О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


 Сабындардың физикалық-химиялық



Pdf көрінісі
бет66/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
химия рус (1)

11.3. Сабындардың физикалық-химиялық
қасиеттері жəне олардың сапасына қойылатын талаптар 
Майлардың (майды алмастырушылардың) жəне сабынды өн-
діру үшін пайдаланылатын сілтінің құрамына, ондағы май 
қышқылды тұздардың болуына байланысты, жоғарыда айтылған-
дай, сабын қатты, сұйық немесе крем тəріздес болуы мүмкін. Қат-
ты май қышқылдарынан қатты сабындар шығады, ал сұйық май 
қышқылдарынан жұмсақ крем тəріздес сабындар жасалады. 
Калийлік сабындар натрийлік сабындарға қарағанда жұмсағырақ 
консистенцияға ие. 
Сусыз сабындар 225-270 °С еру температурасына ие. Сабын-
ның құрамындағы су еру температурасын төмендетеді, 60 %-ға 
дейін май қышқылдары бар иіс сабындар 100 °С төмен темпера-
турада ериді. 
Сабындар гигроскопиялық болып табылады, калийлі сабын 
натрийлі сабынға қарағанда жəне қанықпаған қышқылдың сабын-
дары қаныққандарға қарағанда көбірек гигроскопиялық болып 


169 
келеді. Суды жұта отырып, сабынның көлемі өседі, ісінеді. Ісіну 
жылу бөлінумен бірге жүреді, ол өзін-өзі жылытуды түсіндіреді, ол 
кейде құрғақ сабын жоңқасына судың тамуы кезінде немесе құрғақ 
жəне дымқыл сабын жоңқасының қоспасын сақтаған кезде байқа-
лады. Кей кезде сабын жоңқасының өзін-өзі жылытуы оның 
күюіне немесе жануына алып келеді. 
Судың қажетті түрде үлкен көлемінде сабын ери алады. Əр 
түрлі қышқылдардан жасалған сабындардың еруі бірқатар фактор-
ларға байланысты. Төмен молекулалық қышқылды сабындар, жо-
ғары молекулалық қышқылды сабындарға қарағанда, суда тезірек 
жəне көбірек ериді. Жоғары молекулалық қышқылды сабындар-
дың ерігіштігі одан төмен молекулалық қышқылды сабындардың 
болуы кезінде бірнеше ретке жоғарылайды. Қанықпаған қышқыл-
дардың сабындары қаныққан қышқылдардың сабындарына 
қарағанда жақсы ериді. Стеариндік сабын суда тек 70 °С жəне одан 
жоғары температура кезінде ғана ериді. Сонымен қатар олеин 
немесе басқа да майлы қанықпаған қышқылдарының сабынмен 
қоспасында стеариндік сабын бөлме температурасы суында айтар-
лықтай оңай ериді. Нафтендік жəне шайырлық қышқылдардың 
сабындары бөлме температурасындағы суда жақсы ериді. Калийлік 
сабындар натрийлік сабындарға қарағанда жақсы ерігіштік 
қасиетке ие. 
Иіс сабынның сапасына қойылатын талаптар. Қатты иіс 
сабынға, əдетте келесідей талаптар қойылады: 
– 
сабын бөлме температурасында қатты, жабысқақ емес, 
барлық беті бойынша біркелкі түсті, дақтарсыз болуы қажет; оның 
бетіне тұздар шығып тұрмауы қажет; 
– 
сабында органикалық заттардың бұзылуы, ашыған май-
лардың, балықтың жəне басқа да жағымсыз иістері болмауы қажет 
(60 %-дық сабында нафтендік қышқылдардың əлсіз иісі болуына 
рұқсат етілген); 
– 
иіс сабын ақтан крем тəріздес түске ие болуы қажет (боял-
маған сабындар үшін); немесе бөгде реңксіз ашық жəне таза 
түстерге біркелкі етіп боялуы қажет. 
Сабынның сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып 
ондағы май қышқылдарының болуы табылады (тұздар ретінде). 
Сақтау кезінде көптеген сабындар дымқылының бөлігін жоғал-
тады, осылайша оның салмағы да өзгереді. Тұтынушыға сабынның 


170 
белгілі бір анықталған көлеміне кепіл беру үшін кесектің 
салмағына қарамастан, нормативтік-аналитикалық құжаттамада 
қатты сабынның барлық түрлеріне көрсеткіш енгізілген – сапалық 
сан: бұл дегеніміз – сабын кесектеріндегі май қышқылдарының іс 
жүзінде болуы. Ол сабынның сол түрінде болуы қажет май қыш-
қылдарының пайыздық құрамына граммен өлшенген сабын кесегі-
нің нақты салмағын көбейтуден шығады. Мысалы, 400 г салмақты 
60 %-дық сабын кесегі үшін сапалық сан келесідей болады: 
;
240
100
60
400


250 г салмақты 72 %-дық сабын кесегі үшін – 
180
100
72
250


100 г салмақты 75 %-дық сабын кесегі үшін – 
75
100
75
100


Май қышқылдарының осы көлемі сол сортты сабындарда, 
олардың кебуіне қарамастан міндетті түрде болуы қажет. Ауыт-
қулар иіс сабын үшін 1-1,5 % жəне кір сабын үшін 2-2,5 % рұқсат 
етіледі. 
Нормативтік-аналитикалық құжаттамамен қатты сабыннан 
шығатын май қышқылдарының қоспаларының титрі шектеледі. 
Көптеген қатты сабындар үшін титр 34-42 °С шегінде. Сабынның 
титрінің төмендеуі оның еру жəне жуу жылдамдығының жоғары-
лауына алып келеді, бұл оны пайдалану кезінде сабынның көп 
шығындалуымен қатар жүреді. Титрдің жоғарылауы сабындардың 
ерігіштігін төмендетеді немесе сабын қолданылатын судың тем-
пературасын жоғарылатуды талап етеді, ал ол əрдайым мүмкін 
бола бермейді. 
Теріні тітіркендіретін еркін күйдіргіш сілтілердің көлеміне 
ерекше назар аударылады. Сондықтан да пилирленген иіс сабын-
ның құрамындағы еркін күйдіргіш сілтінің көлемі 0,1-0,03 %-дан 
аспауы қажет. 40 жəне 47 % май қышқылдарынан тұратын сабын-
да, оның қаттылығын жоғарылату мақсатында 2-3,5 %-ға дейін 
көмірқышқыл содасы енгізіледі. Иіс сабында көмірқышқылы сілті-
сінің көлемі 0,2-0,3 %-дан аспауы қажет. 
Сабындалмайтын органикалық заттар сабын сапасын төмен-


171 
дететін балласт болып табылады. Сондықтан да олардың көлемі аз 
болған сайын, сабынның тұтынушылық сипаттары жоғары болады. 
Иіс сабындарда сабындалмайтын заттардың көлемі 2%-дан аспауы 
қажет. Сабындарда дақтардың пайда болуына əкелетін тез ашитын 
сабындалмаған майдың болуы барлық сабындардың сапасын 
төмендетеді. Сондықтан да иіс сабындағы сабындалмаған майдың 
қалдығы май қышқылдарының салмағының 0,2%-дан аспауы 
қажет; иіс сабынның май қышқылдарының йодтық саны 55-60-тан 
аспауы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет