О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет10/37
Дата03.12.2023
өлшемі4.58 Mb.
#485237
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Кешірдім????

Реніш деген не?
Кешіру дегеніміз – қоштасу
Р
еніш – негативті әсер, сезім. Ол мидың импульсінің 
әсерінен «күн тұтылған» аймақтарда пайда 
болады. Әуелі ол санада пайда болады, бұл жерде 
жан дүниенің еш қатысы жоқ. Реніш менмендіктің 
әсерінен қалыптасады. Оның пайда болғанын өзіңді 
өзгелермен салыстыра бастағаннан аңғаруға болады: 
«онда бар, менде жоқ», «оның жағдайы менен 
әлдеқайда жақсы». Бұл сөздер менмендіктің пайда 
болғанын көрсетеді, яғни өзгенің қолында пайда 
болған дүние қашанда жақсы болып көрініп, өз 
өмірінің кереметін көре алмау. 
Менмендіктің артықшылығы сол, өзгелердің 
материалдық жағдайын, сырт келбетін, рухани халін 
көреді де, өзінен жоқ дүниелерді ғана байқайды.
Осы кезеңде қызғаныш пен көреалмаушылық деген 
сезімдер ортаға шығады. Ренжіген адам үнемі барлық 
нәрсені жасауға құқылы бола тұра шеттетілемін 
деп ойлап жүреді. Айналасындағылар оған дұрыс 
қарамайды, ал қарсыласы басқаларды сыйлап, жақсы 
көреді деген түсінікпен өмір сүреді. Алайда бұл өзін 


Кешірдім
34
бөлектеудің нәтижесі, бірақ ақылға қонымсыз әрекет 
болмақ. Ақыр соңында адам өзінің оқшауланып 
қалғанынан жапа шегетін болады.
Реніштің психосоматикасы 
Егер адамда ескі реніштері болса, 
мынандай 
мәселелерге 
ұшырайды: 
• ұйқы безінің зақымдануы (ренішке тез бой 
алдыратын адамдарда); 
• жүрек ауруы (жас ұлғайған кезде инсульт 
пен инфаркқа ұшыратуы мүмкін); 
• қантамырлардың 
зақымдануы, 
қан 
қысымның 
жоғары 
болуы, 
• өт жолы аурулары; 
• сезім мүшелерінің ауруы және тағы 
б а с қ а л а р . 
Реніштің физикалық көрінісі созылмалы болған 
жағдайда, тіпті кішкентай ғана келеңсіздіктің өзі 
денсаулыққа айтарлықтай зақым келтіруі мүмкін. 
Қызғаныш пен реніш қосылған кезде онкологиялық 
ауруға шалдықтыруы мүмкін, ал әйел адамдарда сүт 
безінің ауруы пайда болады. Егер ренішпен жұмыс 
жасалмайтын болса, адам ондай мәселелерге жол 
бергісі келгені деген сөз, ондай жағдайда қанша 
емделсе де дертінен арыла алмайды. Яғни, мұндай 
iqup


iqup
35
жағдайда, ең алдымен, реніштің себебін анықтап алу 
керек. 
Кешіре білу - адам бойындағы маңызды қабілет. 
Өте қиын жағдай реніш пен ашудың біріккен 
кезінде болмақ, ондайда адам бүкіл әлемді жек көріп, 
өзінің сәтсіздіктеріне айналасындағыларды кінәлап 
отыратын болады. Мұндай жағдайда адам жағдайдың 
қиындығына қарамастан, адамдардың демеуінсіз 
жеткен жетістіктерін қалай әңгімелейтініне назар 
аудару керек. 
Өкпелі адам мәселенің негізгі себебін іздегісі 
келмейді, сондықтан барлық зейінді өзіне аудартады. 
Реніштен қашу үшін өзіңнен және уайымдарыңнан 
біраз алыстау керек те, ренжіткен адамды жеке 
тұлға деп қарап, оның да қателігі мен кемшілігі 
барын мойындау керек. Өзіңізді ренжіткен адамның 
орнына қойып қараңызшы, сонда ренжудің түкке 
қажет емес екенін әрі ренжи отырып ешкімді өзгерте 
алмайтыныңызды түсінесіз. 
Өкпе несімен қауіпті әрі онымен қалай күресу керек? 
Өмірде ренжіте алмайтын, ызаландыра алмайтын, 
қорлай алмайтын адамдарға жолыққан шығарсыз. 
Кішкене ғана ескерту жасай алмайтын адамдар 
болады, көпшілік оларды ренжіту «шыңмен немесе 
сарқырамамен күресумен тең» деп айтады. Олар не 
сонда? Тума оптимист талант па әлде жылдар бойы 
шынықтырылған күшті иммунитет пе? Ондай адамдар 


Кешірдім
36
сыйлы болады, кейде оларды қызғанып жататындар 
да жиі кездеседі. Сыртынан «осы темір ме, ауырмайды 
екен»,- деген сөздерді де естіген боларсыз. Денсаулық 
демекші, ондай адамдарды бекер қызғанбайды. Барлық 
адам интуициясымен сезе алатын қабілетке ие, олай 
болса біздің денсаулығымыз ішкі дүниеміздің халіне 
қарай жұмыс жасайтынын ұмытпау керек. Дені саудың 
жаны сау немесе керісінше! 
Әрқайсымыз өмірде бір рет болсын ренжіген 
адамдармыз. Бір рет болса, сол жақсы болар еді! Тіпті 
кейде байқамай, осы күйге еніп кетіп жатамыз. Өзімізге 
ренжиміз, тағдырға налимыз, көбінесе айналамыздағы 
жандарға өкпелейміз. Тіпті өкпе мен реніш денсаулыққа 
зиян деп айтылып жатса да мән бермейміз. 
Бауырдың қабынуы мүлде ішімдік ішпеген адамда 
кездесер болса, ата- анасына деген бала күнгі өкпесінен 
пайда болғаны. Ал үнемі қатты ренжіп, өзін іштей жеп 
жүретін адамды рак секілді дертке шалдықтыратыны 
анықталған. Бұл деген адамның ағзасы іштей мүжіледі 
дегенді білдіреді. Олай болса, реніш пен өкпені «өзін 
жеу» деп айтсақ, артық айтпаған боламыз. 
Реніш - адамның іштей жұтатын қайғысы. Кешіре 
алмайтын адамның іші бұзылады. Олай болса, не үшін 
ренжи береміз? Ешкім өзіне жамандық қаламайтыны 
белігілі, біз «ендеше не істеуіміз керек», «бұл сезіммен 
қалай күресеміз» деген сұрақтардың жауабын 
білмейміз. Олай болса, өзімізбен-өзіміз сұхбаттаса 
отырып бұл сезімді түсініп көруге тырысайық. Бұл сезім 


iqup
37
ақыры бізді еркімізден айырады екен, өмір сүруге 
кедергі болады екен, жағымды әсерден ләззат алуға 
кедергі келтіреді екен, олай болса бәлкім, бұл артық 
сезім шығар? Ішіміздегі жараларды реттеп, өткенді 
сараптап жүріп, уақытымызды босқа кетіріп аламыз. 
Ең алдымен, мына нәрсені түсініп алуымыз керек. 
Ренжіген адам өзіне жасалған әділетсіздіктің көзін 
жоюдың жолдарын іздей бастайды. Оған неғұрлым 
қатты ренжіп, уайымдай беретін болса, соғұрлым 
тезірек тылсым бір өзгерістер болып, оның осы 
жанкештілігіне сыйлық берілетіндей болып тұрады. 
Бірақ ешқандай сый мен құрмет болмайды, күтпеңіз. 
Өтіп кеткен реніш пен өкпе — болып қойған жағдайға 
қарсылық таныту, алайда ол сәтті кері қайтара 
алмайсың. Олай болса, бос уайымнан ешқандай логика 
көріп тұрған жоқ шығарсыз? Өткенмен күресудің мәні 
бар ма? Өткенді өзгерте алмайсың, олай болса өткенмен 
күресуге жұмсалған барлық энергия өзімізді мүжу мен 
саулығымызға тигізген зиянымыз ғана болмақ. Міне, 
өкпе мен реніш құрдым мен уайымға апаратынын 
түсінген кезде, өзіңіз-ақ осы бір сезімді басқаруға күш 
саласыз. Ол сезім өзіңіздікі ғой, сізден шығып жатыр. 
Оны қай кезде өшірсеңіз де, өз еркіңізде. Кейде өзіңді 
сыйлау, өзіңді қадірлеу деген қарапайым ұстанымның 
да көмегі көп болады. 
Бұл мәселені үнділік данагөй Ошо былай жеткізген: 
«Әлдекім бір тетікті басып қалады, біз мақтанға семіріп, 
үрленіп кетеміз, басқа тетікті басқанда желіміз шығып, 


Кешірдім
38
ренжіп қаламыз. Біреудің сені басқарғаны өзіңе ұнай 
ма? Осы сұрақ адамды ойландырып, «өз өмірімнің 
қожайыны өзім, өзімнің сезімімді өзгенің басқаруына 
жол бермеймін» деген шешім қабылдауына түрткі 
болатын жалғыз факт. 


iqup
39


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет