Судың коли-индекс және коли титрін анықтау. Коли-титр – ішек таяқшалы бактериялар тобының судың минимальды мөлшерінде болуы (мл). Коли – индекс - ішек таяқшалы бактериялар тобының 1 мл зерттелетін суда кездесуі. Бұл көрсеткіштерді бірнеше әдіспен анықтайды: ашу (титрациялық) әдіспен немесе мембранды фильтрлеу әдісімен.
Зерттеу үшін судың 100 мл, 10 мл, 1 мл және 0,1 мл алу керек. Берілгін судың көлемін (100 мл және 10 мл) концентрленген Кесслер немесе КОДА қоректік ортасына егу керек, қоректік ортаның түбіне мақта салу қажет. Ал судың 1 мл және 0,1 мл нормальды Кесслер немесе КОДА қоректік ортасына егу керек. Үлгілерді 24 сағат 37 0С өсіру. Егерде егілген флакондарда қышқыл және газ түзілмесе, онда теріс нәтиже береледі. Зерттеуді тоқтатуға болады.
Егерде флакондар мен пробиркаларда лайлану, қышқыл, газ түзілсе, онда тұзақпен Эндо қоректік ортасына егу жүргізіледі. Эндо қоректік ортасын 4 бөлікке бөліп, тұзақпен егу жүргізу керек. Петри табақшаларды 37 0С өсіру қажет. Егерде Эндо қоректік ортасының бетінде қызыл, қызғылт немесе жылтыр колониялар өссе, онда колонияларды алып одан Грам әдісі бойынша бояу, микроскоп арқылы қарау керек.
Лабораториялық сабақ 6- 7
Сабақтың тақырыбы: «Сүт сарысуында сүт қышықылды микроорганизмдерді өсіру».
Жұмыстың мақсаты: сүт сарысуында сүт қышықылды микроорганизмдерді дақылдау кезінде соңғы биотехнологиялық өнімді алу.
Сүт сары суын түрлі тәсілдермен өңдеуге болады: кептіру, лактоза. Сүт сары суында микроорганизмдер оңай сіңірілетін көміртегі бар. Сарысудың құрамы: сары су түрі құрғақ заттар, ақуыз және май. Сүт сары суындағы көміртектің негізі лактоза болып саналады (сүтті казеин – сүттің негізгі ақуызы, ол α-, β-. Сары судың ақуыздағы аминқышқылдар құрамында алмастырылмайтын аминқышқылдардан тұрады. Сүт сары суында біраз мөлшерде органикалық қышқылдар бар, сары суында біраз мөлшерде минералды қышқылдар кездеседі. Сүт сары суындағы минералды заттар органикалық (0,1-0,4%) және неорганикалық, 30 дан астам түрлі макроэелементтер және сары суға суда еритін көптеген сүт витаминдері өтеді (88% ретинол және токоферол).
Достарыңызбен бөлісу: |