Бақылау сұрақтары
Жүйке жүйесі қызметі бұзылыстарының этиологиясы. Жүйке жүйесінің қорғаныстық жолдары.
Нейрондар мембранасы бұзылыстарының патогенезі (МАТ әсерленуі, мембраналық фосфолипазалар, әсерленуі, осмостық бүліністері, ірі молекулалы кешендермен бүліністері). Нейрондар денесінің, аксондардың, дендриттердің бүліністері, себептері, даму жолдары, салдарлары
Патологиялық күшейген қозу генераторы туралы түсінік, даму жолдары, салдарлары. Дерттік жүйе туралы түсінік.
Синдромдар туралы түсінік: тежелудің тапшылығы, тежелуден шығу синдромы, денервация, деафферентация, нәрленістің бұзылуы синдромдары
Ауыру сезімі, түрлері. Ноцицепциялық, антиноцицепциялық жүйелер туралы түсінік. Ауыз қуысы ауруларындағы ауыру сезімі..
Эндокрин жүйе қызметі реттелуінің орталық механизмдерінің бұзылыстары. Эндокрин жүйе физиологиясы, эндокриндік жүйе қызметінің трансгипофиздік және парагипофиздік реттелуі. Кері байланыс механизмдерінің бұзылыстары
Ішкі секреция бездерінің өздерінде дамыған дерттік үрдістер, этиологиясы, патогенезі.
Гиперпаратиреоздағы тіс жақ аймағы өзгерістері
Гормондар белсенділігі шеткері механизмдерінің бұзылыстары, этиологиясы, патогенезі.
Жүйке және эндокрин жүйесі ауруларын патогенездік емдеу ұстанымдары.
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, анықтамасы, жіктелуі. Зорығудан болатын жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, түсінігі, көлеммен зорығу (жүрек алдылық жүктеме) және кедергімен зорығу (жүрек соңылық жүктеме) себептері. Ф.З.Меерсон бойынша жүректің патологиялық гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияға ұшыраған кардиомиоциттердің ерекшеліктері.
Жүрек қызметінің миокардтық түрінің коронарогенді жеткіліксіздігі. Коронарлық жеткіліксіздік, себептері, патогенезі.
Коронарогенді емес жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің миокардиалды түрі. Кардиомиопатиялар түрлері, себептері, патогенезі. Жүрек қызметі көрсеткіштерінің өзгеруі және жүрек қызметі жеткіліксіздінің теңгерілмеген сатысының клиникалық көріністері.
Тамыр тонусы бұзылыстарының жіктелуі. Тамыр тонусы реттелу тетіктері. Артериялық гипертензиялар туралы түсінік, түрлері. Әйгіленімдік гипертензиялар (бүйректік, гормондық, нейрогендік), патогенезі.
Біріншілік гипертензияның пайда болуына әкелетін қауіп-қатер жайттары. Артериялық гипертензиялардың емдеу және алдын алу ұстанымдары.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің анықтамасы. Патогенезіне, зақымданған орнына, қанның газдық құрамының өзгеруіне қарай сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері
Өкпе вентиляциясының бұзылыстары, себебі, патогенезі. Гиповентиляцияның обструктивні түрі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының обструкциясының себептері, патогенезі, өкпе көлемдерінің өзгерістері. Стоматологиялық аурулар мен іс-шаралардағы тыныс жолдарының бітелуі.
Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрі, өкпеішілік, өкпеден тыс себептері, патогенезі, өкпе көлемдерінің өзгерістері.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі. Ұяшық-қылтамырлық мембранадан газдардың диффузиясының бұзылу себептері, механизмдері.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі. Өкпелік гипертензия мен гипотензиялардың себептері мен даму тетіктері. Вентиляциялық-перфузиялық арақатынастың бұзылыстары, тыныс жеткіліксіздігі патогенезіндегі маңызы
Сыртқы тыныс реттелуінің бұзылыстары (тыныс орталығының, афферентті, эфферентті тетіктердің зақымдануы), этиологиясы, патогенезі.
Тыныс ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылыстарының тетіктері және себептері. Брадипноэ, тахипноэ, гиперпноэ, апное. Үзілістік тыныстар, ақтық тыныс түрлері.
Ентігу, анықтамасы, даму тетіктері. Ентігудің түрлері, патогенезі Тұншығу туралы түсінік, себептері, сатылары және олардың патогенезі.
Өкпе вентиляциясы, диффузиясы, перфузиясы бұзылыстарының патогенездік емдеу ұстанымдары
Лейкоцитоз, анықтамасы, жіктелуі. Патогенезі бойынша түрлерінің сипаттамасы. Нейтрофилді лейкоцитоз кезіндегі лейкоциттік өрнектегі өзгерістер. Ядролық солға жылжу туралы түсінік. Ядролық солға жылжудың түрлері.
Лейкоцитопениялар, аныктамасы, жіктелуі. Лейкоциттердің сапалық өзгерістері, патогенезі. Қандағы лейкоциттердің шынайы және салыстырмалы азаюының патогенезі.Агранулоцитоз (гранулоцитопении) туралы түсінік, себептері, организм үшін маңызы. Лейкоздар кезіндегі ауыз қуысы тіндері өзгерістері
Анемия анықтамасы, анемияларда эритроциттердің сапалық өзгерістері, жіктелу негіздері. Анемия кезіндегі ауыз қуысы тіндерінің өзгерістері, патогенезі.
Постгеморрагиялық гемолиздік (тұқымқуатын, жүре пайда болған) анемиялар, этиологиясы, патогенезі, шеткері қандағы өзгерістері.
Теміртапшылықты, В12 , фоли тапшылықты анемиялардың патогенезі.
Аплазиялық анемиялар, этиологиясы, патогенезі, қан түзілуінің бұзылыстары, клиникалық көріністері. Анемияларды патогенездік емдеу ұстанымдары.
Гемостаз анықтамасы, компоненттері, сипаттамасы. Гемостаз бұзылыстарының жіктелуі. Геморрагиялық синдромның даму жолдары. Вазопатиялар туралы түсінік, түрлері, даму механизмдері
Тромбоцитопениялар, тромбоцитопатиялардың пайда болу себептері, шығу тегі бойынша түрлері, қанағыштықтың патогенезі
Коагуляциялық гемостаз бұзылыстары. Коагулопатиялар, түрлері, себептері, қан ұю бұзылыстарының механизм
Тромбоздық синдром, даму механизмі, тамырлардағы тромбоздардың салдарлары
Тромбогеморрагиялық синдром (ТШҚҰ-синдромы) анықтамасы, ТШҚҰ-мен жүретін аурулар. Тромбогеморрагиялық синдром сатылары, патогенезі
Лейкоздар, анықтамасы, жіктелуі. Лейкоздардың этиологиясы, патогенезі. Лейкоздардағы шеткері қандағы өзгерістер. Лейкоздардың клиникалық көріністері, олардың патогенезі. Лейкоздар кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер. Лейкоздарды патогенездік емдеу ұстанымдары.
Ас қорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Асқорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік. Гипер- және гипосаливация, себептері, патогенезі, салдарлары.
Асқазанның диспепсиялық синдромы дамуының себептері мен патогенезі. Асқазанның сөл бөлу және қимылдық қызметінің бұзылыстары, даму тетіктері, салдарлары.
Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, «озбырлық факторлары» мен «қорғаныстық факторлардың» асқазанның ойық жара ауруы патогенезіндегі маңызы.
Қуыстық және қабырғалық ас қорыту, этиологиясы, патогенезі. Біріншілік және екіншілік мәлабсорбция туралы түсінік, патогенезі.
Ұйқы безінің ахилиясындағы асқорыту бұзылыстарының патогенезі. Қауырт және созылмалы панкреатиттің этиологиясы мен патогенезі.
Іш қатулар мен іш өтулер, себептері, даму тетіктері, салдарлары. Ішектік аутоуыттану, себебі, көріністерінің патогенезі. Ішектегі асқорыту бұзылыстарының патогенездік емдеу ұстанымдары.
Бауыр жеткіліксіздігі, анықтамасы, этиологиясы, түрлері. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі зат алмасу, физиологиялық жүйелер функцияларының өзгерістері, патогенезі.
Бауырдың уытсыздандырушы қызметі, Бауырлық кома, патогенезі.
Сарғыштану, түсініктемесі, түрлері. Гемолиздік, механикалық, ұлпалық сарғыштану. Холемиялық, ахолиялық синдромдардың патогенезі.
Бауыр жеткіліксізідгін патогенездік емдеу ұстанымдары.
Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары, салдарлары
Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылыстары. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі
Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары
Полиурия, олигоурия, анурия, түрлері, даму жолдары.
Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, патогенезі
Бүйректің жіті жеткіліксіздігі, этиологиясы, патогенезі. Сатылары, емдеу ұстанымдары.
Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, этиологиясы, патогенезі. Бүйрек қызметі бұзылу дәрежесіне және диурез өзгерісіне қарай сатылары, емдеу ұстанымдары.
Уремия, түсінік. Уремия кезінде организмдегі өзгерістердің патогенезі. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі (БСЖ) кезіндегі тіс-жақ төңірегіндегі өзгерістер.
1-ші кезең – тестілеу
2-ші кезең – Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптауда тәжірибелік дағдысын, патогенездің сызбанұсқасын құрастыруды бағалау
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |