Кешірдім
18
Сынайтын,
бағаламайтын,
немқұрайлы
әке
баласының таланты мен жетістігін мойындай алмайды,
ал баласы болса өмір бойы кемсітілген, мойындата
алмаған адам болып өмір сүреді. Мейлі көптеген
жетістікке жетсе де сол түсінікпен қалады.
Ондай
адам айналасынан өзін мойындайтын адамды іздеп,
алдынан шыққан беделді адамға жағымпазданып
жүретін болады.
Өкінішке орай, ондай адамдардың қайта-қайта
салы
суға кете береді, өйткені оның ішіндегі
бостықты ешкім толтыра алмайды. Ол бостықты бала
күнінде әкесі, ал өскенде өзі ғана толтыра алады.
Өскенде өзін-өзі толтыру деген нұсқа үлкен ерлік пен
руханиятпен жұмыс істеуді талап етеді деп айтуға келе
ме? Оған көп жыл кетуі мүмкін, ол үшін жаныңның
жарасымен
бетпе-бет келіп, осы бір жағымсыз сезім
жан дүниеңде қаншалықты дәрежеде жиналып қалған
болса, соншалықты дәрежеде бастан қайта кешіруге
тура келеді. Содан кейін ғана барып бос қалған
психологиялық кеңістікті өзін мойындау, өзін бағалау
мен өзін сыйлау деген
ұғымдармен толтырып тастау
керек.
Қыз бала мен әке арасындағы қарым-қатынас
өте маңызды, өйткені бұл оның болашақ жарымен
жасайтын қарым-қатынасына әсер ететін болады.