Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет26/37
Дата11.03.2024
өлшемі450.47 Kb.
#495037
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
dc91321cafe8ba1e271bba6a06f75119

(Кітаптан.)
Сырылдаған үн мен еңбек маршының үні, бір отар қой мен
ақтылы қой, бір топ аттылы-жаяу мен қара құрымдай қаптап,
құю мен сіркіреу дегендер мазмұны жағынан бірін-бірі теріске
шығаратын қолданыстар. Өйткені сырылдаған үн мен марш үні
оқушы үшін мүлдем екі басқа.
Ал ақтылы қойдың (фразеологизмнің толық түрі: алалы жылқы,
ақтылы қой) мағынасы «мыңғырған, есепсіз көп кой» дегенді
білдіреді, қара құрымдай сөзі де осы тәрізді, санын көрсетуге,
есебін алуға болмайтын көптікті аңғартады. Ал жаңбырдың
сіркіресе құймайтыны, құйса сіркіремейтіні өз-өзінен белгілі.
Бірақ тілімізде кей-кейде логикалық дәлдіктен арнайы ауытқу
кейбір сәттерде жарасымды көрінеді;  «Күн ашықта басына бұлт
үйіріліп жүрген жұмбақ жүрісті жан» (газеттен);  «Күн жаумай
үстіміз су-су болып жүрісіміз мынау» (кітаптан);  Күндіз қолыңа
шам алып іздесең де таппайсың» (журналдан). Бұл тәрізді
қолданыстардағы астарлы мағына, бейнелілік логикалық
қайшылық арқылы, сөздердің бірін-бірі терістеуі арқылы
жасалып тұр. Бұларды лингвистикада оксюморондар деп
атайды. Оксюморондар бір басқа да, жаңылыс қолданыстан
туып жататын логикалық қайшылық екінші басқа, олардың
арасы, әрине, жер мен көктей.
Сырт қарағанда кейбір тұрақты тіркестерде де логикалық
үйлесім жоқтай көрінеді.
Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,
Арын сатып, тіленген малы құрсын, –
дейді ұлы Абай. Осы өлеңдегі ант ішті тіркесі «жанын бере
қарғанып-сіленді» деген мағынаны білдіреді.  Ант сөзінің серт,
уәде, шарт тәрізді сөздермен мағыналас екендігі белгілі. Бірақ
серт, уәде ішті демей, ант ішті дейді. Сонда ант ішу қалай?
Бұлай деу логикалық дәлдікке жатпайды ғой деген күдікті ой


келеді. Бірақ сөз тарихынан құлағдар адам бұл жерде ешбір
қайшылықтың жоқ екендігін байқайды.
Ерте заманда бір-бірімен анттасқан адамдар серт етіп бір ыдыстан
су ішісетін салт болған. Оны ант су деп атаған. Ант ішті тіркесі ант
су ішті дегеннің ықшамдалған түрі. Бұл тіркес байырғы өлең-
жырларда қасам ішті (қасам – араб сөзі) түрінде қолданылады:
Ноғайлыны шаппаққа
Қалмақтар ішті қасамды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет