ер. Бұл сықылды неткен ер?» дегендегі
мінкен сөзі нендей мағынаны
білдіреді? Бұл тәрізді сұрау байырғы өлең-жырдағы көптеген
сөздерге катысты. Көмескі сөздердің
мағынасы дәлме-дәл ашылмай
жатса, байырғы жырлардың тіл кестесі танылмай, оқушыға
эстетикалық әсері, әрі мен нәрі әлсіреп жететіні белгілі. Рухани
қазынаны танып-білудің бір кілті сөзде жатыр.
Сөз – белгілі бір зат пен құбылыстың атауы. Сөзді білгенмен оның
қандай затты, құбылысты белгілейтінің білмеген, немесе шала-
шарпы ғана білген жан дәлдіктен көз жазып қалады. Кейде осы
айтылғанға керісінше, зат пен кұбылыстың
дәл қалай аталатынын
білмеу, не оған ден коймау да, сөз дәлдігінен жаңылуға себеп
болады. Ондай адам
бота деудің орнына
түйенің баласы, атқа тұсау
салды деудің орнына
аттың аяғына арқан орады деп сөлекет сөйлеп
тұрады. Бұл – сөйлеудегі олақтық. Кейде көзге баттиып тұрмағанмен,
осыған ұқсастау мысалдарды газет-журнал беттерінен де ұшыратып
қаламыз:
қой қырқушы, қозы тәрбиелеуші, қой төлдетуші, қой
өсірушілер бригадасы, қызылша өсірушілер т. б. Сөз дәлдігінен бұлайша
ауытқу – тілімізде осы ұғымдардың қалыптасқан, орныққан
атауларын
(қырықтықшы, сақпаншы, шопандар бригадасы, қызылшашы.
т. б.) елеп-ескермеуден туған. Осы тәрізді мысалды кейде әңгіме,
повестерден де ұшыратып жатамыз. «Шелегін жуып, сарайдан ішіне
сабан тыққан теріні алды да, енесінің алдына тастады» (кітаптан).
Автордың айтайын деп отырғаны –
тұлып. Бұл сөз, рас, қазіргі кезде
кейбірімізге бейтаныс болып та бара жатыр. Жас бұзаулаған
сиырдың төлі өліп қалғанда, сол өлген
бұзаудың терісіне сабан
тығып (тұлып жасап) енесінің көз алдына әкеліп қоятын болған.
Сонда сиырдың сүті қайтпай, сауғанда исініп тұрады. Міне,
шаруашылық өмірдегі осы әрекет «алдамшы, жалған нәрсеге
иланды» деген мағынаны білдіретін
құр тұлыпқа мөңіреді деген
тұрақты сөз орамының жасалуына негіз болды. Белгілі
ағартушы ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерінде
мынадай жолдар бар:
Елде егер жүрсең келмей ұмытпассың,
Сүйгенге сырттан кір сөз жуытпассың.
Тұлыпқа мөңіреген сиырдай боп,
Көрумен сүйген жарың мауық бассын.
Сөз дәлдігіне қойылар талаптың бірі – логикалық дәлдік.
Сөзді тілдегі мағынасына
сай қолданумен бірге сөзде
логикалық кайшылықтың болмауын да ескеріп отыру шарт.
Сөздердің «бірін бірі терістейтін» қасиеті ескерілмей жатса,
баяндауда жүйе болмай, қисыны кашады. «Кең, жарық залға қаз
қатар орнатылған тігін машиналарының біркелкі
сырылдаған үні
еңбек
маршы іспетті» (газеттен);
«Бір отар ақтылы қойға ие
болғанына жылдан асты» (газеттен) «Шаңқай түсте ауылға
қарай
бір топ атты-жаяулы
қара құрымдай қаптап келеді
(журналдан);
Ағады өзен күркіреп,
Ақ моншақ шашып тулайды.
Құяды жаңбыр сіркіреп,
Тыңдайсың одан сан күйді.
Достарыңызбен бөлісу: