слова),
қарулы күштер (вооруженные силы),
ақтар (белые)
қызылдар (красные),
жартылай қорғаушы (полузащитник) т.б.
Ел мен елдің аралас-құраластығы, қарым-қатынасының барысында
бір тілден екінші тілдің сөз алуы, жаңа ұғымның пайда болуы тәрізді
заңды құбылыстың шылауында ілесіп жүрген
жөнсіз калькалар тіл
тазалығына нұқсан келтіреді. Тіл мәдениетін сөз еткен мақалаларда
жарты арал (дұрысы
түбек), аналық қой (дұрысы
саулық, саулық
қой), елу бас қой (елу қой),
қой өсіруші совхоз (дұрысы
қой совхозы)
тәрізді көзсіз калькалардың тіл шұбарлау екендігі орынды
көрсетіліп, дұрыс сыналып та жүр.
Белгілі бір халықтың жасаған мәдени қазынасы, рухани
мұрасымен екінші бір халық аударма арқылы да танысады. Тіл
ұстартып,
көркем ойды ұштайтын, халық пен халықты
табыстыратын, мәдениет пен мәдениетті жалғастыратын –
аудармашылық өнер. Аударма әдебиетті қаламгерлер алтын көпір деп
атайды. Әсіресе СССР халықтары үшін орыс тілінің бұл саладағы
қызметі өлшеусіз. «XX ғасырдағы ұлы шығармалардың бірі» (Луи
Арагон) деп танылған «Абай жолы» эпопеясының 30-дан астам тілде
сөйлегені белгілі. Орыс тілі өзге елді қазақ әдебиетінің М. Әуезовтей
классигімен таныстырды. Ал қазақ оқушылары орыс тілі арқылы
шығармалары ана тілімізге аударылған дүние жүзілік әдебиеттің
жарқын жұлдыздарымен танысып, бауырласып өсті. Аудармашылық
– үлкен өнер. Ондай өнерлі қолдан шыққан еңбектерде кей сөздің
мағынасы
қайта жаңғырып, жаңа қызмет атқарып жатады. Аударма
әдебиет арқылы бір тілден екінші тілге жаңа сөз, жаңа ұғым да енеді.
Тілді нәрлендіру, байытудың бір кезі аударма әдебиет деп
есептейтіндер өз пікірлерін осыларға сүйеніп айтса керек.
В. И. Ленин ғылыми коммунизмнің негізін салушылар – К.Маркс
пен Ф. Энгельс еңбектерін, түпнұсқадағы пікірлерін дәл, мүлтіксіз
аударудың маңыздылығын көрсетіп отырған. «Коммунистік
манифестің» кейбір жерлерін В. И. Лениннің өзі түпнұсқа
тіліне
сәйкестендіріп қайта аударған болатын. Ф. Энгельс пен В. И. Ленин
түпнұсқадан алшақ кететін еркін аудармаға, сөзбе-сөз, сіреспе
аудармаға мүлде қарсы болған. Өйткені еркін аударма түпнұсқадағы
ой, пікірді дәлме-дәл бере алмай, бұрмалап жіберсе, сіреспе аударма,
орынсыз калька мазмұнды бұлдыратып, айтылар ойды түсініксіз етуі
мүмкін.
Өзге халықтың тілінде кездесетін мақал-мәтел, тұрақты сөз
тіркестерін тәржімалауда белгілі
аудармашыларымыз осындай
тәжірибені орынды ескеріп отырады.
Көркем әдебиет пен қоғамдық-саяси әдебиеттерде кездесетін
қалька-фразеологизмдердің саны да едәуір. Әсіресе қоғамдық-саяси
әдебиеттерді аудару барысында орыс тілінен калька жолымен
алынған
балықшы балықшыны алыстан көреді (рыбак рыбака видит
издалека),
ештен кеш жақсы (лучше поздно, чем никогда),
лай судан
Достарыңызбен бөлісу: