НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет31/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

101-есеп. Аудандық сот прокурордың “Луч” атты мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынның мүддесімен тракторист Борисовқа жұмыс барысында салақтықпен сындырған ауылшаруашылық инвентарінің құнын, 14570 теңге өтеуді сұраған талабын қанағаттандырады. Ал, Борисов облыстық сотқа берген кассациялық арызында оның айлық жалақысынан 14570 теңгені ұстауға келісім бермегендігін және материалдық жағдайын ескеруді өтінгендігін (айлық жалақысы 2200 теңгеден құрылады), сондай-ақ ауылшаруашылық инвентарінің сынуы оның дұрыс қарамауынан болғандықтан көрсетті.

  • Істі шешіңіз.

  • Жұмысшының кәсіпорын мүлкіне келтірген зиянды өтеу тәртібі қандай?



102-есеп. “Амангелды” совхозын мемлекеттік иелігінен алу және мүлкін жекешелендіру барысында совхоздың еңбек ұжымы кооперативтік ауылшаруашылық кәсіпорын құруды шешті, оның мүшелерінің жартысы мал өсіру фермасына қызмет көрсету жұмысымен айналысатын мүшелері жеке шаруа (фермер) қожалығын құруды шешеді. Олар совхоз директорына малдың жартысын, трактор, автокөлік және т.б. өндіріске қажетті негізгі қаражатымен 10 га жер бөлуді сұрады.
Бұл екеуілерін де совхоз директоры аудандық әкімшілік басшысына жіберді. Өтінішті қарап, аудандық әкімшіліктің басшысы мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарының мүлкін жекешелендіру ерекшеліктері туралы ҚР заңының 15 бабының негізінде еңбек ұжымымен жекелеген мүшелерінің шешімдерін қанағаттандырудан бас тартып, “Еңбек” колхозымен бірігіп акционерлік қоғам құруды ұсынды.

  • Жекешелендірудің нысаны және тәртібі қандай?

  • Қандай органдар және қандай мерзім ішінде мемлекеттік иелігінен шығару мәселесін шешуі тиіс?

  • Шаруа (фермер) қожалығын құру тәртібі.

35-НҰСҚА


103-есеп. Ермаковтар жанұясы шаруа (фермер) қожалығын құруды шешіп, 1998 ж. 14 наурызда жанұя басшысы Ермаков Е. аудан әкімшілігіне жер учаскесін беру туралы өтініш жасады. Өтінішке жауап 1998 ж. 25 маусымда берілді, онда қысқа мерзімді пайдалануға 1 гектар көлемінде жер учаскесі ұсынылған. Бұған негіз ретінде құрылатын қожалықтың бір мүшесі Ермаков И. Ресей азаматы екендігі көрсетіліп, ал шет ел азаматтарына ҚР-да тұрақты пайдалануға жер берілмейтіндігі көрсетілген.
Ермаков Е. аудан әкімінің шешімін заңсыз деп есептеп және оның ҚР-ның азаматы ретіндегі құқықтарына нұқсан келтірілген деп есептеп сотқа талап арыз берді.

  • Істі шешіңіз.

  • Қандай орган және қандай мерзімде мұндай өтініш бойынша жер учаскесін бөлу туралы шешім қабылдайды?

  • Қандай тұлғалардың шаруа (фермер) қожалығын құруға құқығы бар?

  • Аудан әкімінің шешімі заңды ма?



104-есеп. Жер пайдалануы көршілес және ортақ шекаралас “Рассвет” ауылшаруашылық кооперативі мен “Луч” шағын кәсіпкерлігі өзара келісім арқылы көлемі бірдей жер учаскелерін ауыстырып, кейін аудандық әкім басшысына жер пайдалану шегін жер пайдалану құқығына мемлекеттік актілерде өзгертілуін өтінді. Әкімшілік басшысы, “Расвет” ауылшаруашылығы кооперативі мен “Луч” шағын кәсіпкерлігінің жер пайдалану шегін жер басқару мемлекеттік органның қатысуынсыз шешкендігін ескерте отырып өтінішті қанағаттандырмады.


  • Аудандық әкімшілік басшысының әрекеті дұрыс па?

  • Жер пайдалану шегін өзгертудің тәртібі қандай?

  • Ауылшаруашылығында жер ресурстарын басқару органдарының өкілеттілігін атаңыз.

  • Ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жарғысына қандай талаптар қойылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет