тыңдаушысын мезі етеді. Ондай сөздің
керегінен кебегі көп болып
жатады. Әсіресе сөйлеушінің айтар ойы айқын болмай, өзі сөз етіп
отырған жайдан түсінігі бұлдыр болған кезде, сүреңсіз сөздер
киліккіш келеді. Сөз тазалығын сақтауға талаптанған адам белгілі
бір мәселе жөнінде әңгіме қозғамас бұрын сөйлейтінін кесіп-пішіп,
ой елегінен өткізіп алып, жұрт алдына шығады.
Тіл тазалығын
сақтауға талаптанған адам сөз арасын ыбырсыта бермейді.
Сөзді «қызметсіз» жұмсап, тіл шұбарлаудың тағы бір түрі бар. Ол
біреуге байқалса да, біреуге байқала бермейді.
«Мал
төлдету ісін шығынсыз іске асыруды қамтамасыз еттік», «Бұл
– аудандағы аса ірі көрсеткіштің
бірі болып табылады», Мұнай көзін
іздестіру жұмыстары одан әрі жүргізілуде» тәрізді сөйлемдерді
радио, телевизия хабарынан кездестіреміз. Осындай тіркестерді
«қызметсіз»
сөздерден арылтып, етек-жеңін ықшамдап құруға
болмас па еді?
Мал төлдету шығынсыз аяқталды. Бұл – аудандағы ірі
көрсеткіштің бірі,
мұнай көзін іздестіру одан әрі жалғастырылуда деп,
тізбекті басы артық тіркестерден арылтсақ, орны ойсырап қалмайды.
...Болып табылады, болып саналады, бірінен саналады дегендер
қызметсіз тұрған қыстырындылар. Сөйлемді әрдайым
болып
табылады, болып саналады, бірінен саналады тәрізді тіркеске құрудан
гөрі, есім баяндауышқа аяқтаудың тиімді көрінетін кездері бар.
Мұндай құрылымнан жинақылық байқалып тұрады. Ондай қасиетті
сыралғы қалыптасқан мақал-мәтелдердің құрылымынан да
байқаймыз. Мысалы,
«сөздің көркі – мақал, жігіт көркі – сақал. Осыны
тіпті «болып табыладыға» үйір адамның өзі
«сөздің көркі мақал болып
табылады, жігіт көркі сақал болып табылады» демес еді.
Аз сөзбен көп мағынаны жеткізу – сөз мәдениетінің бір қыры.
Бірақ қысқа баяндаудың бәрі шеберлік емес. Шеберлік аз сөзге көп
мағына сыйғыза білуде ғой.
Сонда ғана сөз қысқалығы тіл
мәдениетінің мәнді бір қырына айналады. Француздың белгілі
ғалымы, жазушысы әрі философы Блез Пасқальдың «Провинция
тұрғынына хат» шығармасындағы «Қысқа жазуға уақытым
болмағандықтан, хатты ұзыннан-ұзақ жазуға мәжбүр болып
отырмын» деген сөзін К. Маркс қатты ұнатқан екен. Шындығында,
белгілі бір ойды ойсыратпай жеткізу,
басы артық қолданыстардан
сөзді арылтып отыру, аз сөзбен көп мағынаны білдіру оңай емес,
оған аз уақыт кетпесе керек.
Сөйлеу тілінде «ауытқу көп, дәлдік аз» дегенді желеу етпей,
ондағы ықшамдылық, үнемділік тәрізді
қасиеттерді жетілдіре
отырып әдеби тілді орнықтыра берсек сіреспе тіркес, қызметсіз
қолданыстардан тіліміз тазара түсер еді. Елімізде мыңдаған ұстаз,
миллиондаған шәкірт бар. Тәжірибелі ұстаз шәкірттеріне айтар ойын
сірескен жансыз тілмен емес, икемді, орамды тілмен жеткізеді.
Ондайда ол
кітаптағыдай сөз оралымын, сөйлем құрылымын
беталды қолдана беруден гөрі сөйлеу тілінің амал-тәсілдеріне де
арқа сүйейді. Алайда ұстаз алдыңда бастан аяқ бір сарынмен
сөйлейтін оқушылар да кездеседі. Оның сөйлеу тілін дұрыс арнаға
салып,
шұбырынды сөз, сіреспе тіркес, түрлі қыстырындылардан
тазартып отыру – ана тілін ардақтай білетін әрбір ұстаздың қасиетті
борышы.
Достарыңызбен бөлісу: