23. Эмульсия ұғымына анықтама беріңіз. Эмульсияның типтері. Эмульсия типтерін анықтау тәсілдерін атаңыз.
Эмульсия деп дисперстік фазасы және дисперстік ортасы бір бірінде ерімейтін немесе аз еритін сұйықтықтардан тұратын ішуге, сырт тәнге және парентеральды қолдануға арналған сыртқы түрі бойынша біртекті микрогетерогенді жүйе. Ішуге арналған эмульсиялар официналды дәрілік түр.
Дәрілік түр ретінде эмульсиялардың артықшылықтары: ағзаға енгізілген дәрілік заттардың тез терапевтік әсер көрсетуі; майлы және эфир майларын жағымсыз иісін жасыру; шырышты қабатқа тигізетін дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерін жұмсарту; балалар іс-тәжірибесінде эмульсияларды қолдану тиімділігі; бір дәрілік түрге бір-бірінде араласпайтын сұйықтықтарды біріктіру мүмкіндігі.
Эмульсиялардың кемшіліктері: агрегаттық тұрақсыздығы; дәріхана жағдайында технологиясының қиындығы.
Майлы эмульсияларды дайындау ережелері:
1. Егер жазылымда майдың атауы көрсетілмесе, онда эмульсия бадам немесе шабдалы майымен дайындалады;
2. Рецептіде майдың мөлшері жазылмаса, онда 100,0 г эмульсия дайындау үшін 10,0 г май алынады (1:10).
3. Эмульсия келіде эмульгаторды маймен және сумен ысқылай отырып дайындалады
4. Эмульсия технологиясы 2 сатыдан тұрады: біріншілік эмульсия алу және оны сумен сұйылту
5. Біріншілік эмульсия алу кезінде оны құрайтын компоненттердің: майдың, эмульгатордың және судың мөлшерлік қатынасын қатаң түрде сақтау қажет. 10,0 г майға 5,0 г желатоза алынады. Біріншілік эмульсияға арналған су: май мен эмульгатор салмағының жартысындай мөлшерде алынады: 10+5 /2=7,5
Эмульсияға дәрілік заттарды енгізу. Эмульсия құрамына кіретін дәрілік заттар олардың полярлы немесе полярсыз фазаларда ерігіштігіне байланысты енгізіледі.
а) Суда еритін заттарды біріншілік эмульсияны сұйылтуға арналған су бөлігінде ерітеді.
б) Майда еритін дәрілік заттарды (камфора, ментол, анестезин, тимол, майда еритін витаминдер, гормонды препараттар) біріншілік эмульсия дайындар алдында майда ерітіп алады. Эмульгаторды және біріншілік эмульсияға қажет судың мөлшерін есептеген кезде, майлы фазаның (май + дәрілік зат) салмағының өсетіндігі ескеріледі.
в) Суда да, майда да ерімейтін дәрілік заттар (танальбин, висмут тұздары, мырыш тотығы, магний тотығы және т.б.) дайын эмульсия құрамына майда ұнтақ (суспензия) түрінде енгізіледі.
г) Майда еритіндігіне қарамастан фенилсалицилат, бензонафтол дайын эмульсия құрамына суспензия түрінде енгізіледі. Егер оларды майда ерітсе, антисептикалық әсері төмендейді. Осы екі дәрілік зат гидрофобты болғандықтан оларды тұрақтандыру қажет. Тұрақтандырғыш ретінде желатоза, шайырлар немесе басқа ББЗ қолданылады.
д) Тұндырмалар, шырындар, сұйық экстрактылар, спиртті ерітінділер дайын эмульсияға сұйылтылған күйінде қосылады.
е) Егер эмульсия құрамына эфир майлары енсе, онда тұрақты эмульсия алу үшін, эфир майларына теңдей немесе екі есе мөлшерде эмульгатор алынады.
Эмульсиялардың сапасын бақылау. Дайындалған эмульсиялардың сапасын басқа ішуге қолдануға арналған сұйық дәрілік түрлердің сапасын анықтау көрсеткіштері бойынша бағалайды. Сонымен қатар эмульсияға тән көрсеткіштер анықталады.
1. Эмульсиялардың термиялық тұрақтылығы. Эмульсиялар - тұрақсыз жүйелер. Қыздырған кезде жеңіл қабатқа бөлініп кетеді. Егер 500С-қа дейін эмульсияны қыздырған кезде ол қабатқа бөлінбесе, онда эмульсия тұрақты деп есептелінеді.
2. Тұтқырлығы. Бұл қасиет сырт тәнге қолдануға арналған эмульсияларға маңызды көрсеткіш болып саналады. Оны анықтау үшін арнайы құрал (вискозиметр) қолданылады. 3. 15 000 айн./мин. жылдамдықта центрифугирлеу кезде эмульсиялар қабатқа бөлінбеуі керек. 4. Біртектілігі. Эмульсиялардың біртектілігін микроскоппен қарап анықтайды. Визуалды (қараусыз көзбен) қарағанда біртекті тұрақты эмульсиялар сүт тәрізді болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |