НұСҚаулар 6B07303 «Сандық аэрофототүсірілім»



бет2/3
Дата05.12.2023
өлшемі3.12 Mb.
#485509
түріНұсқаулар
1   2   3
фотограмметрическа обработка методичка

СРС сұрақтары:

1. Геопарталдар жайында баяндама жасау.


2. Әр геопарталға кіріп, сараптама және өзгешеліктерін атау.
3. Аталмаған геоперталдарға қысқаша анықтама жасау.
Зертханалық жұмыс №2. ЖҚЗ ҒҰА-ның түсіріс параметрлері

Жерді қашықтықтан зондтаудың деректері қоршаған орта жағдайын жедел және анық зерттеуге және табиғи ресурстарды қолдану мен әлемнің объективті бейнесін алуға мүмкіндік беретін тиімді құрал болып табылады.


Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) – жер үсті және ондағы объектілер: атмосфера, мұхит, жер қабығының жоғарғы қабаты туралы электромагниттік сәулеленудің әсерінен тіркеуші құрылғының зерттелетін объектіден айтарлықтай қашықтықта болатын түйіспесіз әдістер арқылы ақпарат алу. Түсірілімдік аппаратуралардың қабылдайтын толқын ұзындықтарының жұмыс диапазондары микрометрден (көрінетін оптикалық сәуле) метрге (радиотолқындар) дейін болады. Жерді қашықтықтан зондтаудың жалпы физикалық негізі объектінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуінің тіркелген параметрлерінің арасындағы функционалдық тәуелділік және оның биогеофизикалық сипаттамалары мен кеңістіктік орналасуы болып табылады.
Бүгінгі таңда ЖҚЗ – электромагнитті спектрдің толқын ұзындығының барлық диапазонында және радиодиапазонда бейнені алудың сан түрлі әдістерін, бейнені әр түрлі жағынан шолуды – бүкіл жарты шарды қамтитын метеорологиялық геостанциялық спутниктердің кескіндерінен жүздеген квадрат метр участоктардағы аэротүсірілімдерге дейін қамтиды.
Фототүсірілім
Жер үстінің фотографиялық түсірілімдерін пилотталатын корабльдер мен орбиталық станциялардан немесе автоматты спутниктерден алады. Съемка масштабы екі маңызды параметрге тәуелді: түсірілім биіктігіне және объективтің фокустық қашықтығына. Ғарыштық фотоаппараттар оптикалық осьтің иілуіне байланысты жер үстінің жоспарлы және перспективті түсірілімдерін алуға мүмкіндік береді.
Жеке ҒС-нан қолданудың ыңғайлығы үшін фотосхемалар немесе топографиялық тіреу нүктелерінің дәлдігі 0,01 болатын фотокарталар құрастырылады. Фотосхемаларды монтаждауға тек жоспарлы ҒС қолданылады.
Сканерлер көмегімен көптеген жекелеген тізбектеліп алынатын элементтерден тұратын кескіндер құралады. Сканерлі жүйелер көмегімен жер үсті түсірілімінде әр элементке лезде көру өрісінің шегінде тұратын жер телімінің сәулелену жарықтылығы сәйкес келетін кескін қалыптасады. Сканерлік кескін – радиоканалдар арқылы Жерге жіберілген жарық деректерінің реттелген пакеті, олар магнитті лентаға бекітіліп, содан кейін кадрлық пішінге келтіріледі.
Сканердің маңызды сипаттамасы болып сканерлеу (шолу) бұрышы мен шамасына түсірілетін жолақтың ені тәуелді болатын лезде көру бұрышы табылады. Осы бұрыштардың шамасына қарай сканерлер дәл және шолу болып бөлінеді. Дәл сканерлерде сканерлеу бұрышын ±5°-қа дейін азайтады, ал шолу сканерлерінде ±50°-қа дейін көбейтеді.
«Тематикалық картограф» типті жаңа заман сканері көрінетін диапазон спектрінде 30 м және ИҚ-диапазонда 120 м рұқсат етілген жеті диапазонда жұмыс атқарады. Бұл сканер өңделуі көп уақытты алатын өте үлкен ақпарат ағынын береді; соған байланысты кескінді жіберу жылдамдығы азаяды (әрбір каналда түсірілімдегі пикселдер саны 36 млн-ға дейін барады).
Радарлық түсірілімдер
Радиолокациондық (РЛ) немесе радарлық түсірілімдер – қашықтықтан зерттеулердің маңызды түрі. Планеталар үстін тікелей бақылау әр түрлі табиғи шарттармен: қалың бұлттылық, тұман, т.с.с қиындық туғызғанда қолданылады. Ол белсенді болғандықтан қараңғы уақытта да жүргізіле береді.
Z осі Жердің айналу осі бойымен бағытталған және солтүстікті көрсетеді.
X осі көктемгі күн теңелуіне бағытталған.
Y осі X және Z осіне перпендикуляр.
Орбитаның параметрлеріне төмендегілер жатады:
H - Жер бетінің үстінде орналасқан жер серігінің орбита биіктігі;
T – айналым кезеңі – Орбитаның сол нүктенің екі дәйекті өтуі арасындағы уақыт;
Ω – өсу торабының бойлығы;
ω - перигея аргументі – Орбита жазықтығының көтеру түйінінен, орьитаның перигитіне дейінгі бұрыштық қашықтық;
a – үлкен жарты ось;
b – кіші жарты ось;
e – орбитаның эксцентриситеті;
- орта аномалия;
i – орбитаның қиғаштығы. Орбита қашықтығы дегеніміз орбитаның көтеру түйінінің шығыс жағынан, сағат тіліне қарсы бағытталған, жазықтықтан есептелетін бұрыш.
Практика кезінде орбитальді элемент NORAD форматында қолданылады, деректердің екі жолын қамтиды, әр қайсысы 69 элементтен тұрады.



1 - нұсқа
ISEOSAT-7
1 24932U 970498 16263.95227652 .00000035 00000- 00000+4 0 9992
2 4932 10.3233 39.7273 0001053 175.7108 184.3441 1.0042297869755

24932 – NORAD системасындағы спутник;


U – жалпыға бірдей қолжетімділік;
97 – спутник 1997 жылы іске қосылды;
0498– 1997 жылы ұшырылған нөмірі;
16263.95227652– орбиталық элементтердің уақыты;
16 – жыл
263 – жылдың басынан бастап саналған күндер;
.95227652 – 1/100000000 тәулітік бөлігі. Гринвич бойынша
.00000035 00000- 0 – қолданылмайды;
00000+4 – ß = 0,00000 жазудың қысқартылған түрі;
0 – орбита моделі;
999 – орбиталық мәліметтердің сеанс нөмірін түзету;
i = 10.3233 – орбитаның еңіс бұрышы
Ω = 39.7273=39º43'38.28" шығыс түйінінің бойлығы
e = 0001053 – орбитаның эксцентриситетінің мәні
ω = 175.7108 =175º42'38.88" перигей аргументі
= 184.3441 =184º20'38,76" орташа аномалия
n =1.00422978- тәулігіндегі айналымдардағы ортша қозғалыс
69755- жерсерікті ұшыру кезіндегі нөмірі.

Кезеңді есептеу:


T = 1433.93мин.
Орбитаның биіктігін анықтау:
R = = = 65704123.8967

H= R- =65704123.8967 - 6370000=59334123.8967


Жер серігінің айналмалы жылдамдығын анықтау;
V= = =2951.88629 м/с
Жер серікті нүктенің қозғалыс жылдамдығын жер беті бойынша анықтау:
= = 286.198 м/с




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет