Кейбiр әрiптерi ғана көрсетiлiп, жасырын ойналатын геогра- фиялық ойын. Ол үшiн қағазға жұмбақтың кейбiр әрiптерi ғана жазылған тор көздерi жасалынады. Ойнаушы оған жетiспейтiн әрiптердi немесе сөздердi өзi қосуы керек. Мысалы, вулкандар- дың аттарын тауып жазыңыз:
Сан-Педро
Санфорд
Семеру
Сламет
Стромболи
Сөзжұмбақтар
Сөзжұмбақтарды құрастыру және онымен жұмыс жасау барлық сабақтарда, сабақтан тыс уақыттарда жүргiзiледi. Бұл ойын арқылы оқушыларды ұшқыр ойлауға, ой-өрiсiн дамытуға, шапшаңдыққа тәрбиелейдi. Мысалы, «Атмосфера» сөзжұмбағы. Географиядан 6-сыныпта «Атмосфера» тарауын қорытындылау барысында қолдануға болады.
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
Тiрi ағзалар тыныс алатын зат (ауа)
Жердiң ауа қабығы (атмосфера)
Ауа райының белгiлi бiр жердегі көпжылдық режимi (кли- мат)
Ауа ылғалдылығын жазатын құрал (гигрограф)
Желдiң түрi (муссон)
Желдiң бағытын көрсететiн құрал (флюгер)
Ауаның горизонталь бағыттағы қозғалысы (жел)
Теңiз жағасында түзiлетiн жел (бриз)
Жер бетiне сұйық күйде түсетiн су (жаңбыр)
Сөзжұмбақтарды барлық тарауларды қорытындылағанда, география сабақтарының тақырыптарын қайталау барысында, көптеген сабақтарда пайдалануға болады. Газет-журнал бетте- рiнде жарық көрген, мұғалiмнiң өздерi құрастырған және оқушы- лардың өздерi дайындаған түрлерiн қолданамыз.
Сөзтiзбек
Сөзтiзбектiң сөзжұмбақтан айырмашылығы ойын барысын- да бастапқы сөздiң соңғы әрпiнен келесi сөздiң әрпi басталады. Сөзтiзбектердi де әрбiр сабақты, тарауды қорытындылағанда, қайталағанда қолданамыз. Қазiргi таңда оқушыларды ұлттық тәрбие, салт-дәстүрлер негiзiнде тәрбиелеуiмiз қажет. Соның бiрi
Мысалы, «Қошқар мүйiз» оюына жасалған «Африка» сөз- тiзбегi. Африка тарауын өткенде пайдаланамыз.
Сөзтiзбектiң сұрақтары:
Африкадағы табиғат зонасының бiрi (Саванна).
Африкадағы өзен (Аух).
Тель-Атлас тауындағы шың (Хедиджа).
Африка материгiнiң солтүстiгiндегi мемлекет (Алжир).
Ұзындығы 800 км болатын Африкадағы өзен (Рувуша).
«Қошқар мүйiз» сөзтiзбегiн дұрыс шешкенде «Африка» сөзi шығады. Сөзтiзбектердi шеңбер, квадрат, үшбұрыш, т.б. геоме- триялық пiшiндерде құрастыра беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |