39-НҰСҚА
115-сеп. «Жеңіс» шаруа қожалығының 65 га жері ЭЛУ-Зб- ға Қаскелең қаласының солтүстігіне қарай автомобиль жолы үшін тұрақты пайдалануға берілген, және жолды көгалдандыруды қоса алғанда 60 метр жолдың шетін белгілеу нормаларымен тұрақты пайдалану ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Құрылыс жолмен кесілген жерде шаруа қожалығының ауылшаруашылық өндірісіне қажетті жағдайларды жасау және сақтауға зиян еклтіру арқылы жүргізілді. Жол беті, пректіде көрсетілгендей, басқа жерден алынып келген тастар есебінен жасалынған жоқ, көрші суармалы жерлердің топырақ қабатын бульдозермен жол бетіне итеріп салу жолымен жасалынды, соның салдарынан қожалықтың өнім беретін жерінің 15 гектары бүлінген. Қожалықтың басшысы аудан әкімшілігінің басшысына шағым білдірді.
- Істі шешіңіз.
- Жоғары өнім беретін ауылшаруашылық жерлерін ерекше қорғауға ен кіреді?
- Жер пайдаланушыларға келтірілген зиянның орнын толтырудың негіздері мен тәртібі қандай?
- Мұндай жағдайда ауылшаруашылық өндірісіне келтірілген шығынның орны толтырылады ма?
116-есеп. Ахметовтар және Баймурзаевтар отбасылары шаруа (фермер) қожалығын жүргізумен айналысатын. Ахметовтың үлкен ұлының үйленуіне байланысты, оған шаруа (фермер) қожалығының мүлкінен үлесін бөліп беру туралы сұрақ туындады.
- Істі шешіңіз.
- Шаруа (фермер) қожалығының мүлкінің құқықтық режимін көрсетіңіз.
- Ахметовтың үлкен ұлының үлесі қандай?
117-есеп. Ауылшаруашылық кооперативінің жүргізушісі М., сүт- тауар фермасына жемнің құнарлығын арттыратын концентраттарды жеткізуі керек болатын. Жолда автомобиль сынып қалады, жүргізуші М., оны жөндегенше, жаңбыр жауып, соның салдарынан концентраттар бүлінеді. Кооперативтің басқармасы, бүлінген концентраттар жемге қажетті құнарлық бермегенліктен сүттің мөлшері азайып қалды деп, М., жалақысынан 21300 теңге ұстап қалады. Сүттің алынбаған мөлшері М., жалақысынан ұсталынған болатын. Кооперативтің басқармасының шешімімен келіспеен М., сотқа жолданады.
- Істі шешіңіз.
- Ауылшаруашылық жұмысшыларының материалдық жауапкершілігінің туындау негіздері қандай?
- Ауылшаруашылық кооперативінің мүшелерінің материалдық жауапкершілігінің ерекшелігі неде?
- Ауылшаруашылық кооперативінің мүшелерінің материалдық зиянның орнын толтыруының тәртібін сипаттап беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |