Тониктер ТУ У 30226215.001-2000 «Спиртсіз лосьондар (то-
никтер)» талаптарына сəйкес бақыланады. Органолептикалық жəне
физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша лосьондар 7-кестеде
келтірілген талаптарға сəйкес болуы қажет.
7-кесте
Тониктер сапасының көрсеткіштері
Көрсеткіш атауы
Сипаттамасы мен нормасы
Сырт келбеті
Біртекті мөлдір немесе жеңіл қоюландырылған сұйық-
тық, шөп тұндырмасы жəне басқа да биологиялық бел-
сенді заттары бар лосьондар мардымсыз туындысы
болғанда ғана шығарылады.
Түсі
Лосьонның атауына тəн
Иісі
Жағымды, сол атаулы лосьонға тəн иістендіргіш
Сутекті көрсеткіш, рН
3,0-8,5
Құрғақ қалдық, г 0,3-1,5
Лосьондарды сақтаудың кепілдік мерзімі – 12 ай, тониктер –
дайындалғаннан бастап 6 ай.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Гомогенді дисперсті жүйелер сипаттамасы.
2. Сұйық косметикалық құралдардың теріге əсер ету ерекшеліктері.
3. Косметикалық құралдардың топтастырылуы.
4. Косметикалық лосьон рецептурасында
пайдаланылатын биологиялық
белсенді жəне қосымша
заттардың топтастырылуы, номенклатурасы жəне
сипаттамасы.