңгей (төмен) барлық тапсырма ойлау операциясы бойынша орындалмайды, қателер жіберіледі, орындаған тапсырмаларды түсіндіруде қиналады және мұғалімнің көмегімен ғана түзете алады.

2–деңгей (өте төмен) тапсырмаларды ойлау формасында орындалғаны байқалмайды, көптеген қате жіберілген, өзбетінше орындау қабілеті өте төмен.

1–деңгей (нөлдік) барлық тапсырманы тек мұғалімнің көмегімен ғана орындай алады.

Оқушылардың логикалық ойлау деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар мен жаттығуларды орындау барысында 5-деңгей бойынша оқушылардың не бары 7 оқушы, 4-деңгей бойынша 28 оқушы, 3-деңгей бойынша 71 оқушы, 2-деңгей бойынша 41 оқушы, 1-деңгей бойынша 39 оқушы. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің даму деңгей 5,4-деңгейлеріне пайыздық көрсеткіш бойынша не бары 18,8 % ғана болды. Бұл көрсеткіш оқушылардың жасерекшелігіне байланысты логикалық ойлау қабілеттерінің даму деңгейі төмен деген сөз. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің даму деңгейлерінің төмен болу себебін табу мақсатымен бастауыш сынып мұғалімдеріне анкета жүргізу болатын. Алдын ала анкета құрылып, сұрақ – жауапқа 49 адам қатысты. Мұғалімдерден алынған анкетадағы назар аудартатыны «Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға арналған жұмыстардың көзделген мақсатқа жетпеуінің себебі неде?» деген сұраққа 22 мұғалім «Әдістемелік нұсқаудың жетіспеушілігінен» деп жауап берген. Сол себепті эксперименттің ізденіс кезеңінде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған бағдарлама құрылды.



Іс-тәжірибенің екінші ізденіс кезеңі 2006-2007 жылдары аралығында өткізілді. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудың әдістемелік жүйесін нақтылау, бағдарлама құру және ондағы кездесетін қиындықтарды анықтау, әдісті қолдану туралы мұғалімдермен әңгімелер жүргізу.

Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналып құрылған бағдарлама Б.А.Тұрғынбаеваның, А.Д.Гетманованың, В.С.Егоринаның еңбектеріндегі ұсыныстарын негізге ала отырып құрылды. (кесте – 2)


Кесте - 2 Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналып құрылған оқу бағдарламасы




Сабақтың тақырыбы және дидактикалық тапсырмалар

Сағат саны

Ұйымдастыру жұмысының түрлері

Қолданыла-тын әдістер

Оқушылардың нені білуі және нені іске асыра алуы керек

Логикалық ұғым мен іс-әрекетке кіріспе

1

Ұғымның белгілері, ерекшеліктерін табу.

2

Материалды

Ұжымдық оқулықпен жұмыс,

1.Ұғымдардың жеке қа-сиеттерімен таныстыру. 2.Ұғымның қасиеттерін, ерекшеліктерін таныту.

2

Ұғымның жеке және ортақ қасиеттері

3

Бағдармалық, материалдық

Ұжымдық және сұрақ-жауап әдісі

1. Ұғымдармен танысу.

2.Ұғымдардың қасиетін тануды жалғастыру.



3

Логикалық байланыс «және», «немесе», «ең болмаса біреуі», «кейбір».

4

Мағлұмат беру

Әңгіме, сұрақ-жауап

1.Логикалы байланыс-тың мағынасын ашу.

2.Сөйлемдердегі шылау сөздердің қолдану ерек-шелігін тануға үйрету



4

Логикалық байла-ныс «барлық», «қай-сы бір», «кез кел-ген», «тек», «әрқай-сысы» ұғымдары.

5

материалды

Ұжымдық оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап

1.Логикалық байланыс-тың мағынасын ашу.

2.Логикалық байланыс-тарды ажырата білуді, қолдануды үйрету.



5


Ақиқат болатын сөйлемдерді дәлел-

2

Материалды,

Әңгіме, ойын.

Кванторлардың қолда-нылуы сөйлемдердің

5

деу және квантор-лардың қолданылуы










ақиқаттылығын дәлелдеуге үйрету.

Жеке заттардың арасындағы қатынас


6

Заттарды мөлшеріне қарай салыстыру.

Сандық элементтер-ді салыстыру



4




фронтальды

1.Балаларды заттарды салыстыра білуге үйрету.

2. «Тең» «Үлкен» «Кіші» «Тең емес», «артық», «кем» белгілерін енгізу.



Заттар мен ұғымдарды жіктеу.



Кесте – 2 жалғасы



7

Заттарды жіктеу.


3

Материалдық

Ұжымдық,

оқулықпен жұмыс,



1.Жіктей отырып мінез-деме беру; белгілеріне қарай топтастыру

8

Ұғымдар арасындағы қатынас.


2

Материалдық

Ұжымдық,

оқулықпен жұмыс,

әңгіме әдісі.


1.Балаларды ұғымдар арасындағы қатынастар-ды таныстыру, топтас-тыруға машықтандыру.

Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналып құрылған бағдарлама бойынша эксперименттік сыныптарға толық курс бойынша сабақтар өтілді.

Алдымен жаттығуларды және тапсырмаларды әдістелмелік өңдеп, бағдарлама бойынша өтілетін тақырыптар бойынша жаттығулар мен тапсырмалар дайындалды. Оқытудың мынадай ғылыми таным әдістері кең түрде қолданылды: бақылау мен тәжірибе, салыстыру мен аналогия, талдау мен жалпылау, индукция мен дедукция, абстракциялау мен нақтылау. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі диссертациялық жұмыста баяндалған. Мысал ретінде біз эксперимент жүргізген сыныптарда құрылған бағдарламаның бірінші тақырыбы «Ұғымның белгілі ерекшеліктерін табу» бойынша өтілген сабақты келтіреміз. Мысалы, мұғалім 1-сынып оқушыларына математика сабағында пластмассадан жасалған көк түсті кішкене текшені көрсетуден және салыстырудан бастайды. Заттың қасиеттерін оны басқа заттармен салыстырып анықтаудың жеңілдеу екендігі түсіндіріледі. Мұғалім салыстыру заттардың қасиеттерін ажырату үшін пайдаланатындығын атап көрсетеді. Заттың бір ғана қасиетін ажырату жеткіліксіз. Бірнеше, әрі ұқсаңқырамайтын әртүрлі заттармен салыстыру жұмысын жүргізеді. Тәсілді жай ғана қолданып қана қоймай, оның мәнін балалардың санасына дейін жеткізіледі.

2-сынып оқушыларына да осы тапсырма орындалды. Оқушылар бір-екі затты салыстырудан кейін-ақ келесі затпен салыстыруды мұғалімнің көмегінсіз салыстыра алады. Жауаптары да толығырақ. Мысалы, «Текшені алмамен салыстырғанда айырмашылы: текше тіктөртбұрышты, алма дөңгелек, текшені жеуге болмайды, текшенің беттері шаршы тәріздес»-деген сияқты көптеген ерекшеліктерін атап айтады және жауаптары толық болады. Тапсырма тағы да күрделенеді. Мысалы, оқушыларға өздерінен текшені тағы қандай заттармен салыстыруға болатынын және қандай ерекшеліктері бар екені сұралады. Оқушылар текшеге ұқсас көптеген заттарды атайды, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айтады.

3-сынып оқушыларына да тапсырма күрделірек құрылады және оқушылардың жауаптары да толық болады. Оқушылар көбінде текшені геометриялық фигуралармен салыстырады неше төбесі болатыны, қырларының ұзындықтарын табуға болатынын айтады.

4-сынып оқушыларына да осы тапсырмалар беріледі. Оқушылар тапсырмалардың айнала қоршаға ортадағы қандай заттармен ұқсастығы және айырмашылығы туралы сұралады. Бірақ мұғалім 1-сынып оқушыларына сияқты әр затты қолына алып отырып сұрақ қою арқылы емес, оқушылардың өздеріне тапсырады. Оқушылар тақтаның алдында тұрған заттардың барлығымен салыстыра алады. Текшені кез келген затпен салыстырып айырмашылықтарын айта алады. 4-сынып оқушыларының жауаптарының 3-сынып оқушыларының жауаптарынан айырмашылығы текшенің өзіне тән қасиетін анық біледі (ұзындығы, биіктігі, енінің ұзындықтары бірдей болатынын) және текшенің көлемін, беттерінің ауданын, периметрін табуға болатынын айтады.



Үшінші кезеңдегі, оқыту іс-тәжірибе жұмысы 2007-2008 жылдары аралығында жүргізілді. Бұл кезеңнің негізгі мақсат – ұсынылған бағдарламаның тиімділігін бақылау, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту барысында оқушылардың білім сапасының өзгерістеріне талдау жасау, оның нәтижесін қорытындылау.

Оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың дидактикалық ерекшелігін анықтаудағы құрылған бағдарлама бойынша өтілген сабақтардан соң бақылау жұмыстары алынды. Балаларға білімді меңгеру мен бекітуге арналған бақылау жұмыстарына логикалық ойлауға арналған тапсырмалар берілді және бақылау сыныптары мен эксперимент сыныптардан бірдей алынды. Алынған бақылау жұмысының нәтижесі бойынша ғылыми зерттеу жұмыстың болжамының дұрыстығын көруге болады. (кесте – 3, сурет–1)


Кесте - 3 Эксперименттік жұмыстан кейінгі эксперименттік және бақылау сыныптардан алынған бақылау жұмыстарының нәтижесі

Сынып



4к2

25оқ.


(э.с)

18оқ.


(б.с.)

17оқ.


(б.с.)

26оқ.


(э.с.)

28оқ.


(э.с.)

2к1

28оқ.


(б.с.)

27оқ.


(э.с.)

17оқ.


(б.с.)

Экс.

сынып


бар:

125оқ.


Бақ.

сын.


бар:

61оқ.



Барлығы 186 оқушы

Деңгей

Оқу.саны

5

саны

14

1

3

9

6

0

5

4

34

8

42

4

саны

8

3

6

13

9

4

8

3

38

16

54

3

саны

3

4

4

3

12

17

9

8

27

33

60

2

саны

0

6

4

1

1

5

3

4

5

19

24

1

саны

0

4

0

0

0

2

1

2

1

8

9




Сурет - 1 - Жалпы эксперименттік жұмыстың эксперименттік сыныптардағы ЭЗЖ басындағы және ЭЗЖ соңындағы нәтижелері

Ұсынылып отырған бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған бағдарлама бойынша өтілген арнайы курс оқушылардың логикалық ойлауды дамытуға игі әсерін тигізеді; бүкіл эксперименттік оқыту барысында эксперименттік сыныптардағы білімнің сапасы бақылау сыныптарына қарағанда анағұрлым жоғары болды. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің даму деңгейі жоғары болған сайын, олардың білімі жоғары және білім алу үдерісі саналы түрде өтетіндігі анықталып отыр.

Педагогикалық эксперименттің нәтижелері ғылыми зерттеу жұмыстың болжамында айтылғандарды дәлелдеп берді және оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға ұсынылып отырған бағдарлама мен арнайы курстың тиімділігін көрсетеді.

Ғылыми зерттеу жұмысымыздың барысында бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту педагогикалық тұрғыдан негізделіп және оны оқу үдерісінде кешенді пайдаланудың бағдарламасы құрылып, бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудағы дидактикалық ерекшеліктері айқындалды:



  • Бастауыш сынып оқушыларының ойлау әрекетіне көрнекі әсер ету басым болып, нақты заттарға немесе оның дәл баламаларына, қабылдау деректеріне сүйенуі;

  • Қорытынды жасау логикалық дәлелдер негізінде емес, қабылдаған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асуы;

  • Ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік-түрлік қатынасты топтастыруы;

  • Мәтінді талдау, оның жекеленген бөліктерін ойша салыстыру, бұл бөліктердегі басты сәттерді ойша айқындау, оларды бірегей көріністерге біріктіру, кейбір жаңа түп нұсқадан қашық жатқан және абстрактілі білім болған пайымдаулардағы жеке нәрселерді жалпылау;

  • Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастауы;

  • Нақты қабылдаудан дерексіз ойға көшуге байланысты ақиқатты тануға болмыстың өзара байланыстарын, қарым-қатынастарын ашуға бағытталуы;

  • Оқыту үдерісі мен тәрбие үдерісінде жүргізілетін жұмыста оқушылардың жасерекшелігін ұдайы қатаң ескерілуі;

  • Пәндік білімдер мен олардың ғылыми мазмұнын меңгеру үдерісінде жүзеге асырылуы;

  • Бастауыш сынып кезеңінде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамуы, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастауы;

  • Оқушылар мұғалімге ғана сұрақ қоймай, өзіне де сұрақ қоюға үйреніп, оған өздігінен жауап беруге тырысып, өз ойының дұрыстығын іс жүзінде мұғаліммен әңгімелескенде тексере білуі.

  • Баланың тапсырмаларды орындауға деген өзіндік талаптың күшеюінен жауапкершіліктің тууы;

  • Сөздік-қорының молаюы;


ҚОРЫТЫНДЫ
Мектептің бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуда психологиялық-педагогикалық, әдістемелік негіздемелеріне және эксперименттік тәжірибе жұмысының нәтижелеріне сүйене отырып төмендегідей қорытындыға келдік:

  1. Оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктері мен бастауышты оқыту курсының оқулықтары мен бағдарламасына талдау бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың мүмкіндіктерінің мол екендігін көрсетті.

  2. Бастауыш сынып оқулықтарындағы тапсырмалар мен жаттығуларды қайта өңдеп жаңа мазмұн беру арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда дидактиканың міндеттерін, оқыту үдерісін, оқу-танымдық іс-әрекетті, оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдарын тиімді пайдалануға болатындығын көрсетті.

  3. Логикалық тәсілдерді қалыптастыру және меңгерту үшін бастауыш мектеп пәндік материалдарға айрықша өзгерістер енгізбей-ақ оларға сәйкесінше әдістемелік өңдеулер жасау жеткілікті;

  4. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған әдістемелік жүйе бойынша оқыту арқылы оқушылардың логикалық ойлауын жоғары деңгейге көтеруге болады;

  5. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің даму деңгейі жоғары болған сайын олардың білімдерінің де жоғары болуына алып келетіні көрсетілді;

  6. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған әдістемелік жүйенің тиімділігі педагогикалық эксперимент арқылы дәлелденді.

Сонымен, ғылыми зерттеу жұмысында бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың дидактикалық ерекшелігі анықталып, көрсеткіштері мен деңгейлері, белгіленуі болашақта бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту ісінің одан әрі жетілдіре түсуге алғы шарт болып табылады. Дегенмен, орындалған зерттеу жұмыс қарастырылып отырған мәселенің шешуін толығымен тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта мынадай көкейкесті мәселелерді зерттеуді яғни, бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту бойынша оқу үдерісін анағұрлым тереңірек зерделеу жалпы білім берудің аталмыш мәселені қарастырудағы жаңа оңтайлы бағыттар мен технологияларды анықтау болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет