4
КІРІСПЕ
Косметиканың кейбір бағыттары.
Косметикада қолданылатын коллоидтық химиялық
құбылыстар мен түсініктер
Адамзат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын химияны қол-
данып, кейбір табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажеті-
не пайдалана білген. Бірақ ол кезде химияның сыры құпия бола-
тын, ол өз алдына ғылым болып қалыптаспаған-ды.
Косметика гректің тəртіп деген сөзінен шыққан. Адамзат қоға-
мы ғасырлар бойы косметикалық құралдар ретінде табиғи заттар:
шайырлар мен бальзамдар, битум мен май эфирлерін,
мал майы
мен белокты заттарды, бояулар жəне əк сияқты қосылыстарды қол-
данып келген. Гигиеналық жəне косметикалық заттарды ежелгі
заманнан қолданады. Оны көптеген археологиялық ізденістердің
нəтижесінде табылған артефактылар; жануар майы мен ағаш күлі-
нен жасалған сабындар, жануар жəне өсімдік майларының қоспа-
сынан табиғи иістендіргіштер мен бояғыш заттардан тұратын
далаптар, дене мен шашты əрлендіретін бальзамдар дəлелдейді.
Косметика туралы алғашқы кітап
біздің эрамыздан бұрын
V ғасырда папирус қағазына жазылған болатын. Ол кітапта көбінесе
көрік беру үшін адам денесін қалай күту керек екендігі баяндалған.
Көне дəуірдегі Египетпен қатар ертедегі Грекия елі де əдемі-
лік, тазалық, жастық қалыпты сақтауға ерекше көңіл бөлген. Олар
көптеген рецепттерді қолданған. Косметикалық заттарды іздестіру
мыңдаған жылдардан бері эмпирикалық жолдармен жүзеге асыры-
лып келсе, ол химияның үрдіс дамуымен байланысты. Ежелгі Рим
дəрігері Галлен медициналық косметикаға арнап трактат жазған,
əйгілі философ Ибн Синаның еңбектерінде де косметикаға көп
көңіл бөлінген.
Бүгінде химия халық шаруашылығының барлық салаларында,
күнделікті тұрмысымызға кеңінен қолданылып отыр. Жедел қар-
қынмен дамып келе жатқан үлкен бір сала косметика саласы болып
табылады.
Қазіргі заманда косметикалық заттарды өндіру жаңа иннова-
циялық технологияларды талап ететін көп салалы өндіріске жата-
ды.
Косметикалық өндіріс дегеніміз – ғылыми зерттеулер, химя-
лық өндіріс, композицияларды құрастыру, дайын өнімді сату жəне
5
жарнама. Тек осы сатылардың барлығының бірігуі нəтижесінде
жоғары сапалы косметикалық өнім шығаруға болады. Казіргі
уақытта тұрмыста қолдануға химиялық жеке заттардан, құрамы
екі-үш немесе одан да күрделі заттардан тұратын əртүрлі қасиеті
бар косметикалық препараттар шығарылады. Соңғы жылдары
косметикалық заттардың ассортименті едəуір кеңейіп барады. Бұл
жағдай,
бір жағынан, химия өнеркəсібінің дамуымен байланысты
болса, екінші жағынан, халықтың тұрмыс жағдайының жоғарылап,
тұтынушылардың сапалы бұйымдарға сұранысының күннен-күнге
өсуімен байланысты.
Кез келген косметикалық зат құрамына бірнеше химиялық
қосылыстар кіретін күрделі композиция болып келеді.Сондықтан
мұндай қоспаларды алу кезінде олардың арнайы əсер етуіне де,
адам организміне залалсыздығына да ерекше назар аудару керек.
Бұл факторларды, ең алдымен, косметика
заттарын сараптауда
есепке алады.
Косметикалық заттардың көбі дисперстік жүйелерге жатады.
Дисперстік жүйелердің негізгі ерекшелігі – дисперстік фаза бөл-
шектерінің дисперсиялық ортадағы шекті ерекшелігі – ерігіштігі
осы қоспаларда ерекше байқалады. Мысалы, эмульсия мен сус-
пензиялар – сұйық/сұйық жəне сұйық қатты сынды ірі дисперсті
жүйелер. Ал пасталар 25-80 % қатты бөлшектерден тұратын кон-
центрленген суспензиялар. Кремдер болса, кері эмульсиядан тұра-
ды, яғни дисперсті ортасы май боп келеді. Косметика саласының
негізі – косметикалық препараттар дайындап шығару.
Кез келген косметикалық затты өндіру негізінде биохимиялық
жəне химиялық процестер жатыр. Косметикалық өндірістегі хи-
миялық құбылыстардың ішінде коллоидтық
процестердің алатын
орны да ерекше. Осындай коллоидтық химялық құбылыстарға
тоқтала кетейік.
Беттік керілу. Сұйықтықтың беті жұқа жəне серпімді қабық
тəрізді болып келеді. Бұл беттегі молекулалардың беттік керілуі ар-
қылы ішке қарай тартылады. Бұл күш сұйықтық бетінде молеку-
лаға əсер ететін компенсацияланбаған молекула аралық тартылыс
күші нəтижесінде пайда болады. Бұған қарағанда молекулаға
сұйықтық ішінен əсер ететін молекула аралық тартылыс күші
толықтай теңеседі (1-сурет).
Беттік керілу нəтижесінде су бетін жұқа сулы қабыршық
күйінде жаппай сфера тəрізді тамшы түзеді. Беттік керілуді төмен-