О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет58/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82
химия рус (1)

10.1. Шампуньдардың жіктелуі
Құрамына қарай: 
– синтетикалық бетті-белсенді заттар негізінде;
– сабын негізінде;
– сабын мен БАЗ негізінде;
Шығару түріне қарай:
– сұйық; 
– крем тəрізді; 
– гель тəрізді; 
– ұнтақ тəрізді;


147 
– аэрозольді. 
Тағайындалуына қарай: 
– гигиеналық; 
– емдік – профилактикалық арналуы;
– декоративті. 
Сұйық шампуньдар белсенді жуғыш заттардың сулы ерітінді-
леріне – сурфактанттар (бетті-белсенді зат (БАЗ) 10-нан 30%-ға 
дейін) түрінде болады. Қазіргі таңда крем тəрізді жəне гель тəрізді 
шампунь кеңінен таралған, олар косметикалық тиімділігі, қолдану 
мен мөлшерінің ыңғайына қарай зор тұтынушыларға ие. 
Көптеген ұнтақ тəрізді шампунь, негізіне, адсорбция салдары-
нан шашты майсыздандыруға əкеліп соқтырады, бұндай шампунь-
дарды ұзақ уақыт пайдалануға болмайды, өйткені ол қайызғақтың 
пайда болу себебіне айналады. Кейбір ұнтақ тəрізді шампунь-
дардың құрамында БАЗ болады жəне оларды қолданбас бұрын 
сулы ерітіндісін дайындауды талап етеді. 
10.2. Көбікті жуғыш косметикалық өнімдердің 
 құрамындағы БАЗ-дың сипаттамасы, номенклатурасы, 
функционалдық тобы 
 
Шампуньның негізгі құрамы беттік-активті заттар болып 
келеді. Олар полярлығына байланысты: анионды беттік-активті 
заттар (АБАЗ), катионды беттік-активті заттар (КБАЗ), амфотерлі 
беттік-активті заттар жəне ионогенді беттік-активті заттар. БАЗ 
диссоциаланғанда суда беттік-активті анион жəне гидратталған 
катион мысалы – сілтілік металл катионы. 
Шампуньда негізгі өнім – сульфонат қолданылады. Суль-
фонаттың ішінде С
12
(лаурил) туындысы 
(лаурилсульфонаттар, 
олардың натрий, магний аммоний тұздары). Бұл заттардың бəрі 
жоғары функционалды қасиет көрсетеді, бірақ тері бетіне 
тітіркендіргіш əсер етеді. Қазіргі жаңа өндірісте кеңінен қолдана 
бастаған өнім – сульфоянтар қышқылдарының туындысы. Бұл зат 
шаштың кератиніне, бас құйқасына жұмсақ əсер етеді жəне майда 
дисперстік көбік түзілуіне əсер етеді. 
Қазіргі заманауи кезде көбіктүзуші өнім ретінде көбінесе суль-
фоянтар қышқылының полиэфир тұзы сульфоукцинаты қолда-
нылады. Бұл зат шампунь, көбіктүзгіш сусебілгіге арналған негізгі 


148 
қоспасы болып табылады. Сонымен қатар жəне саркозиндер, калий 
сабыны, кокос алкил майлы қышқылының ди жəне триэтанолам-
моний тұзы қолданылады.
Соңғы кезде калий сабыны сирек қолданылады, себебі құра-
мында калий бар сабындар дерматологиялық индифферентті емес-
тігінде суда сілтілік ерітіндінің рН -10. 
Синтетикалық беттік активті заттар қолданылады. Алкил-
сульфат, алкилэтоксисульфаттар косметикада көп қолданылады. 
Сұйық шампуньдар алу үшін үшэтаноламин алкилсульфаты 
қолданылады. Ал алкилсульфаттың натрий тұзы суда нашар ериді 
сондықтан ұнтақ, паста түрдегі шампуньдар алу үшін қолданы-
лады. 
КБАЗ функционалдық қасиеті төмен болған мен антистатика-
лық, зарарсыздандырушы əсер етуіне байланысты қолданылады. 
КБАЗ кератинде жоғары дəрежеде адсорбцияланып, шаштың
сипатына байланысты теріс зарядты бейтараптайды. 
Амфотерлі БАЗ өз құрылымында гидрофильді, гидрофобты 
топтан тұрады. Сондықтан сілтілік ортада АБАЗ, қышқылдық ор-
тада КБАЗ қасиетін көрсетеді. 
Неионогенді БАЗ туындысы этилен тотығының оксиэтилден-
ген алифатты спирттер, алкилфенолдар, алкилоамидтар,сахароза, 
мальтоза жəне басқа қанттардың эфирлері. 
Қазіргі шампуньдардың компоненттері ретінде алифатты қыш-
қылдың алкилоамиды: синтетикалық, өсімдік жəне жануар өнім-
дерінен алады. Ең көп диэтаноламиды, моноизо-пропаноламиді. 
БАЗ теріні жұмсартады, көбікті тұрақтандырады жəне АБАЗ-дың 
сулы концентратын төмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет