Жұмыстың мақсаты: Биотехнологиялық өндірістегі ауыз суының микрофлорасын және судың микробиологиялық көрсеткіштері бойынша санитарлық бағалау жасау.
Тапсырма:
Әртүрлі су үлгілеріндегі жалпы микробтық санды анықтау.
Судың коли-титрін және коли-индексын анықтау.
Жұмысты жүргізу барысы:
Қоректік орталарды және материалдарды дайындау. Петри табақшаларды, пробиркалар, пипеткалар, бутылка немесе флакон.
Қоректік орталар: 0,85% NaClерітіндісі – 300 мл, ЕПА қоректік ортасы – 300 мл; глюкозасы бар қоректік орта – 300 мл; Эндо қоректік ортасы – 300 мл; концентрленген КОДА немесе Кесслер ортасы – 300 мл; нормальды КОДА немесе Кесслер ортасы.
Судың үлгілерін алу: судың санитарлы-бактериологиялық зерттеу жұмысын жүргізу үшін флакон немесе бутылкаға 500 мл үлгі алынады. Суды 10-15 см тереңдіктен аласыз.
Су үлгілері:
Үй жағдайындағы су;
Қардың суы;
Биотехнология кафедрасының суы;
Весновканың суы;
Судың микробтық саның анықтау:
Әрбір үлгіден Петри табақшаның бетіне 30 немесе 300 аспайтын колониялар өсу керек. Кесте бойынша жалпы микробтық санды анықтау үшін алынатын судың мөлшері:
Зерттелетін судың үлгісі
|
Судың көлемі, мл
|
Биотехнология кафедрасының суы
|
1 мл
|
Үй жағдайындағы су
|
1 мл
|
Қардың суы
|
0,1 мл
|
Весновканың суы
|
0,01 мл
|
Судың белгілі мөлшерін алып Петри табақшаға тамызып, оны үстіне 45-500С температурада салқындатылған ЕПА қоректік ортасын құю керек, содан соң Петри табақшаны жақсылап араластырып 37 0С өсіру керек.
Келесі сабақта өскен колониялардың жалпы санын санау керек, судың 1 мл мөлшеріндегі микробтық саның анықтау қажет.
Кәдімгі ішетін судағы жалпы микроорганизмдер саны – 100 колониядан аспау керек; ал ластанған сулардағы жалпы микробтық саны – 500 колония немесе одан көп.
Достарыңызбен бөлісу: |