Нурмаганбетова альбина курмангалиевна


Ескерту - экономикалық әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған



бет2/2
Дата27.06.2016
өлшемі309 Kb.
#161032
1   2

Ескерту - экономикалық әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған

Сурет 2 Су ресурстары және экономикалық дамудың байланысы


Трансшекаралық өзен су ресурстарын басқару проблемасы оларды қайта бағалаудан кейін өзектілігі артып отыр. Орталық азия елдерінің ішінде су тапшылығы орын алған Қазақстан үшін су балансын жақсарту жолдарын іздеу қажет. Су көлемінің азаюы экономикалық көрсеткіштерге, экожүйе мәселесін шешуге, сумен қамсыздандырудың әлеуметтік кепіліне де тікелей байланысты.

Сонымен бірге, елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін суды тұрақты тұтыну стратегиясы қағидасын ұстану су ресурстарының мемлекеттің экономикалық дамуымен тікелей байланысы мен өзара байланысы бар екенін көрсетеді.Сонымен қатар, елдегі табыстың деңгейі мен экономикалық сектодағы судың шығындалуы арасында тікелей тәуелділік бар. Экономиканың өндірістік және үй жай тұрмыстық сектоларда судың қолдану көлемі жоғарылаған сайын жан басына шаққандағы табыстың деңгейі соғұрлым жоғарылайды. Керісінше ауылшаруашылығына берілген судың қамтылу басымдылығы жан басына шаққандағы табыстың деңгейі орта және төмен елдерде негізгі бөлімі болып табылады.

Табыс деңгейі жоғары елдер үшін су ресурстарын экономика салалары бойынша бөлген жөн. Өндірістік күштерді таратуды анықтауды және жиі өндірістік құрал болып табылатындықтан су бұл елдерде маңызды факторларының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығында су ресурстарын жоғары пайызда қолдану өндірістегі су сыйымдылығымен түсіндіріледі. Суармалы жерлердің жоғары өнімділігін барлық елдерде аумақтардың жылдам үлкеюіне әсер береді, ауыл шаруашылығындағы өндірістің шамамен жартысынан көп бөлігіне әкелді.

Үй жай тұрмыстық сеторындағы су ресурстарын пайдалануға барған сайын шектеу койылуда, тұщы судың жетіспеушілігімен су көздерінің ластануы осы елдердегі өмір сүру деңгейінің төмендеуіне себепші. Өз кезегінде таза ауыз суға шектелген рұқсат санитарлық – эпидемиологиялық ахуалды ушықтырып отыр. Осыған байланысты келесі шаруашылықтар бойынша әлемде су ресурстарын пайдалану қалыптасады.


Кесте 1 - Суды тұтыну мен экономикалық секторлары бойынша қажеттілік

Секторлар

Су тұтыну, млн.м3

Қажеттілік, млн.м3

Өнеркәсіп

2934,60

2046,30

Коммуналды шаруашылық

656,50

452,40

Ауыл шаруашылық

7022,00

4971,80

Басқа секторлар

108,21

76,20

Барлығы

10721,30

7546,70

2001 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда

1092,0 ге төмендеді (9,2%)

546,0 ге төмендеді (6,7%)

Ескерту – Экономикалық әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған

Су тұтыну көлемінің жоғарылауы барлық тармақтар бойынша үлкен шығындарға, төмен сапалы су ресурстарын пайдалануға әкеледі. Ал қажеттіліктің болмауы қанағаттандырушы көздерінің болмауымен түсіндіріледі, бұған себеп су тұтынумен оған деген қажеттілік көлемін төмендетудегі алдыңғы технологиялардың жеткіліксіз шараларда қолданылуы.

Елдің экономикалық дамуы - территориялық - өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын, көпшiлiгiнде елдiң су қорларымен қамсыздандырылғанына байланысты. Қазақстанның жер бетіндегі су қоры орташа сулылықта 100, 5 км3 құрайды, оның 56,5 км3 республиканың аумағында қалыптасады. Қалған 44,0 км3 су көршілес мемлекеттерден түседi: Қытайдан - 18,9; Өзбекстаннан - 14,6; Қырғызстаннан - 3,0; Ресейден -7,5 км3.

Қазақстан сумен қамтамасыздандыруда ТМД елдердi арасында соңғы орынды алады. Меншiктi сумен қамтамасыздандыру 1 км2 жерге 37 мың м3 және бiр кiсiге 6,0 мың м3-ке тең.

Республиканың әр түрлi аймақтарында климаттық ерекшелiктерiне қарай, су қорының 90% көктемдегi мерзiмде өтеді. Сонымен қатар, жер беті сулары аумақ бойынша бір келкі орналаспаған, жылдар бойында және жылдың ішінде өзгеріп отырады, осыған байланысты әр түрлi облыстарда және экономика салаларында сумен қамту әртүрлі. Сумен жақсы қамтамасыз етілген Шығыс - Қазақстан облысы 1 км2 жерге - 290 мың м3. Сонымен бiрге судағы дефицит Атырау, Қызылорда облысында болса, Манғыстау облысында iс жүзiнде тұщы су жоқтың қасы.

Өзеннiң су қорларын экономика салалардың мұқтаждықтары үшiн толық қолдану мүмкiн емес, өйткенi Сырдария, Орал, Тобыл, Іле, Ертiс, Есiл, Торғай, Шу өзендерi бойынша экологиялық, балық шаруашылығы және санитарлық талаптарды қанағаттандыру үшiн жылына берілетін судың жиынтық көлемi, 29,0 км3 құрайды; Ертiс бойынша қажетті су мөлшері көлiк-энергетиялық шығындар мен бiрге Ресейдiң үлесін қосқанда 13,1 км3 құрайды; өзендердiң су қоймасы және алаптарындағы булану және фильтрлеуге кететін шығындары 13,5 км3 бағаланады. Сондықтан, жылдардағы сулылыққа қарай республика бойынша қолданыстағы су қорлары, 25 км3 - тан 43 км3 –қа дейінгі аралыққа ауытқиды.

Еліміздің барлық аумақтарында су қорларының жетіспеушілігінен және интенсивтi өнеркәсiптiң өсуінен су шарушылығының ластануы орын алады. Қалпына келтiруге табиғи ортаның қабiлеттiлiгiнің жетіспеушілігі және жасанды жүктеменiң аралығындағы алшақтық, еліміздегі барлық негiзгi өзен алаптарының экологиялық жағдайын төмендетуге әкеп соғуда.

Қазақстанның экономика салаларының қазiргi деңгейiндегi су тұтыну 35,3-тен 19,5 км3 -ке дейін ауытқиды. Судың пайдалынатын көлемдерiнiң ауытқуы жылдың сулылығына, сонымен қатар экономика салаларындағы ұйымдастыру - құрылымдық өзгерістерге байланысты.

Суармалы егiн шаруашылығының қарқынды және тиімсіз дамуы, сонымен бiрге су ресурстарының аридті ауа райына қарамай реттелуі кіші және iрi өзендердiң бассейнінде су дефицитін тудырды.

"Ақбұлақ" бағдарламасы ауызсудың проблемаларын түбегейлi шешедi деген үмiт бар. Алдағы онжылдықта бағдарлама толықтай жүзеге аспақшы. Бағдарламаның іске асырылу мерзімі ретінде 2011 – 2020 жылдар аралығы белгіленді. Осы жылдар аралығы 2 кезеңнен тұрады: I кезең – 2011 – 2015 жылдар – ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуді АЕМ-нің жалпы санынан 54 %, шағын алаларда – 85 % қамтамасыз ету; II кезең – 2016 – 2020 жылдар – ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуді АЕМ-нің жалпы санынан 80 %, шағын қалаларда – 100 % қамтамасыз ету.

Осы уақыт аралығында алдымызға қойылатын негізгі нысаналы индикаторлар мыналар: әр аудан орталығында сумен жабдықтау объектілерінің мамандандырылған пайдаланушы кәсіпорындары мен ұйымдарын құру; жеке капиталдың қатысуымен, оның ішінде концессиялық келісімдер мен басқа да шарттар негізінде жасалған су шаруашылығы ұйымдарының санын 15 бірлікке дейін арттыру; суды есептеу аспаптарымен қамту: қалаларда - 100 % және ауылдық елді мекендерде - 80%; 3000-нан астам ауылдық елді мекенді жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету; қалалар мен ірі елді мекендер үшін қорларды қайта бағалау мақсатында жер асты суларының 165 кен орнын және топтық су арнасы үшін 15 кен орнын қайта барлау; 86 қала мен 7002 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау жобаларын мониторинг жүйесімен қамту; халықты тәулігіне 24 сағат ауыз сумен жабдықтау.

Қызылорда облысының аумағында пайда болатын жер беті су ресурстарына орташа сулы жылдары 120 млн м3 жалпы көлемде болатын жер бедерінің кейбір айларында жиналатын уақытша су ағындары мен бұлақ ағындары жатады.

Су ресурстарын игеру және қорғаудың кешенді мәселелері оларды пайдалануды дұрыс басқармаудан пайда болады. Осының нәтижесінде Сырдария өзенінің гидрологиялық және гидрохимиялық режимдері тез нашар бағытта өзгерді. Сондықтан, Сырдария өзені алқабының Қазақстан бөлігіне судың келуі табиғи факторға емес, антропогендік факторға байланысты. Бұл шаруашылық қажеттіліктеріне су ресурстарын пайдалану деңгейіне талдау жасағанда дәлелденеді. Қызылорда облысының егін шаруашылығы суармалы жерлерге негізделген.

Сурет 3 –Қызылорда облысының егіс алқаптары мен суландыру жүйесінің орналасуы
Бірнеше ондаған жылдар бұрын облыс бойынша жалпы дақылдардың егіс көлемі 287 мың гектарға жеткен еді. 2001-2011 жылдары инженерлік жүйеге келтірілген суармалы жер көлемі 172 мың гектарды құрады.

Облыста ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында басты роль мамандандырылған сала ретінде күріш шаруашылығына берілген. Облыстағы өндірілетін негізгі дәнді дақыл күріштің өнімділігі 2007 жылы 40,9 ц/га болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 47,8 ц/га жетіп 16,8%-ға көбейген. Демек, бұл көрсеткіштерге сүйене отырып, егіс көлемінің елеулі артпағанымен де, одан алынатын өнімділік деңгейі ерекше мәне беру шараларын жүргізу нәтижесінде жоғарылағаны байқалады.

Күріштің маусымдық суару мөлшері кеңес жылдары аралығында 26-28 мың текшеметрге жеткен болатын. Соңғы жылдары бұл мөлшер бірсыпыра азайып 23-25 мың текшеметр болды. Қазақтың күріш жөніндегі ғылыми зерттеу институтында атқарылған зерттеулерге қарағанда күріштің жаз бойы суды тұтыну мөлшері 8,5-9 мың текшеметрді құрайды. Күріш егісінің алғашқы суға бастыру кезеңінде берілетін су мөлшері жоғарыда айтылған ғылыми мекеменің мәліметі бойынша 3,5-4 мың текшеметрді құрайды. Күріш атызында жаз бойы топыраққа төмен қарай сүзілген су мөлшері 4,5-5 мың текшеметр. Осы аталған үш құрамдас бөлікті қосқанда 16,5-18 мың текшеметр болады. Бұл мөлшер күріш дақылына шын мағынасында қажет ылғал көлемін көрсетеді. Демек, алдағы уақытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп осы дақылды өсіп-өндіруге кететін су мөлшерін әлі де 4-5 мың текшеметрге азайтуға болатыны көрініп тұр. Осылай жасағанда Сырдария өзенінен егіске алынатын су көлемі 10-15%-ға кемиді. Бұл біріншіден, кіші Аралға құятын су мөлшерін көбейтеді. Екіншіден, Сыр өңірі егіс алқаптарында мелиоративтік жүктемені азайтады. Соның негізінде егістіктің экологиялық-мелиоративтік жағдайын жақсартуға жол ашылады.

Қызылорда облысының егін шаруашылығында шешуін таппай отырған мәселелерге келсек, олар: күріш ауыспалы егістігінің дренаждық-қашыртқы жүйелерінің көп жылдардан бері жөндеу көрмегендіктен, тозығы жетіп, су өткізу қабілетінің азаюы (60%), осыған байланысты егістік жерлердің тұздану процесі артып отыр. Бұл жұмыстарды атқаруға шаруашылықтарға ұзақ мерзімге, сый ақысы төмен несие бөліну қажет; облысының егіншілік саласы толығымен суармалы жүйеге бейімделген, яғни трансшекаралық Сырдария өзен су ресурсына біршама тәуелді. Барлық егістің 54 пайызын алып отырған күріш дақылы 90 күн суда тұрып өсіп жетіледі. Сондықтан да күріш дақылы басқа дақылдарға қарағанда суды 10т есе көп қажет етеді.

Арал - Сырдария бассейні аумағында қоныстанған елді мекендердің коммуналдық және өнеркәсіптік сумен жабдықталу проблемасы облыстардың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сай жүзеге асуда.

Қызылорда облысы маңызды минералды – шикізаттық ресурс потенциалға ие. Мұнда 66% – ванадий, 20,1% – цинк, 13,1% – уран, 13,6% – мырыш, 2,1% – мұнай, 1,5% – газ, 0,2% – конденсат және жалпы Қазақстандық су қорында 3,2% – су асты сулары бар. Қазіргі таңда Қызылорда облысы аграрлық аймақтан мұнай өндіруші аймаққа айналды. 2010 жылы 2000 жылдармен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс 2,3 есеге артты.


Кесте 2 - Қызылорда облысы өнеркәсіп кәсіпорындары және олардың іс–қызметі

р/с

Атауы

Орналасуы


Іс–қызмет түрі

Қайта өңдеуші өндіріс

1

«Құмкөл Сервис» ЖШС

Қызылорда қ–сы

Машина жасау

2

«ОЛЖА» ЖШС

Қызылорда қ–сы

Машина жасау

3

«Квант» АҚ

Қызылорда қ–сы

Машина жасау

4

Асфальтбетон зауыты

Қызылорда қ–сы

Бетон өндіру

5

«Химимпекс» ЖШС

Қызылорда қ–сы

Труба шығару

6

«Арал Пластик Қайық» ЖШС

Қызылорда қ–сы

Шыны пластикалық қайықтар шығару

7

«КазпромКызылорда

Қызылорда қ–сы

Қиыршық тас шығару

8

«Шапағат Сүт» ЖШС

Қызылорда қ–сы

Сүт және сүт өнімдерін шығару

9

«БИС» ЖШС

Жосалы кенті

Әр түрлі сала өндірісі

10

«Казгермұнай» БК

Қызылорда қ–сы

Газ өңдеу

11

«Мурат және М» ЖШС

Қызылорда қ–сы

Ұн және жем шығару

12

«Шалқия Цинк» ЖШС

Қызылорда қ–сы

Қиыршық тас шығару

13

«Шапағат ЛТД» ЖШС

Қызылорда қ–сы

Күріш өңдеу

Электроэнергия, мұнай, газ және су өндіру мен тарату

14

«КРЭК» АҚ

Қызылорда қ–сы

Электр энергиясын тасымалдау

15

«Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ

Қызылорда қ–сы

Электр энергиясын тасымалдау және мұнай өндіру

16

«Қызылорда Энергосбыт» АҚ

Қызылорда қ–сы

Электр энергиясын тасымалдау

17

«КуатАмлонМұнай» БК ЖШС

Қызылорда қ–сы

Мұнай және газ өндіру

18

«Қор» АҚ

Қызылорда қ–сы

Мұнай және газ өндіру

19

«Торғай Петролеум» АҚ

Қызылорда қ–сы

Мұнай және газ өндіру

Ескерту – Қызылорда облыстық статистмка департаментінің мәліметтері негізінде

Өндіргіш күштердің дамуының маңызды факторы су ресурстарымен қамсыздандырылу болып отыр. Қызылорда қаласы тұрғындарын және өнеркәсіп орындарын сумен жабдықтау көздері: Сырдария өзенінің бекетінде фильтрленіп тазаланған, өнімділігі тәулігіне 22,5 текше метрді құрайтын жер үсті сулары; Тасбөгет кентінде; Қалалық су желісіне қосылған Қызылорда және Қызылжарма елді мекендерінің әр түрлі жерлерінде орналасқан су ұңғымалары.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті елімізді сумен қамтамасыз етуде жан-жақты шаралар қабылдады. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығын орындау мақсатында «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын iске асырудың ары қарайғы шаралары туралы» және Қазақстан Республикасының үкiметiнiң хаттамалық шешiмiне сәйкес жасалған «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгі су экономика секторының дамуы және су шарушылық саясатының тұжырымдамасы» бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

Қазақстан Арал теңізінің міселесін шешуде бүкіл дүние жүзі елдерінің назарына ілінген «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының (САРАТС) бірінші кезеңінің құрамындағы Көкарал бөгетінің құрылысын 2005 жылы бітіруі және судың мол болуына байланысты 2006 жылдың наурыз айында Кіші Аралдың суы

жобада қарастырылған деңгейге жеткізді.

Ондағы бөгет салынғаннан кейінгі ауланған балық мөлшері (шамамен жылына 1500-2000 тонна) бөгет салынғанға дейінгі ауланған балықтың мөлшерінен ( 51.5 -700 тонна) 2,5 -3 есеге өсті.

Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының аумақтарында жыл сайын қаңтар-наурыз айлары аралығында тасқындарды жіберу бойынша ең ауқымды іс-шаралар және жедел әрі жоспарлы сипаттағы басқа да жұмыстар жүргізіледі.
Кесте 3 - Қызылорда облысы Сырдария өзенінде су тасқыны салдарларын жою бойынша атқарылған жұмыстар шығыны, млн. тг

Жылдар

Қаражаттың мақсатты бағытталуы

Қаржыландыру

көзі


Бөлінген

қаржы, млн. тг



1

2

3

4

2001

Су тасқынына қарсы шаралар

Облыстық

1,300

2002

Жаңақорған ауданындағы бөгетті қалпына келтіру

Облыстық

3,000

2003

Гидроқұрылыстарды құрылыстарды қайта қалпына келтіру, жөндеу, бөгеттерді күшейту, өзен табанын тазалау

Облыстық

12,500

Жарылғыш заттармен қамтамасыз етілу

Облыстық

2,000

2004

Гидроқұрылыстарды құрылыстарды қайта қалпына келтіру, жөндеу, бөгеттерді күшейту, өзен табанын тазалау

Республикалық

280,000

2004

Гидроқұрылыстарды құрылыстарды қайта қалпына келтіру, жөндеу, бөгеттерді күшейту, өзен табанын тазалау

Облыстық

41,380

2005

Гидроқұрылыстарды құрылыстарды қайта қалпына келтіру, жөндеу, бөгеттерді күшейту, өзен табанын тазалау

Республикалық

Облыстық


370,000

2006

Гидроқұрылыстарды құрылыстарды қайта қалпына келтіру, жөндеу, бөгеттерді күшейту, өзен табанын тазалау

Облыстық

132,510

Тұрғындарды эвакуациялау, азық-түлік, мұз жару жұмыстары

Облыстық

30,126

2007



Гидроқұрылыстарды құрылыстарды қайта қалпына келтіру, жөндеу, бөгеттерді күшейту, өзен табанын тазалау

Республикалық


33,160

Облыстық

424,892

Тұрғындарды эвакуациялау, азық-түлік, мұз жару жұмыстары

Республикалық


71,000

«Жөдек» көпірін, автожолды қалпына келтіру,

Республикалық


93,271

«Жалағаш-Жосалы» автожолындағы көпір құрылысы

Облыстық

75,934

Тұрғындардың, құрылыс объектілерінің шығындарын компенсациялау

Республикалық


1051,700

Тұрғындарды «Наурыз» саяжай алқабына көшіру

Облыстық

77,935

2010

Гидроқұрылыстарды құрылыстарды қайта қалпына келтіру, жөндеу, бөгеттерді күшейту, өзен табанын тазалау

Облыстық

273,338

Облыс бойынша барлығы




3211,346

Ескерту - Қызылорда облысы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау департаменті мәліметтері негізінде

Сырдария өзені арнасының жіберу қабілетінің шектеулілігінен артық сулар Арнасай сағасына үнемі жіберіліп тұрды. Ал Өзбекстан су төгінділерін реттеу мақсатында 2004 жылы Арнасайда екі қоршау құрылыстарын (бөгеттерін) салды. Сол уақыттан бері Шардара су қоймасынан Арнасай көлдері жүйесіне суды төгу көлемі су қоймасын пайдалану қағидаларымен бекітілген секундына 2160 текше метрден секундына 600-700 текше метрге дейін шектелді. Бұл бағыттағы ең өзекті мәселелердің бірі Сырдария өзені бассейнінің сағасындағы өзен ағысын реттеу болып табылады, оның шешілуі осы трансшекаралық өзен ресурстарын пайдалануда Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Осы жағдайларда Қазақстан үшін «Сырдария өзенінде Көксарай су реттегіші құрылысы» жобасын әзірлеу қажеттілігі туындады.

2008-2009 жылдары Көксарай су реттегішінің құрылысына 150-ден астам құрылыс ұйымы тартылды. Жұмысшылар саны 7 500 адамнан асты, ал арнайы техника саны 3000 бірліктен астам және 900 бірліктен астам қосалқы техникалар мен жабдықтар, оның ішінде бір ауысымда өндіріс қуаттылығы 4920 текше метрді құрайтын 3 бетон түйіндері болды. Құрылыс жұмысшыларының көбі жергілікті халықтан болды, ал бұл өз кезегінде дағдарыс кезінде өңірдегі экономикалық оң ахуалды ұстап тұрды және халық арасындағы жұмыссыздық саласындағы көптеген әлеуметтік проблемаларды шешті. Әлемдік дағдарыс жағдайында халықты жұмыспен қамту мәселесі және барлық өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігі бірінші тұрды.

Бүгінгі күні мемлекетаралық су қатынастарын реттеу бұрынғы одақ кезінде игерiлген су қорларын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейнді схемасы негiзінде іске асырылады. Сондықтан кез келген шекараға шектес елдер су бөлісу, яғни су қорларының көлемдерi шарттарының қайта қаралуы туралы ұсыныстар енгізе алады. Бұл әсіресе Арал теңiзi бассейнінде орналасқан елдер үшiн көкейкестi мәселе.

Экономикалық тиімділікті жалпы алғанда нәтижелер мен шығындарды салыстыру арқылы анықталады. Қымбат және ұзақ мерзімді жобалардың уақыт факторын есепке алу арқылы нақты шығындар мен болашақ кезең шығындарын ескере отырып, салынған қаражатқа баға беруге болады.

Есептеулер үшін Көксарай су қоймасы құрылысының технико-экономикалық негіздемесінің мәліметтері қолданылды:

- құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоса есептегенде құрылыс құны 138,45 млн. АҚШ долларын және жылдық эксплуатациялық шығындары сомасы 1,4 млн.АҚШ долларын құрады; Көксарай су қоймасының құрылысына қаражат салу үшін Сырдария өзенінің оң жағалауы таңдалды. Құрылысқа ұсынылған бағдарлама экологиялық жағынан да тиімді, су тасқыны қаупі азаяды және еді мекендер көшіп қонбайды.

- экономикалық және экологиялық эффект есебінен (кешенді есепке алуда әлеуметтік әсерлер көбірек есепке алынады) жылдық таза табыс 33,4 млн. АҚШ долларына тең; Сырдария өзені мен Солтүстік Аралды реттеу жобасына сәйкес Коксарай су қоймасының пайдалы сыйымдылығы анықталады. Тоқтағұл су қоймасының ирригациялық жұмыс режимі жағдайында суармалы егіс көлемі 300 мың гектарды құрады. Суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілу деңгейінің артуына байланысты экономикалық тиімділік, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артады: дәнді дақылдар 200,1 мың тонна, оның ішінде күріш 53, 9 мың тонна, жем азықтық, көкөніс, бақша дақылдары 178,5 мың тонна. Сонымен қатар, жыл сайынғы суарудағы су тапшылығынан ауыл шаруашылығың шығындары 13,5 млн. АҚШ долларына бағаланады. Қысқы және көктемгі уақыттарда төменге су жіберуді реттеу арқылы су тасқыны мен су басудан болатын 0,2…2 млн. АҚШ доллары шамасындағы шығындарға жол берілмейді. Қысқы уақыттарда жинақталған және тұнған су, оларды тазалауға кететін басқа да шаралармен салыстырғанда 12…15 млн. АҚШ долларына дейін шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балық шаруашылығында аулау көлемі артып, 0,125…0,150 млн. АҚШ долларға дейін табыс артады.

- мамандардың есептеуінше, жобаның өтелу мерзімі 7- 10 жыл (есептеуге шекті уақыт 10 жылды аламыз.

- дисконттау коэффициенті – 8%.

Қаражататтарды ірі жобаларды бағалауға және іске асырудаға инвестициялау мимимальді тәуекелмен ұзақ уақытқа міндеттеледі. Әлемдік тәжірибеден байқалғандай, пайызы артқан сайын, алдағы жылдары ақшалай табысы кемуге әкелетіндіктен, 8-12 % шегіндегі дисконттау коэффициенті қолданылады. Сонымен, Көксарай су қоймасы құрылысының эколого- экономикалық тиімділігін төмендегі формула бойынша есептеуге болады:



, (1)

Мұндағы: Э – су қоймасы құрылысынан тиімділік (экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тиімділік сомалары);

ПУ – Көксарай су қоймасы құрылысын салу арқылы алдын алған шығындар мен залалдар экономикалық тиімділік ретінде алынады. Сонда, (2000 жылдан бері неғұрлым байқалған) 2004 жылғы залал сомасы 330 млн. тенге немесе 2,5 млн. АҚШ доллары шығын статьясы экономикалық тиімділік ретінде есепке алынды.

З – су қоймасы құрылысының құны;

ЕЭЗ – жыл сайынғы эксплуатациялық шығындар;

r – дисконттау коэффициенті.


Кесте 3 – Көксарай су қоймасы құрылысының эколого-экономикалық тиімділігі есебі

Жылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Тиімділік

көрсеткіші



0,24

0,4

0,6

0,7

0,8

0,9

0,99

1,04

1,07

1,07

Ескерту – экономикалық әдебиеттер негізінде

Сонымен, кестеде берілген мәліметтер бойынша формула негізінде уақыт факторын ескере отырып есептеліп, аталған жобаның тиімділігі мен мақсатты қажеттелегі айқындалады, яғни салынған қаражаттар сәйкес уақыт бірлігінде экономикалық тиімділік береді. Су қоймасы құрылысына қражат салынғаннан кейін 8 жылдан бастап эколого-экономикалық тиімділік 1-ден жоғары болады және дисконтталған шығысқа қарағанда, дисконтталған кіріс артады.

Жылдар аралығында дисконтталған таза табысты таза пайданы дисконттау коэффициентіне көбейту арқылы анықтауға болады. Кесте мәліметтері бойынша уақыт факторын ескере отырып есептелген 267,2 млн. АҚШ доллары 192,92 млн. АҚШ долларына дейін төмендеді. Сәйкесінше, пайыздық ставка немесе дисконттау коэффициенті таза табыс шамасына әсер етеді.

Жылдар арасында теңдей бөлінген болашақ таза табыстың уақытылы құнын есептеу үшін рента коэффициентін қолдануға болады. Болашақ таза табыстың уақытылы құны уақытылы құннан қаржылық салымдардың айырмасы арқылы есептеледі:

33,4 5,7456 – 138,45 = 53,45 млн. АҚШ долл.

Болашақ таза табыстың уақытылы құны су қоймасына салынатын инвестиция көлемі айқындайды. Егер қаражат салымдарының көлемі болашақ таза табыстың уақытылы құнынан артық болса, онда су қоймасы құрылысының мәні кете бастайды. Егер де болашақ таза табыстың уақытылы құны қаражат салымдарынан артық болса, онда құрылыс экономикалық жағынан тиімді болғаны.

Қазақстан тарапынан осы мәселелерді реттеу тұрғысында Халықаралық су энергетика консорциумын құру туралы ұсыныс енгізіліп, оның тұжырымдамасы да әзірленіп қойды.

Қазақстанға ағып келетін өзендердің көпжылдық маңыздылығын орташа есеппен бағаласақ, соңғы 30 жылда жылына 25,3 текше шақырымға азайғаны байқалады (жергілікті сулар бойынша – 10,3, трансшекаралық сулар бойынша – 15,2). Бұл ауа райының ұзақ мерзімді болжамының өзгеруіне сәйкес келеді. Трансшекаралық ағып келетін сулар азаяды деген болжамдарды ескергенде 2020 жылға қарай республикада су ресурстарының әрі қарай азаюы жылына 86 текше шақырымға дейін жетпек. Жерасты су көзі әдетте ірі өзендердің бассейніне жинақталған. Бұл жер үсті ресурстарымен тығыз гидравликалық байланысы бар екенін көрсетеді. Сондықтан да оларды пайдалану келісілген түрде жүзеге асуы керек: бір “элементті” шамадан тыс пайдалану екіншісінің жағдайына міндетті түрде әсер етеді. Табиғи-климаттық факторды да естен шығаруға болмайды. Гидрометеорология, гидрология мен су ресурстарын пайдалану мәселелері біртұтас дүние ретінде қаралуы керек. Су нысандары ахуалын шынайы біліп отыру үшін жоспарлы түрде мониторинг жүргізілуі. Ол суды қауіпсіз пайдалану және қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін қажет.


Қазақстан



Өзбекстан

Тәжікстан

Қырғызстан






Халықаралық су-энергетикалық консорциумы








ҚР трансшекаралық өзен су ресурстарын басқарудың механизмін жасау






- лицензиялау (рұқсат беру) тұрып қалған және ластанған су көлемін ағызып жіберуге ;

- лимиттау + материалды жауапкершілік (ластану лимиты тұрақсыз, оларды

қысқарту бағдарламасымен бірге қабылданады);

- квота бөлу, қайта бөлуді көздейді (өзара сату), лимитті арттыру мүмкіндігінсіз;

- «ластаушы төлейді» қағидасы кінәліге залал келтіру сомасын төлеуді міндеттейді;

- қаржылық несиелік ынтымақтастық

- Қайсыбір трансшекаралық мемлекеттің ынтымақтастықтан ауытқуы Сырдария өзені

су ресурсының экологиясын жақсарту есебінен жабылады









Механиз өзара төлемдер төлеуді емес, экологиялық проблемаларды шешу үшін жасалады







Арал теңізінің таяздану мәселесіне байланысты су ресурстарын келтіру







Сырдария бассейні елдері арасындағы

келісім шарттық қатынастар



Қазақстан және Орта Азияға сібір өзендері суларын жібері жобасын іске асыру

Сурет 2 – Орталық Азия елдері үшін трансшекаралық өзен су ресурстарын

басқарудың экономикалық механизмі
Қызылорда облысында қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша төмендегідей іс шаралар жүргізілді: елді мекендердің экологиялық тепе-теңдігін сақтау, көлдерді, жайылымдар мен шабындықтарды суландыру мақсатында каналдарды, су қашыртқыларын тазалау, су тоспаларын жөндеу және насос қоңдырғысын орнату жұмыстарына 2009 жылы 438,1 миллион теңге бөлінді, яғни, 2008 жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 4 есеге өсті, бұл қаржы есебінен ұзындығы 167,4 шақырым құрайтын 27 канал, 6,7 шақырым құрайтын 2 қашыртқы тазаланып, 9 гидроқұрылыс жөнделді, сонымен қатар елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз етуге 20 насос қондырғылары орнатылды, 2010 жылы осы мақсаттарға 304,9 миллион теңге, оның ішінде ұзындығы 134,66 км құрайтын 20 каналдар және 9 гидроқұрылыс жөндеуден өткізілді.

Трансшекаралық экологиялық проблемалар елдiң экологиялық қауiпсiз-

дiгiне нақтылы сыртқы қатер болып табылады, оларды шешу халықаралық

келісім-шарттар шеңберiнде көршiлес мемлекеттердiң бiрлескен iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.



ҚОРЫТЫНДЫ

1 Орталық Азияның басқа елдерімен қатар Қазақстан үшін де су ресурстары әлеуметтік-экономикалық дамуды анықтайтын негізгі факторлардың бірі ретінде экономикалық дамуы негiзiнен, территориялық - өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын, көпшiлiгiнде елдiң су қорларымен қамтамасыздығына тәуелдi. Су ресурстарының құндылығын айқындау және оларды сақтау үшін бірнеше компоненттерден тұратын экономикалық, құқықтық, саяси аспектілермен толықтырылған басқару механизмі ұсынылды.

2 Әлемдегі көптеген мемлекеттер сияқты Қазақстан да СРИБ қағидалары мен тәжірибесін пайдалану арқылы су ресурстарын тиімді басқару туралы міндеттеме қабылдады. Су ресурстары бойынша комитеттің қол астындағы 8 бассейіндік су шаруашылық басқармасы өзен бассейіндерінің деңгейінде су ресурстарын бақылауды қамтамасыз етеді. Елдегі табыстың деңгейі мен экономикалық сектодағы судың шығындалуы арасында тікелей тәуелділік бар. Су ресурстарын басқару мехенизмін жетілдіру мақсатында ҚР шетел тәжірибесін тиімді пайдалануы қажет.

3 Трансшекаралық өзендерді әділ әрі ұтымды пайдалану мәселелерін шешу - Қазақстан сыртқы саясатының басым міндеттерінің бірі. Өңірдің тұтас алғанда алдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі көп жағдайда мемлекеттердің суға қатысты қарым-қатынасының дамуына байланысты. Қазақстан су қорларының саласында өзінің көршілері Қытай, Ресей, Қырғызстан және Өзбекістан сияқты елдерден елеулі тәуелділікте болып отыр. Су қорының күрделі жағдайына байланысты Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарын қамсыздандыратын Сырдария өзенінде қосымша Көксарай су қоймасын салынды.

4 «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының экономикалық-экологиялық тұрғыдағы тиімділігіне талдау жасар болсақ, Арал ауданы бойынша 2010 жылдың 1 шілдесіне 299 ауыл шаруашылығы құрылымдарында 40019 бас мүйізді ірі қара, 151213 бас қой мен ешкі, 16643 бас жылқы мен 19012 бас түйе малы бағылып, күтілуде. Әр 100 аналыққа 107 қозы-лақ, 73 құлын, 44 бота, 73 бұзау алынып отыр. 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 346 басқа, уақ мал 1798 басқа, жылқы 290 басқа, түйе 37 басқа көбейді. Мал шаруашылығы саласында өндірілетін өнім көлемі ұлғая түсуде.

5 Қызылорда облысы Сырдария өзенінде су тасқыны салдарларын жою бойынша атқарылған жұмыстар шығыны сараланып, Сырдария өзенінде Көксарай су реттегіші құрылысының маңызы дәлелденді. Сонымен, ел ішінде су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану үшін интеграцияланған басқарудың ұлттық жоспарын қабылдау керек және тұтастай оңалту жұмыстарын, қолданыстағы су шаруашылығы инфрақұрылымын жетілдіру қажет. Жаңа су үнемдеу технологияларын, өндірістік үрдістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгіз керек. Су қорын пайдалану және қорғау инфрақұрылымын дамыту үшін жеңлдетілген несиелер беру жолдарын қарастыру керек.

Диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:

1. Трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдалану //«20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясы. - Қызылорда, 2012ж.

2. Су ресурстарын пайдаланудың трансшекаралық мәселелері // «Жаһандану жағдайларындағы тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы және бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік коференция материалдыры. Қарағанды, 2012ж.
РЕЗЮМЕ

Нурмаганбетова Альбина Курмангалиевна


Развитие управления водными ресурсами трансграничных рек
Предмет и объект исследования. Предметом исследования является процесс управления водными ресурсами Республики Казахстан.

Объектом исследования являются водные ресурсы трансграничных рек Республики Казахстан.

Цель диссертационной работы заключается в теоретическом обосновании управления водными ресурсами трансграничных рек РК и разработка научно-практических рекомендаций.

Теоретической и методологической основой исследования выступают рабочие программы и проекты международных организаций в сфере водных ресурсов, Стратегия развития «Казахстан-2030», региональные программы по водообеспечению, законодательные и нормативные акты Республики Казахстан, отчеты Комитета по водным ресурсам МСХ РК, статистические данные Агентства Республики Казахстан по статистке, годовые отчеты Арало-Сырдарьинского бассейнового водохозяйственного управления.

Научная новизна диссертационной работы заключается в следующем:

- обобщены теоретические основы трансграничных процессов и предложена классификация трансграничных объектов, обоснованы роль и значение водных ресурсов трансграничных рек для экономики страны;

- на основе изучения мирового опыта развития трансграничных процессов и современного положения, сложившегося в Республике Казахстан, обоснованы предпосылки и направления к стимулированию долгосрочного сотрудничества государств-участников;

- разработан экономический механизм управления водными ресурсами трансграничных рек для стран Центральной Азии;

- произведен расчет эколого-экономический эффективности строительства контррегулирующего Коксарайского водохранилища.

Апробация работы. Основные научные результаты исследования докладывались на международной конференции и в научных изданиях.

SUMMARY
Nurmaganbetova Albina Kurmangaliyevna

Razvitiye of water resources management of the cross-border rivers
Subject and object of research. An object of research is management of water resources of the Republic of Kazakhstan.

Object of research are water resources of the cross-border rivers of the Republic of Kazakhstan.

The purpose of dissertational work consists in theoretical reasons for water resources management of the RK cross-border rivers and development of scientific and practical recommendations.

As a theoretical and methodological basis of research working programs and projects of the international organizations in the sphere of water resources, development Strategy «Kazakhstan-2030», regional programs on water supply, legislative and regulations of the Republic of Kazakhstan, reports of Committee on the RK water resources, statistical data of Agency of the Republic of Kazakhstan on the mute, annual statements of an Aralo-Syrdaryinsky basseynovy water economic board act.

Scientific novelty of dissertational work consists in the following:

- theoretical bases of cross-border processes are generalized and classification of cross-border objects is offered, the role and value of water resources of the cross-border rivers for national economy are proved;

- on the basis of studying of world experience of development of cross-border processes and the modern situation which has developed in the Republic of Kazakhstan, preconditions and the directions to stimulation of long-term cooperation of the participating states are proved;

- the economic controling mechanism water resources of the cross-border rivers for the countries of Central Asia is developed;

- it is settled an invoice ekologo-economic efficiency of construction of a counterregulating Koksaraysky water storage basin.

Work approbation. The main scientific results of research were reported at the international conference and in scientific editions.

Басуға 22.04.2012ж. қол қойылды.

Пішімі 60х94 1/16. Офсеттік қағаз.

Офсеттік басылым. Көлемі 1,0 б.т.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ баспаханасы

Қызылорда қ., Әйтеке би к., 29А







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет