Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті


серия языка и литературы. 1944, М., 150-бет



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата11.03.2024
өлшемі450.47 Kb.
#495037
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
dc91321cafe8ba1e271bba6a06f75119

серия языка и литературы. 1944, М., 150-бет.


атауларын білдіретін сөздердің түп-төркіні бұлар тәрізді
түсінікті бола бермейді. Мысалы, Марток деген атау қандай
мағынаны білдіреді? Жер аты неге  Марток аталған? Академик
М. Әуезов кейбір атаулардың тарихына, неге бұлай
аталатындығына назар аудара келіп, мәртүк шөбі көп
шыққандықтан, бұл өлке Мәртүк аталған дейді. Шындығында,
мортық, мортық боз деп аталатын шөп аттары осы мәртүк
сөзінің жуан варианты болуы ықтимал.
Қазақстан жерінде Қарқаралы, Қарқара (Алматы облысы)
деген топонимдер бар. Қарқаралы, Қарқара атауы жөнінде ел
арасына тараған әр түрлі аңыз бар. Сондай бір аңыздың
арнасына қарағанда, бұл атау баяғы қилы заман – Жоңғар
жаугершіліктері тұсында дүниеге келіпті. «Кезекті бір жорық
үстінде қалмақтың қызы қазақтар жағына қашып өтіп,
ақсақалдар алдында өзінің анасы қазақ қызы екендігін айтып,
өзінің ақыл-парасатымен нағашы жұртын кайран қалдырып, риза
еткен көрінеді. Сонымен, ақылгөй ақсақалдар әлгі қызды
қазақтың бір батыр жігітіне қосып, осы жерді еншіге беріп, оған
Қарқара деген қалмақ қызының атын қойған екен дейді»
(газеттен)
1 3
.
Сол Айбас тоқтамады тағы шапты,
Тамам жолдың мәнісін оймен тапты.
Қыздың берген қарқарасы түсіп қалып,
Қарқаралы тау атын қоя сапты
(«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»)
Жер-су аттары жөнінде осындай әр түрлі аңыз-әңгімелер –
халықтың сөз тарихын танып, сырын білуге деген ынта-
тілегінен туып жатады. Қарқара – «қыздар киетін бас киім».
Бірақ бас киімге ұқсас болғандықтан,  Қарқаралы аталған десек,
жаңсақтық болар еді. Бас киімнің қарқара деп аталуының
мынадай себебі бар. Ерте кезде ырым етіп қыздардың,
балалардың киімдеріне үкі тағатын. Қарқара – құстың аты. Бұл
құсты да бұрынғы кезде қасиетті көріп, бас киімге қауырсынын
тағатын болған. Қарқара қауырсыны кейініректе әшекей ретінде
қолданыла келіп, бас киім атауына айналған. Сонымен,
қарқараның (құстың) мекен еткен жерлері  Қарқаралы, Қарқара
деп аталғандығы белгілі.
Қазақстан жерінде кездесетін топонимдердің бірі –  Жауырдың
асуы, Жауыртау (Теміртау). «Қызылберіктің сойыл ұстауға
13 М . Ә у е з о в . Шығармалар, 12-том, Алматы, 1969, 78-бет.


жараған азаматы жаңа тегіс аттанып, мына  Жауырдың асуына
қарай беттеп, қарағайға кірді (М. Әуезов).  Жауыртау жөнінде
де ел арасына тараған аңыз бар. «Айбас ай жүреді апта жүреді.
Бір жерлерге келгенде мінген атының тұяғы сөгіліп, арқасы
ошақтай жауыр болып, мүлдем міністен қалған екен. Осынау
жауыр аттың қалған жері содан бері «Жауыртау» атаныпты дейді қыр
аңызы» 
14
. Бұл – аңыз. Бірақ аңыздағы ақиқатты анықтай түсу керек.
Жауыртау, Жауырдың асуы дегендегі жауыр аттың арқасындағы
жара емес. Жауыр – анатомиялық атау, кәдімгі – жауырын. Қазіргі
жауырын сөзі байырғы тіл деректерінде йағыр (жауыр) түрінде
ұшырайды
15
. Жауыр, жауырын сөздері әуелде жарыса қолданыла
келіп, дербес мағынаға ие болған: жауырын – «анатомиялық атау»,
жауыр – «ат арқасындағы жауыр». Бірақ тіліміздегі жарыспалы
сөздердің барлығы бірдей мағыналық жақтан дараланып кеткен жоқ.
Мысалы, сауыр, сауырын сөздерінің білдіретін мағынасы бір.
Бұлардың үш буындысынан гөрі жауыр, сауыр тәрізді екі буынды
көне түрі жер-су аттарына негіз болатындығы да назар аударады.
Мысалы, Сауырдың тауы, Сауыр Азия (Орталық Азия) т. б.
Жер-су атауларын, онда өсетін өсімдік, жүгірген аң, ұшқан құсын
өлеңге қосып, өнер жарыстыру – Жетісу өңірі айтысының ерекше
түрі. Сондай айтыстарда сол өлкедегі өзен-су немесе тау, қоныс
атауларын жүйесімен баяндап, жіпке тізгендей етіп айтып шығу
шарт. Егер айтысушылардың бірі ондай атаулардың бірін қалдырып
кетсе, әріптесінен ұтылғаны. Ел аузынан жазылып алынған сондай
айтыстардың бірінде:
«Тау-таудан Талғар таудың басы биік,
Тұрады Алмалытау оған тиіп
Көктауды көлденеңдеп өлең кылсам,
Күнгейде Шұбарағаш күнге күйіп.
Көрінген бұдан былай Лабасы
Іленің Алтынемел бергі қасы.
Көктауды көлденеңдеп өлең кылсам,
Быжының Өгізөкірген, Үңгіртасы.
Жайлауы біздің елдің Сарыжазық
Көпшілік кедейлерге болған азық» –
14А. С е й д і м б е к о в. Күнгір-күңгір күмбездер. Алматы, 1981, 91-бет.
15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет