НұСҚаулар «патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология»



бет24/27
Дата20.02.2023
өлшемі0.62 Mb.
#469809
түріНұсқаулар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
KZ стом студ СРСП 14-15

«Бүйрек патофизиологиясы» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақ мақсаты:

  • Бүйрек қызметі бұзылыстары бойынша клиникалық зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, өзін өзі жетілдіру дағдысын қалыптастыру

  • Үш тілдегі глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

  • Қан және зәр анализдерін сараптау машығын жетілдіру

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу коммуникациялық дағдысын жетілдіру



Жүргізу түрі:
Аз топта жұмыс жасау: кейс-стади, кестелерді толтыру, тестілеу.

2,3 тапсырмаларды орындау үшін материалды келесі сұрақтар бойынша меңгеру керек:



  1. Бүйректің негізгі қызметі бұзылыстарын тудыратын себептер. Н

  2. Бүйрек шумақтары зақымдануының негізгі тетіктері

  3. Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары, салдарлары

  4. Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылыстары. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі

  5. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары

  6. Полиурия, олигоурия, анурия, түрлері, даму жолдары.

  7. Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, патогенезі

  8. Нефриттік және нефроздық синдромдардың этиологиясы мен патогенезі (гломерулонефриттер мен пиелонефриттер мысалында)

  9. Несеп-тас ауруының этиологиясы мен патогенезі.

  10. Уремия, түсінік патогенезі;

  11. БСЖ кезіндегі тіс жақ тіндеріндегі өзгерістер.

1 тапсырма. Кейс-стади.


1 есеп. Зимницкий сынауын сараптап, клиренсті есептеңіз. Егер қан сары суында креатинин 6,9 мг/л (қалыпты жағдайда 12-14 мг/л), зәрде – 520 мг/л (қалыпты жағдайда 200-500 мг/л).тәуліктік диурез – 950 мл. С= U зәр/ P плазма х Vзәр (мл/мин) өрнегін қолданыңыз.
Зимницкий сынауын сараптаңыз:

Уақыты

Зәр мөлшері

Зәрдің сал. тығыздығы

9
12
15
18
21
24
3
6

80
100
70
80
150
200
100
150

1030
1020
1025
1020
1021
1025
1025
1032

Бүйректің қызметі туралы қорытынды жасаңыз.
2 есеп. Тапсырмада берілген мәліметтерді медициналық сөздіктермен сипатта. Берілген мәліметтердің негізінде патология туралы қорытынды жасаңыз.
Диурез – тәулігіне 420 мл
Тығыздығы – 1,011
Нәруыз – 2,0 г/л
Көру аймағында бірен-саран сілтілі эритроциттер
Гиалинді, түйіршікті цилиндрлер
АҚ – 175/95 мм с.б.
Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптысы 4,28 - 28,56 ммоль/л)


№ 3 есеп. Хирургиялық клиникаға сүйектердің көптеп зақымдануымен және бұлшықет тінінің мыжылуымен, қан кетумен қабаттасқан ауыр жағдайдағы науқас жеткізілді. Жедел көмек көрсетілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ, екі тәуліктен кейін, жағдайы күрт төмендеп, науқас есін жоғалтты, анурия болды.

1. Жағдайының күрт төмендеуі немен байланысты?
2. Анурияның патогенезі қандай?

4 есеп. Науқасқа 52 жаста, 12 жыл бойы созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Дәрігерге соңғы кездері пайда болған күндіз ұйқышылдыққа, түндегі ұйқысыздыққа, тез шаршағыштыққа, бұлшықет әлсіздігіне, апатияға, төс артындағы және эпигастр аймағындағы ауырлық сезіміне, жүрек айнуы, іш өтуі, терісінің қышуына шағымданды.


Тексергенде: АҚ 165/95 мм.с.б., жүрек шекараларының солға кеңейгені, жүректің барлық жағынан перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; айқын азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатинин клиренсі 45 мл/мин.
Зәр анализі: Тәуліктік диурез – 450 мл. Тығыздығы 1029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясында: көру аймағында біріндеген эритроциттер, лейкоциттер көп мөлшерде, түйіршікті цилиндрлер аздап кездеседі. ҚСҮ көрсеткіштері: рН 7,32; зәрдің титрлік қышқылдығы төмендеген.

  1. Науқаста дамыған жағдайды қалай атайсыз?

  2. Осы жағдайдың мүмкіндік себебі қандай?

  3. Психоневрологиялық, кардиологиялық және гематологиялық симптомдардың және ҚСҮ мен зәрдегі өзгерістердің туындау механизмі қандай?

  4. Науқастағы дамыған бұзылыс күшейгенде қандай жағдайға әкелуі мүмкін?

2 тапсырма. № 10 - сұрақты үш тілде талқылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет