Ампулалық шынылардың сапасын қандай көрсеткіштері бойынша анықтайды? Химиялықжәнетермиялықтұрақтылығынқалайанықтайды?
Шыны сапасын аныктау. Шыны сапасын бағалау кезінде оның химиялык жэне термиялықтөзімділігін аныктайды.
1. Химиялык төзімділік. Кейбір жағдайларда шынының химиялык төзімділігін сыртқы түрінен-ақ аныкхауға болады. Сактау кезінде шынының бет жағында силикаттарды біртіндеп сілтіге айналдыратын ылгалды пленка пайда болады. Ауадагы көмір қышқылы сілтілерімен әрекеттесіп, сілтілік-жер металдарының карбонатгарын түзеді, олар кепкен кезде лас қабықтар қалады. Мұндай ластанудың өзі-ак шынының химиялық төзімділігінің төмен екенін көрсетеді. Шынының химиялық төзімділігі ГОСТ 10780-64 бойынша анықталады.
Іріктеп алынған ампулаларды ыстық сумен мұкият жуады, дистилденген сумен 2 кайтара шайқайды, жаңадан айдалган дистилденген сумен номинальды көлеміне дейін толтырып, дәнекерлейді. Ампулаларды 2 атм. қысым жағдайында 30 минут бойына автоклавта І20-121°С температурада қыздырады. Сонан кейін олар салқындаган соң pH өзгеруін потенциометр көмегімен анықтайды: pH өзгеруі АБ-1 маркалы ампулаларда 4,5 жоғары болмауы керек; НС-1 маркасы үшін - 1,3 және НС-3 маркасы үшін - 0,9-дан; СНС-1 - 1,2-ден жогары болмауы тиіс (потенциометрлік әдіс).
Сонымен катар фенолфталеиндік эдіс те колданылады. Ампулаларды фенолфталеин индикаторы қосылған су ерітіндісімен толтырады (2 мл cyra 1 тамшы 1% фенолфталеин ерітіндісін қосады). Дәнекерленген ампулаларды 3 бөлікке бөледі: бірінші
бөлігін 100°С температурада 30 минут; екінші бөлігін-120°С температурада 20 минут стерильдейді, ал 3-бөлігін салыстырып бақылау үшін алып қалады. Химиялық таза шыныдан (НС-1) жасалған ампулаларда автоклавта стерильденгеннен кейін ерітіндінің түсі өзгеремейді. Егер автоклавта стерильденгеннен кейін ампулада қызыл түсті бояу пайда болса, ал 100°С температурада мүндай өзгеріс байқалмаса, онда бұл шыны маркасы НС-2 болтаны. Ал екі жағдайда да ерітінді түсінің өзгеруі (қызыл бояу пайда болуы) шынының химиялык төзімділігінің томен екенін көрсетеді, яғни, бұл шыны маркасы АБ-1 жэне ол тек майлы ерітінділермен толтыруға арналады.
2. Тсрмиялык төзімділікті анықтау. Ампулалар термиялық төзімді болуы керек, яғни, стерильдеу кезінде сынып кетпеуі керек. Термиялық төзімділікті төмендегідей аныктайды: тексерілетін ампулаларды дистилденген сумей толтырып, дәнекерлейді жэне 120°С температурада 30 минут бойына автоклавта қыздырады. Егер ампулалардың 98% бутін қалса, онда ампулалар партиясы
термиялық төзімді деп саналады. Екінші тәсіл бойынша да анықтауга болады. 50 ампуланы 18°С температурада 30 минут ұстап тұрады, кептіргіш шкафта кассетага ГОСТ-та көрсетілген темпера турада 15 минуттан кем емес мерзімге салады. Кассеталарды тез 5 с арасында шкафтан шыгарып алады да, температурасы 20 ± 1°С суга
толық батырып, 1 минут осы күйде ұстап тұрады. Тексеруге алынган ампулалардың 98% бүтін қалуы керек. НС-3 шыны маркасынан дайындалган ампулалар бүтін калуы керек және 160°С температура өзгерісіне, ал НС-1 - 130°С, СНС-1 - І50°С жэне АБ-1 - 110°С температура өзгерістеріне шыдамды болуы керек.
3. Шынының жеңіл балқуы. Ол тәжірибелік жолмен анықталады. Ампулалық шыны ампуланы шілтер жалынында оңай дәнекерлеу үшін жеңіл балқитын болуы тиіс.
4. Шынының түссіздігі және мөлдірлігі. Шыны түссіз жэне мөлдір болуы керек, себебі, оның ішіндегі механикалык қоспалар оңай анықталуы тиіс. Қоңыр-кызыл немесе басқа түсті ампулаларды эрдайым қолдануға болмайды, оның ішіндегі ерітіндіні бақылауга мүмкіндік болмайды жэне стерильдеу кезінде кейде темір қалдыгы
бөлінуі мүмкін.
5. Кернеу қалдыгы. Олар ампулалар дайындау кезінде
дроттың эр бөлімдерінің бір қалыпты қыздырылмауы есебінен пайда болады. Ампуланың түбі мен капилляры шыны балқығанга дейін қызады, корпусы - шамалы қызады. Осы температуралар айырмашылыгы ерекше болатын жерлерде кернеулер пайда болады. Сонымен қатар, ампулалар қабыргапарының қатты қызатын бөлімдерінің сыртқы беттері айналадагы ауамен жанасу арқьшы тез салқындайды және тез қатады; ал шынының ішкі беттері баяу салқындайды жэне балқыган күйде ұзақ болады, бұл кезде де ішкі кернеу пайда болады. Кернеу қалдыгын поляризациялы-оптикалык тәсіл көмегімен үлгідегі сәулелердің өту айырмасы бойынша ПКС-
125, 250 полярископ-поляриметрінде және ПКС-500 поляриско- пында анықтайды.
6. Жарықтан корғағыш қасиеттері. Бұл қасиетгерді бейта- рап жарықтан қоргайтын шыныдан жасалган ампулаларда 290-450 нм спектр аралығында жарық өтуін өлшеу арқылы аныктайды.
Ампуланың цилиндрлі бөлігінен үлгі кесіп алып, оны мүқият жуады, сүртеді, кептіреді жэне СФД-2 спектрофотометрінің тесігіне
параллельді орналастырады. Жарық өтуінің ең жоғарғы пайызын анықтайды, ол шыны қабыргасының қалыңдыгы 0,4-0,5 мм болганда 35%; 0,5-0,6 мм - 30%; 0,6-0,7 мм - 27%; 0,7-0,8 мм - 25% және 0,8-0,9 мм - 20% құрауы керек..
Достарыңызбен бөлісу: |