С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ПАТФИЗ.СТОМ. СОБӨЖ.
|
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН БІРІККЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
«ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын қалыптастыру
топта жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
ситуациялық есептерді шешкенде топта жұмыс жасау білуді (өз көзқарасын жеткізе білу, көшбасшылық қасиетін көрсету) үйрену
клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын жетілдіру
сөзжұмбақ шешкенде нозология атаусөздерін қолдануды үйрену
Оқыту тәсілдері:
аз топтарда жұмыс жасау, кейс-стади, сөзжұмбақ шешу.
1 – тапсырма. Кейс - стади
№ 1 есеп
3 жастағы бала қауырт ауырып, селқостық, ұйқышылдық, қалтырау пайда болды. Дене қызымы 38,50С, бір рет құсқан, бала ішінің және басының ауырғандығына шағымданды. 12 сағаттан соң жұтынғанда ауыру сезімі пайда болды. Дәрігер науқасты қарағанда ұртынан, терінің қыртыстарынан, кеудесінің екі жанынан, ішінің төменгі бөліктерінен ұсақ нүктелі ашық қызыл түсті бөртпені анықтады, мұрын-ерін үшбұрышы бозарған, тілі жабынмен қапталған, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Бір апта бұрын жәншаумен (скарлатина) ауырған науқаспен кездескен. Балаға жәншау аңғарымы қойылды. Пенициллин қатарындағы дәрі тағайындалды.
Бір аптадан соң бөрпелер жойылды, баланың жағдайы қалпына келді.
Берілген жұқпалық аурудың даму сатыларын көрсетіңіз, әр сатыны сипаттаңыз, жауабыңызды негіздеңіз.
Антибиотиктерді тағайындағанда балаға қандай ем ұстанымы қамтамасыз етілді?
№ 2 есеп.
Науқас А., 45 жаста, әлсіздікке, жүргенде оң балтырының бұлшықеттеріндегі ауырусынуға шағымданып, шипажайға емделуге келді. Бес жыл бұрын тамырларының ауырғандығынан сол табанында құрғақ жара дамып, кесіліп тасталған. Шипажайда науқасқа жылы күкіртті сутекті сумен бұлау тағайындалды. Бірақ емді қабылдаған соң оны тоқтатуға мәжбүр болды, себебі көктамырда қабыну үрдісі дамығандықтан (флебит), оң балтырының тері асты көктамырларының бойымен ауыратын қатаюлар пайда болды. Бұдан басқа науқаста бұлау қабылдау кезінде артериялық қан қысымы көтеріліп, бас ауыруы пайда болды.
Берілген есепте:
дерттік серпілісті
дерттік үрдісті
дерттік жағдайды табыңыз. Өз қорытындыңызды негіздеңіз.
№ 3 есеп. Музыкант (пианист) қолының саусағын жеңіл жарақаттап алды, ол жерде қабыну құбылысы пайда болды. Ол адамда ауру бар ма? Жауапты негіздеңіз.
№ 4 есеп. Пациенттің тісі жұлынды. Ол адамда ауру бар ма? Жауапты негіздеңіз.
№ 5 есеп. Науқас С., 18 жаста, аурухананың қабылдау бөліміне ауыр халде жеткізілді. Шаңғымен серуендегенде орманда адасып, ағаш астында ұйықтап қалған. Бір тәуліктен соң табылған. Қарап тексергенде: есін жоғалтқан, тікішегінің қызымы 250С, терісі мен көрінетін шырышты қабаттары бозарған, көгістенген, көз қарашығы кеңейген, систолалық артериялық қысымы 40 мм.с.б.б. (диастолалық анықталмайды). Тамыр соғысы минутына 30 рет, тынысы сирек, беткей, рефлекстері төмен, ауыру сезімі жоқ.
Берілген симптомдар жиынтығы өлімнің қай сатысына сәйкес келеді? Жауапты негіздеңіз.
№ 2 тапсырма. Сөзжұмбақ (кроссворд) шешу
Тігінен:
2. «аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық
және әлеуметтік толық сәттілік жағдай»
4. өлім сатысы
6. аурудың нышаны
8. гипоксияға ең сезімтал ми бөлігі
10. өлген организмді тірілтуге үлес қосқан ғалым
12. сауығудың тұрақты механизмдерінің бірі
15. клиникалық көріністердің қайталануы
16. сутегі ионы мөлшерінің артуы
18. пневмониядан өлген баланың оқшауланған жүрегін 19 сағат 30 минөттен соң тірілткен (1902) ғалым, Верный қаласында тұрған.
19. «әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы»
21. Ф.А. Андреев (1913) ұсынған организмді тірілту мақсатында жүрекке қарай артерия арқылы сұйықтықты енгізу әдісі
23. денсаулықтың өлшемі
26. денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай
Достарыңызбен бөлісу: |